Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет7/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

БЕСІНШІ ТАРАУ
Қайыстың Ләйлінің ел-жұртын іздеп шығуы, жолда қаңғырған
итпен сөйлесуі және сүйіктісімен жолыққаны хақында. 
Жырласа бейшараның өмірін кім,
Қаламы тыным көрмес тегі бір күн:
Күй кешіп тіршіліктен түңілгендей,
Бір өліп, Қайыс қайта тірілгендей.
Есіне еміс-еміс келеді елес,
Басынан өткен іске сенер емес.
Біле алмай не қыларын әке-шеше,
Өткізді күн мен түнді әлденеше.
Әкесі сүйіп-құшып өліп-талды,
Шешесі шөкесінен шөгіп қалды.
Жиғанда Қайыс есін жалтақтады,
Ұяттан қоярға өзін жер таппады.
Көзіне қарай алмай әкесінің,
Аяғын жатты құшып шешесінің.
Үлкен бір масқараға ұшырады,
Көлденең көз біткеннен қысылады.
Беті жоқ жүретіндей қарап елге,
Кірердей болды Қайыс қара жерге.
Тұйыққа көріп ұлдың қамалғанын,
Ата-ана сұрамады не болғанын.


39
Қапаға түспес үшін әлдеқандай,
Ештеңе жүре берді болмағандай. 
Күрсініп, уайымдайды бәрін міне:
«Көзіне, – деп, – бірдеңе көрінді ме?»
Мұндайда сөзден өзін кім іркеді?
Сан саққа айналасы жүгіртеді:
«Көрді ме ғажайыпты түсінде бір,
Кім білсін, не болса да ішінде жүр?»
«Жын-шайтан азғырды ма әлде пері,
Бәлекет сеуіп жүрген жерге тегі?»
Пері емес Ләйлі екенін салған қайғы,
Көп тобыр шуылдаған аңғармайды.
Өзімен Қайыс өзі жеке қалды,
Қайғы өрті лапылдаған етек алды.
Аша алмай ішкі сырын бұл қауымға,
Қиналды ғашық дерттің шырмауында.
Атырып кірпік ілмей не бір таңын,
Іздеді нәзік жүрек жан іңкәрін.
Байласа махаббатқа соқа басын,
Зарлатар елден безіп ата-анасын?
Жанына тыныштық жоқ үйде бірақ,
Тулайды ғашық жүрек күнде жылап.
Осылай таң атқанша, күн батқанша,
Тартты азап жердің бетін түн жапқанша.
Ақыры қаптап жеткен қайғы жеңді,
Түн келді елестетіп Ләйліні енді.
Сағынып сүйіктісін санадағы,
Соққан жел, жауған қарға қарамады.


40
Ар-ұят, ата-ананы шығарды естен,
Сүңгіді түн қойнына мұнар көшкен.
Кеткенін жалғыз шығып жан білмеді,
Сезімін ақылына жеңдірмеді.
Бір тұрып, жүрген сайын бір құлады,
Көз алды қарауытты, бұлдырады.
Келеді маскүнемдей бұлғалақтап,
Табаны тайғанақтап, сырғанақтап.
Алыстан отты көріп лапылдаған:
«Өртейді, – деп, ойлады, – жақындаман!»
Кенеттен ұшқын ойнап сезімінде,
Жүрегін жалын шалды өзінің де.
Жұтқандай қасіреттің көк түтінін,
Безеді көкке қарап отты тілін.
Қалыңға қурап тұрған өрт қойғандай,
Сөздерін от туралы төкті ойланбай:
«Қапалы түн қойнында лаулаған от,
Сен бердің қысылғанда жанға медет!
Ұшқының шөпке түсіп сытырлаған,
Қайғының жұлдызындай жыпырлаған.
Түтінің бұлттай көкке түнде өрлеген,
Қақ жарып көкірегіңді мұң кернеген.
Нұсқайсың барар жолды, қайтар ізді,
Түнектен сәуле төккен ай тәрізді.
Қонады кірпігіне үңілсе кім,
Сүрмедей үлпілдеген күлің сенің.
Раушангүл көзін саған салмаған бір,
Қайдан жүр жанарыңда лаулаған нұр.


41
Сүрмеге айналды ма ұшқан күлі,
Көзіңе сенің жайнап түскен күні?
Жанған от! Ыстық лебің шарпыған бет,
Қымбат қой асыл тастан не керемет! 
Ерніндей албыраған сүйіктімнің,
Алыстан қызуыңа күйіп тұрмын.
Сен маған алтын тәждің нұрындайсың,
Жұлдыздай жерге түскен жымыңдайсың.
Сен маған қара түнде болдың серік,
Соңыңа адасқанда ердім сеніп. 
Мен сені білесің бе қалай сүйем?
Өлгенше жырға қосып, басымды ием!
Жолынан жолаушыны адастырма,
Тасимын керек болса ағаш мұнда!
Киелі от! Көз ұшынан қол бұлғаған, 
Ай-күннен мың есе артық болдың маған!
Маздай бер, жарқырай бер, жолымда аман,
Қайғымды жеңілдетіп қалыңдаған!..»
Құлағын ызыңдаған тосты желге,
Дауысын үрген иттің естігенде.
Қуанды табылғандай тілегені,
Өзі де иттен бетер жүдеп еді.
Енді өзін қорқыныштан құтқармаққа,
Ұмтылды иттің үні шыққан жаққа.
Атама сол сәттегі жайын сірә,
Ұқсайды көштен қалған қайыршыға.
Сүрініп түнде қалай жығылмайды?
Былай деп Қайыс байқұс ыңылдайды:


42
«Күзетіп жеті түнде кімнің қосын,
Қай жақта үріп жүрсің мұңлы досым?
Жаңғыртып жалғыз досым түнгі аспанды,
Жүрсің бе жолына сап адасқанды?
Таппайды жаның тыныш көрге кірмей,
Бұл күнде сен де бірдей, мен де бірдей.
Ұрыны үй маңына жолатпайсың,
Қабасың балтырынан – балақтайсың.
Аяқ пен сен сенесің азуыңа,
Алланың мен көнемін жазуына.
Мен де итпін, бірақ сенен төмен күнім,
Ауылыңа сен кіресің менен бұрын.
Шатырға кіріп-шығу қиын маған,
Ондай бақ маңдайыма бұйырмаған.
Еркіңмен сен жүресің күзет қылып,
Мен жүрем шыр айналып күн өткізіп!»
Осылай Қайыс жүрді зар еңіреп,
Ләйлісі тірі болса көреді деп.
Жылаумен Қайысты іздеп Ләйлі сен де,
Батасың күндіз-түні қайғы-шерге.
Арабта одан асыл жан жоқ саған,
Жалғанда жалғыз сен деп зар қақсаған.
Жабырқап, жалбарынып Жаратқанға,
Ләйлі де қалды ұйқыдан, тамақтан да.
Ұйтқыды қолаң шаштай жел сапырған,
Тиянақ таппай жаны кең шатырдан. 
Сәтінде сағыныштан қалжыраған,
Естіді бір дауысты зар жылаған.


43
Қайыс қой, Ләйлі қалай шырқырамас?
Қалың жұрт түн жамылған ұйқыға мас.
Сүйгені жоқ жандарға ұйқы тәтті,
Көз ілмес күзеткендер махаббатты.
Күтуші кемпір бірге тұрушы еді,
Ләйліге тілектес боп жүруші еді. 
Қос ғашық мұратына жетсе екен деп,
Тілейтін қол ұстасып өтсе екен деп.
Көретін Қайысты да өз ұлындай,
Аналық үмітінің қазығындай.
Айдай боп Ләйлі түнге төккен арай,
Жөнелді дауыс шыққан жаққа қарай.
Соңынан кемпір кетті зыр жүгіріп,
Секілді көлеңкесі құлдық ұрып.
Асығып сүйгеніне қараңғыда,
Ләйлі ұшты түк көрместен тек алдыға.
Жаралған екі жүрек сүюге анық,
Қосылды жалын атып, күйіп-жанып.
Үн-түнсіз бірін-бірі аймалады,
Үңіліп аспандағы Ай қарады.
Түн іші Күн шыққандай жарқырады,
Тасқыны қуаныштың сарқырады.
Маңайын нұрландырған сәулесімен,
Ғашықтар талықсыған танды есінен.
Жұрт көрсе масқараға қаламыз деп,
Кемпірдің зәресі ұшты амал іздеп.
Көлденең көзге түссе құриды олар,
Сорлаған байқұстарға кім иланар?


44
Жөнелді Ләйліні алып мүлде шөгіп,
Еңкейген көк аспандай күн көтеріп.
Қайғыдан бүкірейіп, бек күйініп,
Секілді кемпірқосақ кетті иіліп.
Қызды үйге жеткізгенше түн жалғасып,
Жігітке қайта оралды жылдам басып.
Қайысты әзер-мәзер салды иыққа,
Қиналды батқандай бір тұңғиыққа.
Тізесі дірілдемей, қалтылдамай,
Көтерсін жас жігітті кемпір қалай?
Бейшара түсіп әбден қара терге,
Ауылдан алыстатты біраз жерге.
Біреулер көріп зиян қылмасын деп,
Апарды көзден таса құмға сүйреп.
Сонан соң тартып кетті сыр жасыра,
Меңіреу түкпірдегі құжырасына.
Білемін, тағдыр-кемпір, қолың қысқа, 
Әділ бол, ақиқаттың жолын нұсқа! 
Қайғыны әдет қылма қозғағанды,
Қайтесің қарғап-сілеп өз балаңды!.. 


45


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет