Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

сөздерім бар, бірінші уақыт тығыз болып, екінші қырық бес жасымнан бергі тең, 
сөздерім философия жағына салынып: об отвлеченного вопроса объективное 
рассуждение болғандықтан, үкімет басуға рұқсат қылмас және бұл кезде халыққа 
тарату да лайықсыз ба деп жібермей қалдым. Себебі: жан сыры, жаралыс сыры, 


дүниедегі тәмам шатақ діндер туралы жазған. Қырықтан аса бергенімде: Жан не?Дін 
не? Барша әлем қалай жаралған, адамға жаратушы жағынан не өзінің ар, нысабы 
жағынан салынған міндет бар ма? Болса ол не? Адамда толық ерік бар ма? Жан өлген 
соң жоғалатын зат па?Адам бұл өмірде не қылған жөн? деген сияқты ылғи дене 
сезімімен сезілмей іш жаққа: әдетіне, дініне, нанғанына, құмарына бұрылмай ойлайтын 
ноқтасыз — таза ақылмен ғана білетін істер туралы: дін ғалымы, ғылым ғалымы, 
ойшыл философтардың бұл туралы жазған кітап, айтқан сөздерін өзімше сынға алып, 
дұрысын алып, терісін тастап шығарған қорытындыларым еді. Мен: пәлен пайғамбар, 
түгілен профессор айтты дегенге тоқтап қалмаймын. Өз ақылым қабыл алмағанды кім 
айтса да теріс көрем. Бірақ ақыл қабыл аларлық, дәлел айтса ол кім болса да бас ұрам. 
Мақтанып кеттім, - мақтан емес іздегенім, тамам адам пайдасы болғандықтан, 
ақылым айтқан хақиқатты айтпай тұра алмаймын. Еріксізбін ". 
Міне, С.Мұқановқа жазып отырған хатында Шәкәрім өзінің білімділерге сонау 
1912 жылы қойған сауалдарын басқа бір қырынан алға тартады. Осы сауалдарға өзінің 
"философия жағына салынып" жауаптар іздегенін де жасырмайды. Жан сыры, жаралыс 
сыры, жаратушы міндеті, дін сыры, адамның ары, әдеті, нанымы, құмары, нысабы, т.б. 
жөнінде "қырықтан аса бергенінде" ой кешіп, Абай секілді дүние сырына үңілуге бет 
бұрғанын ашық айтады. Шәкәрімнің ойшылдығы әлгі сұрақ-сауалдарды қоюынан-ақ 
аңғарылады. Қ. Мұхаметхановтың: "Шәкәрім сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда
"ноқтасыз ойдың", "сау ақылдың адамы" деуіне толық қосыламыз. 
Шәкәрімнің хаты былай аяқталады: "Міне, осыны айтып отырғаным да 
адамшылық арым: барша адам баласына пайдалы деп 30 жыл инемен құдық қазып 
тапқан хақиқатты неге жіберіп, алдымен осыны басуын неге тіленбейсің деп еркімді 
билеп, "Жан сыры, Жаратылыс сыры" деген қысқаша қорытындымды тағы жібердім. 
Әттең, дүние, осыны құр қазақша ғана басып қоймай, орысшаға да жақсы переводпен 
(смыслен.) переводтап, ғылымды азаматтың бірі еңбек етіп, переводын өзіме көрсетер 
ме еді? Қазақшасы тез басылып шығар ма еді? Тірі күнімде не қарсы айтылған дәлелді 
сындарын, не білімді ойшылдардың қобыл алғанын біліп өлсем армансыз болар едім. Бұл
"Жан сыры", "Жаралыс сыры" басылмайтын болса, тез қайтарғаныңызды өтінемін. 
Лажы болса, колжазбаларымның бәрін қайтарып отырарсыз. Тағы бір тілегім: менің 
Қолжазбам басылса да, басшысымен баспахана қаражатымен маған әрқайсысынан
елу данасын жіберсеңіз екен. Балаларыма, достарыма мирас деп беру үшін. Қайсысы 
басылса да "Мұтылған" деген атыммен басылғаны жөн болар еді. Бір сөзім: менің 
кейбір теңдерім қазақтың бұрынғы өлең жырларының әнімен айтылмайды, 
әрқайсысыныц өзім шығарған әні (матифы) бар. Әнді хатпен ұғындыруға болмайды. 
Өзім барып ұғындыруға, жергілікті үкімет басындағы кейбіреулердің қараңғылығынан 
қолда каражат, баста бостандық қалмай тұр. Хош! Бақытты болыңыз! Мұтылған ". 
Лев Толстой елуден асқан, шағында "Жан сыры" және "Менің дінім қайсы?" 
дейтін ой- толғауларын жазған екен. Шәкәрім де өзінің ғұмырының соңғы отыз жылын: 
тұтастай дерлік дүние сырын ұғуға арнағанын екпін түсіре ескертуінде үлкен гәп жатыр. 
Енді сол еңбегінің тасқа басылып, жарық көргенін армандайды. Өзінің 8 айлық ғана 
көрер жарығы барын сезгендей, "тірі күнімде", "біліп өлсем", деген сөз тіркестерін 
қолданып "Баста бостандық қалмай тұр" деуінен қауіп ойлап алаң көңіл бола бастағаны
да байқалады. Шәкәрім "Мұтылған" - яғни "Ұмытылған" деген әдеби бүркеншік атты 
таңдауында да терең астар бар. Бірақ ол ұмытылған жоқ, ұмытылмайды да. 
Елсіздегі Саятқорадан жолданған хаттан суыртпақталған сыр сорабы тармақталып 
барып, Шәкәрім мен Сәбит қарым-қатынастарын жаңаша байыптауға ұласатынын 
байқаймыз. 
С. Мұқановтың мұражай қорындағы аталған хат, фотосурет және кітап Шәкәрімнен 
қалған жәдігерлер ретінде аса бағалы. 
Шәкәрім мен Толстойдың қарым – қатынасы туралы баласы Ахат былайша
еске алады: 


Толстой туралы, бір мәжілісте, мен әкейден: «Сіз Толстой туралы жай әңгімеңізде 
де, Толстой туралы жазған өлеңіңізде де өте бағалайсыз» — дедім. Сонда, әкей айтты: 
«Мен Толстойды бұрын да бағалайтынмын. Әсіресе мен Толстойдан үш сұрақ сұрадым. 
Сол сұрақтарыма Толстой маған өте қымбатты жауап қайырды. Сол жауаптары мені 
толғандырып, ғибрат алатын сабақ болып, көңілімде орнап қалды. 
1. Адамның арына тиетін жағымсыз қылықтардың өзім білетін бәрін тізіп жаздым 
да, «...Осылардың ішінде және біз білетін, арға ең ауыр тиетін не?» дедім
Толстой бұған: «Осы жазғандарыңның бәрі де адамшылық арға тиетін нәрселер. 
Меніңше, арға ең ауыр тиетін іс бар. Ол — егер адам көпшілікке, не жалпы қоғамға зиян 
келетін хақиқат істі біліп, соны үш нәрседен қорғанып, сол ақиқатты айтпай қалса, сол 
арға өте ауыр тиеді. Бірінші, сен өте бай болып, сол хақиқатты айтсаң, малыңа, зияны 
тисе, екінші, сен мансап иесі болып, сол хақиқатты айтсаң, мәнсабыңнан айрылатын 
болсаң, үшінші, сол хақиқатты айтсаң, басың жазаланатын болса. Міне осы үш түрлі 
зардаптардан қорғанып, көпке зиян келетін хақиқатты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең 
ауыр тиетін осы - деді. 
2.«Ірі шығармалар жазуға бет алдым. Бұған қандай кеңес бересіз?» — деп, көлемді 
шығарма жазу жайында ақыл сұрадым. 
Толстой бұған: «Көп адамдар қатысқан көлемді шығарма болсын, не ұсақ әңгіме 
болсын, алдымен сол әңгіменің уақиғасына, іс-әрекетіне жазушы өзі араласқандай жетік 
болуға керек. Сол уақиғаның ізі, сыры, қоғамға байланысты әрекетіне жазушы өзі 
араласқандай жетік болуға керек. Сол уақиғаның жайы жазушыға айнадай айқындалып, 
сезіліп тұрғандай болуы керек. Олай болмаған күнде, әңгіме, дәл, қызықты болып 
шықпайды. «Көлеңкеге пішкен тон бойға шақ келмейді» деген мәтелді жазушы ойдан 
шығармауға керек. Ішіне араспай, сырттай ой-жотамен жазған шығарма шындыққа 
жанаспай, қызықты болып шықпайды», — деді. 
3. «Жазушы, оның ішінде мен өз жазғанымның дұрыс терісін сынай алмаймын. Өз 
шығармасының қатесін қандай әдіспен көріп, сынап-түзеуге болады?»— дедім. Бұл 
үшінші сұрағыма Толстой: «Жазушының артық қасиеті — өз қатесін көріп, соны түзей 
алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. «Біреудің қатесін біреу көреді»—деген де бар. 
Бәрінен, адам өз қатесін өзі көріп, өзі түзегені артық. Өз қатесін өзі түзей алатын қасиет 
адамның өз бойында бар. Ол адамға біткен—ақ жүрек. Егер адам өз істеген ісін, жазған 
сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімі ашып бере алады. Ақыл-
толғауынан өткен қорытындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ымбалына беріліп 
дағдыланған адам өз мінін де, басқаның мінін де көре алады. Сондықтан, әділ сыншың — 
ақ жүрегің»,— деді. Осындай ақыл-кеңес берген Толстойды мен ұстазым деп бағалап, 
ардақтаймын!»— деді әкей. 
Шәкәрім «Көрініске шоқынған», «Кел, аяқшы, қымыз құй», «Ей, жарымыз, ай 
нұры», «Тұр, аяқшы, бер қымыз», «Көңіл жібі қолымнан», «Егер сүйікті, ол бала», «Анық 
ерге жолдас бол», «Мәжілісінде досыңның», «Кешегі басшы піріміз» деп басталатын 
өлеңдерді Шығыстың әйгілі ақыны Хафизден аударған. Бұлардың ішінен «Көрініске 
шоқынған» деп аталатын бір өлең «Абай» журналының 1918 жылғы 3-санында басылды. 
Ал, басқа өлеңдері ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. Сол «Абай» журналында 
басылған өлеңнің алдындағы таныстыру сөзінде ақын: «Баяғыда осыдан бірнеше ғасыр 
бұрын парсы жұртында әрі білгіш-данышпан, әрі сопы, әрі ақын Қожа Хафиз деген кісі 
болған екен. Сол кісінің өзі мен сөзінен байқалған иманына қазақ жұртының талантты да 
алғыр жастарын таныс қылмақ үшін, төменгі жырын қазақ тіліне аудардым», - деп 
көрсеткен. 
Шәкәрім Қожа Хафиз ғазалдарының қазақша аудармасын жасауда өлеңнің 
мазмұнына үңіле отырып, қазақтың дүниетанымына, психологиясына да қатты көңіл бөліп 
отырғанын Хафиз ғазалдарындағы сопылық терминдерін қазақшалап отырғанынан-ақ 
аңғару қиын емес, яғни Шәкәрім өз аудармасының қазақ оқушыларының түсінігіне 
лайықтап, аздап әрлеп өзгертіп, негізінен түпнұсқадағы мағынасын сақтап қалу принципін 


ұстанып отыруға тырысқан. Хафиз ғазалы мен Шәкәрім аударған 2 бәйітті қатар беріп 
көрелік. Хафиз өлеңінің мазмұндық жолма-жол аудармасы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет