Өлмей, өшпей тұра ма адам фәні,
Мұзға айналып қалыпты ыстық тәні
Басы иіліп кетіпті кеудесіне,
Ашулы оң қолының алақаны.
Басын имек - тағдырға көндім демек,
"Фәрмәньша мойнымды бердім" - демек.
Алақаны ашылған ишараты –
"Несін алдым, мен ақтан өлдім" -
демек, - деген өлең тармақтарымен бейнеленген. Шәкәрім қажы түпнұсқадан арнайы
ауытқи отырып жер басып жүргендердің бәріне қатысты ой түйеді.
Шәкәрім қажының Пушкиннен жасаған екінші аудармасы - "Боран" повесі.Повесть
Пушкинде "В конце 1811 года, в эпоху нам достопамятную, жил в своем поместье
Ненарадове добрый Гаврила Гаврилович Р. Он славился во всей округе гостеприимством
и радушием; соседи поминутно ездили к нему поесть, попить, поиграть по пяти копеек в
бостон с его женою, а некоторые для того, чтоб поглядеть на дочку их Марью Гавриловну,
стройную, бледную и сем-налиатилетнюю девицу. Она считалась богатой невестою, и
многие прочили ее за себя или за сыновей" деп басталады. Автор тарапынан берілетін осы
ремарканы қазақ ақыны:
Мың сегіз жүз он бір жыл шамасында,
Он екінші жылменен арасында.
Саврило Сагроловин дейтұғын бай,
Отырған Нишандырып қаласында.
Оншалық зор қала емес, отар екен,
Зор салты ғой оңдайды қала деген.
Қарыз бергіш, ашық жүз, қонақшыл бай,
Сол жерді иемденіп қылған мекен.
Прасковья Петровна - бәйбішесі,
Онын да түгел еді әр немесі.
Сонда келіп карта ойнап, сауық салып,
Қызық күндер өткізген көршілесі.
Қызы Мария бек сұлу, һәм әдепті,
Сол жылы он жетіге жасы кепті.
Оны көрген бозбала ынтық болып
Дариға-ай, осы қызды алсақ депті.
"Боранның" қазақшасы да тартымды. Мұнда да сюжет желісін шашпай-төкпей
түгел сақтау нысанасы көзге бірлеп шалынады. Прозаға жаттығы жоқ кейбір тәптіштеулер
қалдырылып кеткен. Дәстүрі, салты, тұрмыс өрнегі бөлек сахара тұрғындарына түсінікті
болсын деген ниетпен кейбір жайттарды тартатыңқырай әңгімелеген. Сөз кестесі де
келісті. Дегенмен... "Боранның" қазақшасында аратұра бастапқы нұсқадан, біздіңше,
орынсыз алыстаңқырап кететін тұстары "Дубровскийдегіден" гөрі молдау ма дейміз. Бұл
еркіндікті кейде қостасақ, кейде орынсыз көріп, бейтарап отырып қалатындай күй
кешеміз. Мүмкіндігі шағгын біреу болса, әрине, әңгіме бөлек. Ал, Шәкәрім сынды
алыптардың жөні бір басқа. Ондай ғұламалардың әрбір сөзі мен сөйлемінің назардан еш
уақыт қағыс қалмайтындығы соған орай.
Путаккидегі Мария Гавриловананың жүректің әміріне көніп, көрші Жадрино
(Шәкәрімде - Шадрии - З.Ж.) селосындағы шіркеуде Владимирмен некелесу рәсіміне бел
байлап, түнде жолға жиналғаны киім-кешектерін буып-түйгеннен кейін өзінің сырлас, дос
қызына, одан соң жасағалы отырған батыл қадамына жалбарына-жалына кешірім өтініп
әке-шешесіне хат жазғаны, шаршап-шалдығып таң алдында ғана төсегіне қисайғаны,
бірақ, әртүрлі қиқы-жиқы түстер мазалап, орнынан құр сүлдесі көтерілгені, үй-ішінің оны
сырқаттанып қалдыға жорып естері шыққаны, сол күні тәбеті тартпай тұрғанын
сылтауратып кешкі тамақтан бастартқаны, баққа шығатын есік арқылы, сүйіктісіне берген
серті бойынша аттану сапарына түпкілікті тәуекел еткені суреттелетін жолдарды Ш.
Құдайбердиев былайша сөйлеткен:
Түн болған соң, Мария дайындалды,
Бірге өскен малай қызын қасына алды.
Шкаф, айна, столға амандасып,
Шамаданға киімін түгел салды.
Хат жазды ата-анадан кешу сұрап,
Асықтық әкеткенін айтты жылап.
Конвертке екі жүрек сурет салды,
Сыртынан тұрғандай ғып от шашырап.
Достарыңызбен бөлісу: |