Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет313/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
өткенді көксеу мен ұлтшылдық са-
рынды іздеген тұрпайы социоло-
гизм СОКП Орталық Комитетінің 
1958 жылғы «Ұлы достық», «Бог-
дан Хмельницкий» және «Шын жү-
ректер» операларын бағалауда жібе
-
рілген қателіктер түзету туралы» 
қаулысынан кейін, қайта атқа мінер-
дей сыңай танытты.
Тұрпайы социологизмдік пиғыл-
дар мен нигилистік көзқарас Н. Жан-
дилдиннің «К вопросу о критическом 
использовании куль-турного насле-
дия прошлого» деген мақаласынан 
кейін әдеби мұраға байланысты 
да көрінбей қалмады. Оған мы-
сал көп. Біз біреуін ғана келтірелік. 
М. Ақынжановтың «Қазақтың те-
гі» деген кітабына байланысты 
Е. Ысмайылов «Коммунизм таңы» 
газетінде «Қазақтың тегі туралы» 
деген (1956, 7 қантар) рецензиялық 
мақала жазып, халық тарихының 
келелі мәселелеріне барып, ұлт бо-
лып қалыптасу жолын зерттеудегі 
сәтті ізденістерін атап өткен бо латын-
ды. Еңбек пен рецензияға қар сы 
К. Акишев, С. Ибрагимов, Е. Агее ва
дегендер «Неудачная монография» 
деген атпен мақала жазып, тұр пайы 
социологиялық көзқараста «қа-
зақтарды ұлттық оқшаулануға апа-
ратын ұлтшылдық көзқарастағы кі-
тап» деп тапты. Маркстік-лениндік 
әдіснаманың әдебиеттің таптығы мен 
халықтығы принциптерінің асыра 
дәріптелуі – тұрпайы социологизмді 
өрістететінін тәжірибеден білетін. 
Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитеті өзінің 1957 жылғы қаулы-
сында көрсеткен бағыт-бағдар мен 
талаптарға сүйене келе, көркем 
әдебиет, ғылым саласындағы билікті 
мықтап қолына алды.
Бір қуанарлық жағдай, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір лениндік әдіс-
наманың әдебиеттің таптығы, ха-
лықтығы, партиялығы қағидаларын 
басшылыққа ала отырғанымен, ке-
ңестік дәуірдегі әдебиетті зерттеуде 
«тұрпайы социологизмге» ырық бер-
мей кетті. Шынын айтқанда, қазақ 
әдебиеттануы уақыт, заман талабы-
на тез бейімделіп, оған маркстік-
лениндік ілімге сай әдіснамалық, 
теориялық және сыншылдық жағы-
нан дайын болды да, тез игеріп 
әкетті. «Маркстік-лениндік теорияға 
сай әдебиет қоғам өмірінің, таптық 
күрестің айнасы деген қағидасы, 
Лениннің бір ұлттың ішінде екі 
мәдениет барлығы, пролетариат мә-
дениеті бұрынғы феодалдық, капи-
талистік қоғамдар жасаған мәде-
ниеттің заңды жалғасы, оны сын 
көзімен қарап пайдалану, әдебиет-
тің партиялығы, халықтығы тура-
лы қағидалары қазақ әдебиеттану 
ғылымының негізгі идеялық арна-
сы» болып алынғандықтан, тұрпайы 
социологизм көзқарасында бұра 
тартушылыққа орын қалмады [1, 
24]. Егер қазақ әдебиеттануының 
даму жолына әдіснамалық тұрғыдан 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


334


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет