Алла сүймек, ар сүймек, адам сүймек,
Ұқтырар адамдықтың шын екенін.
Пушкиннің "Дубровскийінде" Егоровнаның хатынан
бірсыпыра жайдан хабардар
болып, асығыс үйіне оралып келе жатқан Владимирді Антон жемшіктің "Песочное"
станциясында (аудармада "Құмдыбекет") күтіп алғаны, жолда бала Дубровскийдің
әкесінің жай-күйін сұрағаны, қызметшінің нендей жауаптар қайтарғаны жөнінде бір алуан
мәлімет бар. Бұл эпизод Шәкәрімде жоқ. Мұның мәнісі,
біздіңше, мынау. Оқырмандар
Троекурорвтың қолдан жасаған қиянат қысымынан кәрі Дубровскийдің дертке ұшырап,
қатты науқастанып қалғаны туралы бұрыннан толық таныс болатын.
Екі байдың не
себептен араздасқаны шығарманың бұдан кейінгі беттерінде тамтұмдап әртүрлі
жағдаяттарға орай қайталанып отырылады. Сондықтан аудармашы алдында айтылып
кеткен оқиғаны жұрттың есіне тағы да бір сала кетуді артық деп санаған. Прозада әуел
бастан белгілі эпизоттарды нендей бір мақсатпен қайыра жаңғыртулар бола береді. Ал,
поэзияның табиғатына мұндай жомарттық жараса қоймайды.
Көп сөзділікке, сюжеттің
шұбаландығына апарып соғады. Мұны жетік білетін Шәкәрім түпнұсқа қара сөз
болғанымен оны басқа түрмен сөйлетуге бел буған соң, поэзияның өзіне тән ерекшелігіне
өктемдік жасамаған.
Пушкин де жас Дубровскийдің жемшік Антоннан
біраз жайттың сырын
аңғарғаннан кейін көңіл-күйі құлазып. көпке дейін өзімен-өзі болғаны қысқаша баяндалса,
қазақ ақыны оның сол сәтіндегі мұң мен шерге толы ішкі әлемін молырақ қамтуды дұрыс
деп санаған. Мұны аталмыш дүниенің бойындағы ең бір тартымды жолдар деп білеміз.
Шал Антон бишік бұлғап божы қақты,
Сар желді күрмедегі ат, шеткі ат шапты.
Өткенін қанша уақыт пайым етпей,
Владимир тым терең ой ойлапты.
Ат пыр-пыр, арба күр-күр, қоңыраушылдар
Тау, ағаш кейін қалып, қақты бұлдыр.
Бұлардан Владимир түк сезбейді,
Әкетпес әлде қайда көңіл құрғыр.
Түпсіз ой, түпсіз қиял неше мыңдап,
Бірі бүйт, бірі сүйт деп тұрады ымдап.
Тұңғиық тұманданғаналдынғы өмір,
Тұрғанын біліп болмас не дайындап.
Қайрайды, кейде ыза боп, жауға тісін,
Ойлайды кейде реттеп, қылмақ ісін.
Ашық көзі жұмулы есепті боп,
Көрсе де көрмегендей түктің түсін.
Осындай ұйқылы-ояу бір ой басты,
Қайғы, үміт, қайрат, ыза араласты.
"Әнекей, "Покровский" «қышылақ» деген,
Антонның дауысымен көзін ашты.
Осы келтірілген үзінді аудармашының сөзбен келісті өрнек сала білетін үздік
талант иесі, майталман психолог екенін, демек Пушкиннің гуманистік,
суреткерлік
қолтаңбасын жетік түсінгенін айнытпай айғақтайды. Нағыз өнер сайысы осындай болмақ.
Арбаға жегілген аттардың қайсысының қалай жортқаны да тәржімешінің өзінің
болжамасымен дүниеге келген жолдар.
Төл еңбегі.
Пушкиннің кәрі Дубровскийдің ауыр сырқаттан дүние салған сәті: "он лежал в
креслах, на
которые перенес его Владимир, первая рука его висела на полу, половина
опущена была на грудь - не было уже и признака жизни во всем теле, ёще не охладело, но
уже обезображенном кончиною»
деген жолдармен берілсе, Шәкәрімде сол көрініс: