Хасанова и. У. Рахметова а. Ж



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата01.11.2023
өлшемі1.71 Mb.
#482146
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
xasanova

 
10-тапсырма. Өлеңді оқып, екі өлеңді салыстырыңыз. Авторлардың айтпақ ойын өз 
сөзіңмен жеткізуге тырысыңыз және дәптерге жазыңыз. 
 
Шаршы топта сөз бастау қиын 
 
Көш бастау қиын емес, қонатын жерде су бар. 
Қол бастау қиын емес, шабатын жерде жау бар. 
Шаршы топта сөз бастау қиын, 
Шешімін таппас дау бар. (Бұқар жырау) 
Бәрінен де сөз бастау қиын 
 
Қол бастау қиын емес, көк найзалы ерің болса. 
Жол бастау қиын емес, соңыңа ерген елің болса. 
Бәрінен де сөз бастау қиын: 
Тауып айтсаң, мереке қылады, 
Таппай айтсаң, келеке қылады. (Досбол шешен) 
 
11-тапсырма.
Жәнібек ханға Жиренше шешеннің кайтарған сөзін мәнерлеп оқып, асты 
сызылған сөзді түсіндіріп көріңіз. «Бұл дүниеде не өлмейді?» деген сұраққа сіз қалай жауап 
берер едіңіз? 
 
Бұл дүниеде не өлмейді? 
Асқар таудың өлгені –
Басынан бұлттың асқаны. 
Ай мен күннің өлгені – 
Еңкейіп барып батқаны. 
Аққан судың өлгені – 
Аязда мұз боп қатканы. 
Қара жердің өлгені – 
Қар астында жатқаны. 
Ажал деген – аткан оқ, 
Одан ешкім құтылмайды, 
Бір алланың қақпаны. 


39 
Бұл дүниеде не өлмейді? 
– Жақсының аты өлмейді, 
Ғалымның хаты өлмейді. 
12-тапсырма. Сюжеттік әңгіме құрастыруға үйрету. 
 
Мысалы, сен итке, атқа айналып кеткенде:
– күні бойы не істер едің;
– не жер едің;
– қожайының қандай адам, саған қалай қарар еді;
– қайда ұйықтар едің;
– қожайыңнан қандай жақсы нәрсе алғың келеді.
 
13-тапсырма. Сиқыршы. Суреттерді мысалы, үтік, шайнек, көше, дүкен, мектеп, дос, 
кино т.б. тақтаға ілу арқылы «Мен үтікпін», «Мен мектеппін» ойынын ойнатуға болады. 
– Үйге келместен бұрын мен қайда болдым;
– үйге қалай келдім;
– мен не істей аламын;
– мен кімді жақсы көремін, мені кім жақсы көреді;
– менімен қандай қызықты нәрселер болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет