үзіндінің соңғы екітармағы түрінде жүзеге асқан. Ауытқу болмашыға тән. Жоғалған
пәлендей ештеңе жоқ. Тек бірінші нұсқадағы уағдалы жерде қыздар келіп үлгергенше ауа
райының қолайсыздығынан атшы мен аттардың қатты қажып, мазасызданғаны
суреттелетін мына штрихтің: "Лошади, прозябнув, не
стояли на месте; кучер
Владимира расхаживал перед оглоблями, удерживая ретивых. Он помог барышне и ее
девушке усесться и уложить узлы и шкатулку, взял вожжи и лошади полетели" қалып
қоймағаны орынды еді. Өйткені
есік-терезені тарсылдатып, долдана соққан қатты боран
бұл шығармадағы жай, ауа райының кездейсоқ қолайсыз көрінісі ғана емес, кейіпкер
біткеннін бәрін әуре-сарсаңға салған зормылқау күш, жазмьштың әркімге тарқтызған
сыбағасының алапат себепкері. Демек, әлгі келтірілген шағын үзік автордың айтпақ
ойының түйініне жетелейтін елеулі сілтеменің бірі. Сәл бұрмалаңқырай сөйлесек, оның
эстетикалық функциясын кәдуілгі оркестр құрамындағы былайынша қарапайымдау
көрінгенімен, үлкен дүрмектің сапында өзіндік үні бар музыкалық аспаппен салыстыруға
тұрарлықтай. Оның орнын жоқтауымыздың себебі сол.
Түп нұсқада Владимирдің күні бұрын
Жадринодағы шіркеудің
Священнигіне жолығып, оны өйтіп-бүйтіп ақыры Мария Гавриловнамен некесін
қиғызуға көндіргенін, одан соң куәгерлер іздеп біраз азаптанғанын, сәті түсіп
отставкадағы қырықтар шамасынлағы Ларвин дейтін көрнекті және Шмидт дейтін жер
өлшеуіш пен бір капитан-тәлімгердің он алтыға келіп қалған ұлымен келіскені айтылады.
Бұл эпизод та қазақшасында жоқ. Тек ол суреттеменің бастапқы жағында:
Достарыңызбен бөлісу: