Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

1. Әй, Сағи, шарап нұрымен 
біздің кесені нұрландыр. 
2. Әнші әндет, дүниеде біздің мұратқа жеткен күн. 
1. Біз көргенбіз кеседен 
жар жүзінің суретін. 
2. Сен хабарсыз біздегі шарап ішудің ләззатынан. 
Парсылардың классикалық поэзиялары бәйіттік өлшемдермен саналады. Және әр 
бәйіт екі мысрадан тұрады. Мәселен, жоғарыдағы Хафиз ғазалдары екі бәйіт немесе төрт 
мысра есептеледі. 
Шәкәрімнің көркем аудармасы мынадай: 
Кел, аяқшы, қымыз құй, 
Кесемізді нұрландыр. 
Домбырашы, тартшы күй, 
Бізге уақыт берді қыр. 
Жарқыраған кеседен, 
Жар суретін көрдік біз. 
Хабары жоқ кеседен, 
Не біледі сезімсіз. 
Бұл аудармада Шәкәрімнің еркіндігі бой көрсетеді. Шәкәрім түпнұсқадағы 
«шарапты» қазақтың сүйікті сусыны — қымыз, «пияланы» кесе, «сағиды» - аяқшы деп 
алған. «Әнші, әндет» дегенді қазақыландырып, «домбырашы - күй тартшы» дейді. 
Шәкәрім парсыша жетік білген, сопылық әдебиеттің майталман ақыны Хафиздің 
сопылық астарының қырларын жақсы түсінген. Әйтпесе, иманы берік Шәкәрім соншама 
Хафизге ынталы болмас еді, өйткені, Мұхтар Мағауиннің тұжырымынан байқағанымыз - 
Шәкәрімді Хафиздегі терең философиялық ой, астарлы меңзеулер қызықтырғаны 
соншалық - ол өмірінің соңғы сәтіне дейін Хафизбен сырласып, үндесуге құштарлық 
танытып кеткендей көрінеді. «Мей» немесе балама атауы «шарап» және «сағи», «кесе» 
сөздері сопылық астарға ие. Мәселен, «сағи» сөзінің (шарап құюшы) дегеннен басқа «пір» 
деген мағынасы бар екенін Шәкәрімнің білгендігі дау тудырмайды. Алайда, Шәкәрім өмір 
сүрген кезеңде көпшілікке сопылық, ұғымдар бейтаныс еді, сондықтан ақын «мей» сөзін -
шарап, «сағиді» - шарап құюшы деп тәржімаламау себебі, ол кезде қазақтар шарапты 
маскүнемдікке жетелейтін, ислам шарттарына қарсы қағида ретінде қабылдауы мүмкін 
болғандықтан саналы түрде осылай аударған. Хафиз ғазалының мына бір бәйітін: 
«Қорқамын қиямет күні сұрағанда артық болмас, 
Шейхтің адал наны біздің арам судан» 
Шәкәрім: 
Сырт көрініс, қылған еп, 
Бұза ма деп қорқамын. 
Арақпен тең болар деп, 
Жалған сопы тұз-нанын, — деп еркін тәржімалайды. Шәкәрім еркін аударған 
ғазалдың сопылық астарын терең білген. Өйткені, Шәкәрім оны қазақы өлеңнің қалыбына 
салып, таза ұлттық пішіндегі төлтума шығармаға айналдырған. 
Шәкәрім аудармалары ұлттық таным-түсінікке қабысатындай ұғымдылығымен 
ерекшеленеді. Ол қабылдаушының ұлттық ерекшелігін ескерген. Сонымен бірге
эстетикалық қуатты, поэзиялық тұрғыдан төрт аяғын тең басқан көркем болуын назарда 
ұстаған. 
Шәкәрімнің аудармасын ғазалдың ішкі мазмұны және сыртқы пішініне қарап 
сараптамақ болсақ, мұнда біз Шәкәрімнің қазақы ұғымға ыңғайланған тұстарын байқай 
аламыз. Мәселен, Хафиз ғазалының мына бәйітіне назар салайық: 
Құй, сақи, қалған шарапты табылмайды бәйіштен, 


Мұсалла гүлзары мен Рукнабадтың жағасы. 
Шәкәрімнің аудармасына қарайық: 
Қалған қымызды әкәл сен, 
Бер, аяқшы, кесемен. 
Гүлді жеміс, Талды өзен, 
Табылмайды бейіштен. 
Мұнда Шәкәрім біраз сөзді қазақтың түсінік-нанымына лайықтап беріп отырғаны 
аңғарылады. Ол шарапты —қымыз, аяқшы деп — шарап құятын «сағи» адамды, 
«Мұсалла» атты Шираздағы бақты — гүлді жеміс, Рукнабад өзенін — Талды өзен деп 
беріпті. Яғни Шәкәрім егер сөзбе-сөз бәрін бере берсе, қалың қазақ жұртына бұл ғазал 
түсініксіз болып қалуы ғажап емес еді. Шәкәрімнің кейбір сөздері өз қалпында аудармай, 
оның орнына өзінше балама сөз түрінде қолдануы. Алайда, қойылған сөз арқылы өлең 
ұғымы өзгермейді, қайта қазақ тілінде сөйлейтін адамға түсінікті түрде беріледі. 
Сондай-ақ, бәйіттің аудармасына қарап, Шәкәрімнің Иран елінен хабары мол 
екенін байқадық. Өйткені, Мұсалла (Иран бағы) және Рукнабад (өзенін) дәл ұғып әдемі де 
мазмұнына сай аударыпты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет