Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет65/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Көзінде біліктің сәулесі ұшқын шашып, дүниенің құпия сипатын ұққыш 
адамдар туралы және дәрменсіздерді мақтау-мадағының өршуі.
Халықтың көзін ашқан пенде-дана,
Үнемі отырады төрде ғана.
Ұғынған сурет сырын, өнер мәнін,
Қоздатар көкірегінде ел арманын.
Таныса әсемдікті қайталанбас,
Надан деп ешкім оны айта да алмас.
Тап басып хас шеберді бағаласа,
Ілтипат көрсетілер оған аса.
Жетесіз сұлулыққа сүйсіне алмас,
Нақыштың танауына исі бармас.
Аспаннан жұлдыз самсап қарап тұрар,
Бірақта пенде бар ма санап шығар?
Жайса да дастарқанын тоғыз қатар,
Көрінер ғарыш төрі көңілге тар.


455
Гүл-бақша сезіміңді еліктірер,
Ойыңа қанат бітіп, көрік кірер.
Нәзік гүл көкіректің құлпын ашар,
Өрнексіз тіршіліктің сұрқы қашар.
Жас шыбық биге басып ырғалады,
Өйтпесе нұрлы өмірден құр қалады.
Гүл тілін ұға білген құр қалмайды,
Тірліктен небір ғажап сырды аңдайды.
Дүние сәнді шаһар – бір кең сарай,
Пенделер еркін ойнап-күлген талай.
Рақат, ләззатына болсаң құмар,
Көзді арбап, мың құбылып тамсандырар.
Сырына қанған оның кім ғұмыры,
Жанарға шалынбайды нұрлы жібі.
Тұрса да көкірегін тіліп қайғы,
Үңіле білмегендер түк ұқпайды.
Тәңірі сәулесіз ғып құр жаратқан,
Не пайда отсыз көзден сүрме жаққан.
Жалғанның қызығына босқа алданба,
Қашанда бір тосқын бар асқан жанға.
Ақиқат табылмайды жар салғанға,
Алыстан іздеп оны сарсаң болма.
Біреулер Чиннен іздеп сабылады,
Бәлкім ол Мағрыбтан табылады.
Кім білсін Үнді елінде қағыс қалды,
Қызықтап түйеқұс, піл, тауыстарды.
Тынымсыз түйеқұсты шөлді кезген,
Оп-оңай кімдер, сірә, көрді көзбен.
Өмірдің бақыламай қас-қабағын,
Ешқашан жүзеге аспас бастағаның.


456
Алдымен өз даусыңа салмай құлақ,
Басыңа жалынсаң да қонбайды бақ.
Сиқырлы түрлі сурет тербейді жан,
Көрсоқыр топас қана бермейді мән.
Жүрегің елжіресін ішің жылып,
Айтайын мағынасын түсіндіріп.
Боласың кеткендей гүл-баққа кіріп,
Жатқандай інжу-маржан ақтарылып.
Көргеннің көңіліне шам жанғандай,
Басына халифалық тәж қонғандай.
Әлемге білігімен билік құрар,
Қабақпен не керемет күйді ұқтырар.
Сөзінен ой шуағы шашырамақ,
Сезілер кісілігі шашынан-ақ.
Парасат нұры ойнайды жанарында,
Исаның
123
елесі бар жамалында.
Пәрмені саусағынан көрінгендей,
Дірілдеп ай сәулесі төгілгендей.
Сәулеттің жарылқаса нәрін себер,
Жасаған өз қолымен тәңір шебер.
Сымбаты, сипатына шөл қанбаған,
Жаралмас артық пенде жалғанда одан!
Ғаламның кереметі бір басында,
Тұнып тұр тылсым қуат тұлғасында.
Сезімнің небір нәзік шертіп қылын,
Тулатар тереңдегі жан түкпірін.
Қат-қабат сырлы әлемге сүңгиді бір,
Төгіліп көкірегінен мың қилы жыр.
Байқалмас құпиясы көз барламай,
Тәптіштеп жеткіземін сөзбен қалай?
123
Иса – Мұхамметтің алдында өткен пайғамбар.



458
Сурет тұр дүние сырын толғағандай,
Толқиды көз алдында толған айдай.
Қыруар әлем қалай сыйып кеткен,
Бар асыл қазынасын үйіп-төккен.
Талайлар қарар бұған сатып көзін,
Санардай қолы жетсе бақытты өзін.
Кім, сірә, көрсете алар құдіретке есеп,
Қазына қызықтырар суретте тек.
Тылсымның құпиясын ашқан пенде,
Әмірін жүргізеді аспан-жерге.
Ол тіпті жеті бірдей теңізді орап,
Ғарыштың жігін ашар тоғыз қабат.
Тәңірі көкке орнатты жарық күнін,
Ғұмыры тоқтамастай алып тыным.
Жұлдызын аспан тұрса жарқыратып,
Бір жақта мұхит жатар толқын атып.
Табылмас жол сорабы адасқанға,
Не пайда телміргенмен көк аспанға.
Жаңылмас өзіне-өзі сенген ғана,
Жетеді мұратына елден дара.
Әлемді шарлап босқа аласұрмас,
Білмесе өзін танып бағы ашылмас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет