Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет9/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

ЖЕТІНШІ ТАРАУ 
Ләйлінің әкесі өзінің қызына Мәжін ғашық екенін білісімен 
Мәжіннің әкесіне наразылық білдірген соң ол сол бетте 
баласын кісендеп тастағаны хақында. 
Оқиға одан әрі аяңдады,
Қаламгер былайша оны баяндады:
Уақытқа шыр айналған жол қиын ба,
Жайылды Мәжін аты әр қиырға. 
Жұрттардың ести жатар қалғандары,
Арабта білмеген бір жан қалмады.
Ләйлінің әкесімен сырлас білем,
Былай деп айтты барып бір қаскүнем: 
«Әлемді өнерімен таң қалдырған,
Әмірде
6
Қайыс деген болған бір жан.
Құландай қашып адам кезіккенде,
Жылап жүр дейді жалғыз кезіп шөлде.
Меңдеген махаббаттың жарасынан,
Халайық мүсіркейді жаны ашыған.
Секілді ұйтқып соққан дүлей боран,
Хор қызы үйірер деп кім ойлаған?»
Ләйлінің әкесінің көңілі босап, 
Өкініп, былай деді көзге жас ап:
«Қор болды-ау, жұрт мақтаған қайран бала,
Пәлеге кез болды екен қайдан ғана?
6
Әмір – тайпа аты.


50
Обал-ай, шын асылдың сынығы еді,
Ойлы еді, көкірегі тұнық еді.
Тілінен бал төгілген ақын еді,
Жаныма менің сонша жақын еді. 
Жүрегі жарылуға аз-ақ қалып,
Қиналды-ау ата-анасы азаптанып.
Қашанда ғашықтардың жарасы көп,
Күйдіріп-жандырды екен не қасірет?
Қандай гүл оны сонша сағындырған,
Қыбыла
72
боп қайсы тайпа табындырған?»
«Уа, тақсыр! – деді біреу көлденеңнен, – 
Жауабын менен сұра, көрген ем мен:
Тайпа көп бұл далада санасаңыз,
Біріне жоламайды қарасаңыз.
Білмесек бетіңізге айтамыз ба,
Ғашығы, сірә, сіздің тайпаңызда.
Өмірден онсыз күдер үзген еді,
Дәл Сіздің қасыңызда іздегені.
Байқұстың сол періште аңсағаны,
Лебіндей ұжымақтың жан самалы.
Құсындай Иранбақтың құлпырады,
Күрсінсе жанарына мұң тұнады.
Сарылып сарғаяды, сағынады,
Ойлаумен ынтызарын қамығады.
Ләйлінің тілдескен тек елесімен,
Қайыстың шыққан мүлде ел есінен. 
Отырсыз өзіңіз де бәрін біліп,
Жаратқан құдай оны дарынды ғып.
7
Қыбыла - Мекке


51
Шынымен тағдыр сорға батыра ма,
Жадында қалды жұрттың аты ғана.
Мен болдым. Айтқанымның барлығы шын,
Көрерсіз ақылға сап ендігісін».
Ішінен қыз әкесі демде тынып,
Түнеріп, көзін жұмып қалды отырып.
Еңсесін басқандай бір зіл батпаны,
Халыққа көпке дейін тіл қатпады.
Тебеді тұтқиылда кімді өзекке,
Күрсініп көзін ашты бір мезетте.
Сонан соң сөздің көшіп төтесіне,
Қайыстың сәлем айтты әкесіне:
«Естіртпе мұндай сөзді енді маған,
Сүйекке таңба салды әлгі балаң.
Тұтатқан тамыздығын сан өсектің,
Өршітпей өртін өшір қауесеттің.
Сыралғы сырқат ұлды тізгіндемей,
Отырсың неге тыныш бізге үндемей?
Есінен адасқан жан не біледі,
Білгейсің, бұғау ғана – оның емі.
Ұмытқан екенсің кім екенімді,
Жаншимын ұлың менен екеуіңді.
Жүйкеме тиіп болдың, кетті шыдам,
Күліңді ерегессем көкке ұшырам.
Баса алмай өкінерсің өксігіңді,
Көзіңе үймелетсем көк шыбынды.
Кісендеп, Мәжініңді қамап таста,
Уәде бер, маңайыма жолатпасқа!


52
Сорлыны мүсіркесін Алла ғана,
Кәріне ұшыраған сол ғана ма?
Орында айтқанымды, жауап күтем,
Көнбесең, табанға сап жүндей түтем!»
Елшісін осыны айтып аттандырды,
Шақырып соғыс өртін от жандырды.
Қайыстың әкесінен зәре кетті,
Елшінің айтқанына көне кетті.
Шыға алмас тығырыққа қамалғанда,
Күштіге бағынбасқа амал бар ма?
Сөз бітті. Жөніменен елші кетті,
Ел-жұртын Мәжін тағы тентіретті.
Тапты оны көзден жасын сорғалатып,
Жерінен қаңғып жүрген сорға батып.
Қасірет шақырады күрсінгені,
Қалыпты қу сүйек боп құр сүлдері.
Тастады әкелді де шынжырлатып,
Көз жасын сүртер оның кім құрғатып?
Уа, сенің тілегенің шынжыр еді,
Күтіп тұр қандай тағдыр кім біледі?
Бұғауды бұзып шыққан алып қана,
Азаттық әпереді халыққа да...


53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет