Хасанова и. У. Рахметова а. Ж



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата01.11.2023
өлшемі1.71 Mb.
#482146
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
xasanova

17-тапсырма. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге 
сипаттама беріңіз.
Қазақтың отбасы 
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – шаңырақ иесі
Жанұя мүшелері әкені тыңдайды. Жанұяда ананың да орны ерекше. 
Әке де, балалары да ананы сыйлайды. Қазақ отбасында қыздың да 
орны ерекше. Қызды төрге отырғызып, құрметтейді. Қазақ 
отбасында балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен 
аталарын, жеті атасын айтып отырады. 
 
18-тапсырма. Мәтінді оқып, үлкен адамдардың (әжең, әкең, 
анаң, т.б.) «айналайын» деген сөзді айтуының мәнісін түсіндіріңіз. 
Айналайын 
«Айналайын» деген сөзде аналық мейірімнің кіршіксіз таза сыры 
бар. Ол жанына балаған баласын ғана сүйсінерлік қылығы үшін, 
қызықты тілі үшін, талпынған талабы үшін ғана «айналайын» дейді. 
Сол баланың сотқарлығын көргенде, қатал сөздермен тыйым салады. 
 
19-тапсырма. Мәтінді оқып, мақалда берілген ойды түсіндіріп 
беріңіз.
 
Әке – асқар тау.
Ана – сарқылмас бұлақ.
Бала – жағасындағы құрақ. 
 
20-тапсырма. Өз үй-ішіңіз туралы жазыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


18 
Тізбекті ел 
1-тапсырма. Төмендегі сөздердің түбірін тауып, жұрнақ 
арқылы қандай сөздер жасалғанын анықтаңыз. 
 
Өндіріс, өнім, өну, өндірді.
2-тапсырма. Схемаға сәйкез сөз ойлап жазыңыз. 
Түбір Түбір + жұрнақ Түбір + жалғау Түбір + жұрнақ + жалғау 
3-тапсырма. Ережені толықтырып жауап беріңіз. Мысалмен 
дәлелдеңіз. 
 
Түбір сөзге жұрнақ қосу арқылы жасалған сөзді ------------- дейміз. 
Сөздердің одан әрі бөлінбейтін бөлшегін ------------------- дейміз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша ------------------- аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет