Тапсырмалар мен сұрақтар
1. Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тың
деректер жинастыру.
2. Ақын шығармаларындағы ұлттық мәселелер төңірегіндегі дін және дүниетаным.
3. Мәшһүр- Жүсіп жинаған ауыз әдебиеті үлгілері мен шежірелердің қазіргі мәдени
мұрадағы бағасы.
4. Шығыс аңыздарын негіз ете отырып жазған жыр-дастандарындағы көркемдік,
тақырыптық, сюжеттік ерекшеліктер.
5. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының қазіргі таңдағы тың деректермен толығуы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы - діни әдебиеттің негізін салушы
Лекцияда қаралатын мәселелер:
1.
Шәкәрім Құдайбердіұлының өскен ортасы және тәлім –тәрбие алудағы
мұсылманшылдықтың маңызы.
2.
Шәкәрім Құдайбердіұлы - Абай мектебінің шәкірті.
3.
Шығыс және түркі халықтарының әдебиетін, тарихын меңгеріп және оны
қазақы ұғымда жырлауы.
4.
Шәкәрім Құдайбердіұлы дүниетанымының қалыптасуындағы ислам
діні мен суффизмнің мәні.
5.
Шәкәрімнің өз заманындағы зиялылармен (Л. Толстой, С. Мұқанов)
шығармашылық байланысы.
6.
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмаларындағы ұлттық және Шығыстық ой-
танымның көріністері.
7.
Поэмаларындағы тарихи дерек пен көркемдік шешімінің үйлесімі.
8.
Шәкәрім лирикасындағы тың стильдік қолданыстар мен поэтикалық
ерекшеліктер.
9.
Шәкәрім Пушкин шығармаларын аударушы.
10.
Шәкәрім – көсемсөзші, шежіреші, тарихшы.
11.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының зерттелуі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Шежірелі, шерлі ғұмыр.Қазақ әдібиеті, 1998, 3 шілде.
2. Әбдірасылова Г. Шәкәрімнің таным-тағлымы / Ақиқат, №1 қаңтар, 1996,89-91 б.
3. Оразбаева А. Шәкәрімнің шежірелік шығармасы/ Ақиқат, №9, 2004, 91-94 б.
4. Қайырбеков Ә. Шәкәрім қажының Сәбеңе хаты / Егемен Қазақстан, 22-наурыз,
2006, 5-б.
5. Жеменей И. Шәкәрім және парсы әдебиеті / Қазақ әдебиеті, 2007, №11, 1,13-б.
6. Жұмағали З. Шәкәрім – аудармашы / Азия транзит,2004, №5 маусым, 32-35-б.
7. Шәкәрімнің өмірбаяны. Абай,2006, №1,52-55-б.
8. Омаров А. Ақынның бес дастаны / Қазақ тілі мен әдебиеті, 2005, №3,58-63б.
9. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 10-т. Алматы; «Ғылым:
ғылыми баспа орталығы, 2003, 456-б.
10. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы:Қазақстан –
Сана, 1991, 8б.
11. Құдайбердиев Ш. Өлеңдері мен поэмалары А., 1990ж.
12. Жеменей И. Хафиз және қазақ әдебиеті А.,2000ж.
13. Шәкәрім. А., Жалын, 1988.256б.
14. Әлпештеді мені көп. Егемен Қазақстан, 2003, №3.
Жарты
ғасырдан еріксіз үзілістен соң халық алдына
қайта шыққан ұлы
тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрім қазақ халқының
рухани
мәдениетінің тарихында алатын
орны ерекше. Шәкәрім
әрі ақын, әрі
тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы
еді.
Қазақ
әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік
үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін
бұрынғыдан
әрі танытқан
бірегей қаламгер еді.
Ш.Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде, қазіргі Шығыс
Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрім әкесі
Құдайберді — Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған жалғыз ұлы. Құдайбердінің
Дәметкен (Төлебике) дейтін бәйбішесінен Омар, Мұртаза, Шаһмардан, Шәкәрім туған. Ол
— Абайдың немере інісі. Абайдың жақын інісі болумен бірге, тікелей Абай мектебінен
өткен нағыз шәкірті. Өз елінің сөз мұрасына қоса, басқа жұрт асылдарын меңгерген
Шәкәрім Абай мектебінен өтеді, оның кеңес-ақылымен өлеңдер шығара бастайды,
поэмалар жазады. Шәкәрім Абай аясында саналы, талантты ақын болып қалыптасты. Ол
Абайдың көзі тірісінде-ақ оның, данышпан ақын екендігін алғаш танып, өлең өрнектерін
арнады:
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. ,
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді олай болса, кімді алалық,
Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық.
Шын іздесек — табармыз шын ғалым!
Жалыналық Абайға, жүр, баралық.
Шәкәрім бес жасында ауыл молдасынан хат таниды. Әкесі Қүдайберді 1866 жылы
отыз жеті жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім қалады. Бұған оның мына
өлең жолдары куә:
Бесімде оқу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп,
Түскендей болдым абаққа.
Шәкәрім әкеден жетім қалғанымен, жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересі
болып өскен, Өзі: "Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан
мақрұм қалып, ойыма не келсе соны істеп әдепсіз, ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі
танып, орысша хат танып қалдым", — деп жазады "Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар
шежіресі" атты туындысында. Сөйтіп білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да
терең түсініп, өз бетімен оқып-үйреніп, рухани қазыналарға көп үңіледі. Қазақ халқының
бай әдеби мұрасына қоса, өзге жұрттың да әдебиетін жетік білген Шәкәрім көп тілді
(араб, парсы, түрік, шағатай, орыс) меңгерген. Шәкәрімнің азамат ретінде қалыптасуында,
Абай тәрбиесінің өзіндік орны бар. Оның өз заманының білімді де, парасатты азаматы
дәрежесіне көтерілуіне Абай ерекше әсер еткен. Бұл туралы жоғарғы еңбегінде Шәкәрім
өзі былай дейді: "Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза — қазақ ішінде Абай деп
атайды — сол мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да
бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі
кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім. Ибраһим
мырзаның тұрағы қазақ болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Алай болмағанда
дәнішман,хаким, философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті"
"Шәкерім — ескі қоғам мен жаңа қоғамның арпалысында өмір сурді.
Өйткені,бала Шәкерімнің өскен ортасы, алған білім нәрі — Абаймен тығыз байланысты.
Ол ескілікті мүлдем жоққа шығарған жоқ.Жаңаның яғни дамудың өзі тамырын
ескіліктен, өткеннен алатынын ұға білді.
Бір қоғам аунап түсіп, екінші қоғам есік ашқан өліара шақта алпыстағы
ақсақалдың жан дүниесінде белгісіз бір күш
тайдай тулап жатты. Кеңес үкіметін алғашқыда ел қатарлы жылы қабылдағанымен,
осынау жас кұрылысқа бел шешіп, етене араласпады. Тек ағартушылық жолындағы
арман құсы:елдің бәрі жаппай сауаттанып, қараңғылық торынан құтылар-ау деп үміттенді.
Осыған байланысты сол кездегі алғашқы қазақ басаспасөздерінде үлгілі үгіт-насихатқа
толы туындыларын жариялап жүрді. Кейіннен Кеңес үкіметінің жаппай науқаншылыққа
салынып, теріс қылықтар көрсете бастағанын көре түскен сезімтал ақын бәрін қойып,
елден бөлініп, жалғыз өзі тау арасында ғұмыр кешуге бел байлаған.
Шәкәрім - шығыс елдерін көп аралаған адам. Алып Азияның бірнеше ірі
калаларында болып, олардағы дүниежүзілік кітапханаларда білім нәрін бойына жинап,
арнасына сіңіре тускен. Сонау техника атаулының түске де кірмейтін кезінде Құнанбай
атасының жолын қуып, Меккеге барып, қажы атанғаны өз алдына бір төбе. Шәкерім —
Абай бұлағын әрі қарай дамытамын деп бүкіл өмірін ізденумен, жалықпай, талмай еңбек
етумен өткізеді.Ол Абай ағасының салған жолмен қараңғы елге күн нұрындай сәуле
түсіргісі келді. Осы жолда талай-талай жауһар інжіу дүниелер жазды. Шындыққа толы
көркем "дастандар, ойлы да мағыналы өлең- жырлар, сұлу да нәзік әндерді жарыққа
шығарды,
Ел игілігіне айналыл отырған елеулі еңбектерін атап өтсек: 1911 жылдың өзінде-ақ
Орынборда «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты
кітаптары шыққан. «Ләйлі-Мәжнүн», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек».«Нартайлақ пен
Айсұлу». «Қодардың өлімі» атты кең тынысты , эпикалық поэма-дастандары ұлттық
әдебиетіміздің інжу- маржандары болып саналары сөзсіз.
Аударма саласында Шәкерімнің еткен еңбегі зор. Оған дәлел, А. С. Пушкиннің «
Дубровский әңгімесі» дейтін романын және «Боран» повесін өлеңмен қазақшаға
тәржімалады. Лев Толстойдан «Ассирия патшасы Ассархадон», «Үш сауал», «Крез
пртша» әңгмелерін өз тілімізде сөйлетті. 'Проза саласында 1925 жылы жазылғзн «Әділ-
Мария» атты романын атауға болады.
Осы сан алуан шығармаларының бәрінде ол реалистік көзқарасты ұстанды. Өмір
ағыстарының нақтылығын, махаббат пен табиғат жарасымдылығын тілге тиек қылды.
Сондай-ақ
,
ағартушылық, әлеуметтік-әшкерелеушілік ғибратқа толы даналық нәрін қоса
өріп отырды
Шәкәрімнің әзірге белгілі бес дастаны бар. "Оятқан мені ерте - Шығыс жыры" деп
өзі айтқанандай, ақын бал дәурен балалық кезінен Шығыстың ұлы шайырларынан сүйіп
окып, олар жайлы мағлұматқа қанық болған. Атақты шайырлар салған дәстүрдің бірі -
артқыға кемінде бес дастан қалдыру еді. Осы әдіспен бір-бірімен күш сынасу
творчестволық бәсекеге түсу шығыстың бұрын-соңды өткен ұлы ақындары үшін
жазылмаған қағида есепті еді. Осыны жақсы білгсн Шәкәрімнің бес дастан жазуы
кездейсоқтық болмаса керек.
Бес дастанның үшеуі ("Нартайлақ-Айсұлу", "Қалқаман-Мамыр" және "Еңлік-
Кебек") - қазақ өмірінен алынған, қалған екеуі ("Ләйлі-Мәжүн". "Дубровский") - аударма
туындылар. Үшеуінің бірі - '"Нартайлақ-Айсұлу" дастанын Сәбеңе хатында "25 жаста
жазғаным" деп Шәкәрімнің өзі атап көрсеткендіктен оның 1883 жылғы тырнақ алды поэма
екені күмән туғызбауға тиіс. Бұл жайды ілкіде айтқанбыз. Сондықтан қазіргі сөзді
'"Қалқаман-Мамыр" және "Еңлік-Кебек" дастандарынан бастайық. Екеуі де 1912 жылы
Семей қаласында "Жәрдем" баспасында басылып шыққан, қалың қазақ сүйіп окыған,
халық арасында кеңінен танымал дастандар. Екі кітап та автордың таныстыру есепті
кішкене кіріспе сөзімен ашылады. Өкінішке қарай, екі дастанын жазған уақыты да
мәлімсіз. Ахат Шәкәрімұлы 1992 жылы "Жұлдыз" журналында жарияланған естелігінде
"Қалқаман-Мамыр" 1888 жылғы, ал "Еңлік-Кебек" 1891 жылғы деп дерек береді
«Елден басқа қайғым жоқ»— деп өткен ұлтжанды ойшыл 60-қа жуық өлеңін
халқына, оның хал-жайы мен рухани өмірі жағдайына арнайды. Жер аралап талай
мәдениетті елді көрген, талайын сынаған Шәкәрім оларды өз елімен салыстыра келіп,
арасындағы жер мен көктей: айырмашылықты көргенде жапан далада мәдениет, өнер-
ғылым сәулесінен шет қалып: азып-тозып бара жатқан қазағын қайтсек те , қатарға
кіргіземін деп ой кешеді. Ел басына түскен дерттің себебін, одан құтқарудың жолын іздеп
қайғыланады, азаптанады. «Елді бұзған не десең — кетті наным»,— деп Шәкәрім
қазақтың бір-біріне жауығып, жамандық ойлаған, патша саясатының кесірінен бірлігі
ыдырап, бас-басына бытыраған жайын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |