Хасанова и. У. Рахметова а. Ж



Pdf көрінісі
бет23/29
Дата01.11.2023
өлшемі1.71 Mb.
#482146
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
xasanova

30-тапсырма.
Кім болам!» суреті бойынша қиялдау. 
 


42 
 
 
 
31-тапсырма.
С. Мәуленовтың: 
«Дала десе көл түседі есіме, 
Дала десе ел түседі есіме. 
Дала десе түседі еске арғымақ
Кең далада шабатұғын көсіле» өлеңі бойынша сурет салыңыз.
 Интеллектуалдық тапсырмалар 
1. Төмендегі жұмбақтардың шешуін тауып, ондағы сын есімдерді 
табыңыз. 
Үй үстінде ұсақ тас. (Жұлдыз) 
Көк күшігім көкке қарай ұлиды. (Түтін) 
Аттан биік, иттен аласа. (Ертоқым) 
Апан-ұпан, ескі шапан.
Иір қобыз, жарық жұлдыз (Түйе) 
Белі бүкір, алысқа түкір. (Мылтық) 
Жайса көлдей, жиса жеңдей. (Киіз үй) 
Екі басы жұдырықтай, белі қылдырықтай. (Құм сағат) 
Басы қалпақтай, бойы қылдырықтай. (Тұтқыш) 
2. Сын есім тіркесімен аталатын республикамыздағы қала, тау, көл 
аттарын жазыңыз. 
3. Құрамында 3 т әрпі келетін негізгі сын есімді айтыңыз. 
4. Біреуінің құрамында 3 а, біреуінде 3 е келетін негізгі сын есімді 
табыңыз. 


43 
5. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да сын есім болатын қай сөз? 
(Көк, ала) 
6. Жетіге дейін саналатын қай сын есім? (Жинақтық) 
7. Мына сан есімдер қай мақалда қолданылады? 
Алтау, төртеу; алтау, бесеу; бір-ақ; қырық, бір 
8. Бес әріппен жазылып, бір цифрмен таңбаланатын қай сан есім? (8, 9) 
9. Түйеге жұрнақ жалғанса, кім болады? (Түйеші) 
10. Айгүл тақтаға «Бір қазан ұшып кетті» деп жазып еді, балалар оған ду 
күлді. Балалар Айгүлге неге күлді?
11. Бөлек жазылса, сын есім мен географиялық термин. Бірге жазылса
республикамыздағы бір қала. (Ақтөбе) 
12. Бірге жазсаң, кен өндірісінің аты. Бөлек жазсаң, металл мен өткен 
шақтық есімше. (Қарағанды) 
13. Бөлек жазсаң біреуі түйреп алады. 
Бірге жазсаң, бір құс болады. (Бізтұмсық) 
14. Екі сөз бірігіп айтылса, Онда ол тышқан 
Бөлек-бөлек айтылса, Біреуі ұсталық сайман (Егеуқұйрық) 
15. Әр сөзі е әрпінен басталатын үш сөзден тұратын еңбек туралы мақал 
жазыңыз.
16. Әр сөзі б әрпінен басталатын төрт сөзден тұратын адамның қасиеттері 
туралы бір мақал. 
17. Әр сөзі к әрпінен басталатын екі сөзден құралған тәлім-тәрбие туралы 
бір мақал. 
18. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыл. (Көз қорқақ, қол 
батыр) 
19. Түкіріктен көл құрала ма?
20. Қандай кілт аспанда?


44 
21. Неден не жаман? 
22. Күн жаумай, су болатын не?
23. Тауық түс көре ме? 
24. Жаңа сөз жаса. 
Азат- шоқ- 
Кексе- сат-
Қысым- сан- 
25. Әліпби тәртібіндегі 7, 20, 22 әріптерді тіркеп жазсаң, балалардың бір 
ойыншығының аты шығады. 
26. Жазылады, бірақ дыбысталмайды 
Онсыз біраз сөз дұрысталмайды. Ол не? (Жақша) 
27. Жазда өсіп піседі, 
Дәмі тәбет ашады. 
«Қ» орнына «Ж» қойсаң, 
Көктен тамып түседі, 
Жердің шаңын басады. (Қауын-жауын) 
28. Егер «Т» -дан бастасақ, 
Биіктердің биігі. 
Егер «Д»- дан бастасақ, 
Қиындардың қиыны. 
Екеуін де алып тастасаң, 
Балықшының бұйымы. (Тау-дау-ау) 
29. Екі төлдің атынан бір төлдің аты шығады? (Тайлақ) 
30. Төмендегі сөздерді қатыстырып, мақал құрап жазыңыз. 
Өлше – кес
31. Бір сөздің соңы, екінші сөздің басы болатын бөлікті жазыңыз. 
Мы (....)сық 
32. Төмендегі сөздерді қатыстырып, мақал құрап жазыңыз. 
Ас – нан 


45 
33. Судан алады, судан өледі. (Тұз) 
34. Тарихта болған белгілі адамдардың іс-әрекетіне, сөзіне байланысты ел 
аузына сақталып қалған әңгімелер. (Аңыз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет