ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
1920-1930 жылдардағы қазақ әде-
биетінің толық та жүйелі зерттел-
мей қалуының себебін ашу үшін –
бұл жағдайларды тереңірек сөз етіп
отырғанымыз да сондықтан.
Бұдан
шығатын
қорытынды
сол – ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кір жаңару кезеңіне аяқ басқан тұс-
та әдебиеттану ғылымына үлкен
өзгерістер әкелетін өз позициясын
қорғай алмады. Жазықсыз жазаланып
«ұлтшыл-алашшыл» атанған ақын-
жазушылар мұрасын ғылыми тұрғы-
да дәйекті қорғауда табандылық та-
нытпады. Ұлттық әдебиеттану өзінің
қалыптасу кезеңіне қадам басты
дей отырғанымызбен, ғылыми зерт-
теу жұмыстарында ұлттық мүддені
бірінші орынға қоюға әлі де болса
дайын еместігін байқатты. Өз ішінде
осы ұлттық мүддеге бастайтын бір
бағытта болмауынан жалған догма-
тиктерге қарсы күреске шығудың
орнына, жоғары жаққа жалтақтауы-
нан арыла алмады. Нақты айтқанда,
қазақ әдебиетші-ғалымдары арасы-
нан тың игеру науқанына байланыс-
ты қазақ жерінің тағдыры талқыға
түскенде «портфель кетті, алайда
ел қалды» деп халық мүддесін қор-
ғап қалған Жұмабай Тәшенов секіл-
ді тұлғалар шықпады. Ал тұрпайы
социологизмдік көзқарас басқа тү-
гіл партиялық құжаттардың өзінде
сынға ұшырап жатқанымен, өз пози-
циясынан оңай айрылғысы жоқ еді.
Кеңестік идеологияның екі жүзді са-
ясатына сүйенген бұл теория көркем
әдебиетке ауыз салып, тап тартысы
анық көрініс таппаған туындылар-
дан ұлтшылдық іздеуін қоймады.
Д. Мыңбаев «Қазақ әдебиетіндегі»
«Бір семьялы әдебиет» (1957, 25
қаңтар), «Социалистік Қазақстан-
дағы» «Қазақ әдебиетінің мәде-
ниетін көтере берейік» (1957, 29 қаң-
тар) секілді бас мақалалардың Қа-
зақстандық идеология басшылары-
ның нұсқауымен жазылғанын орын-
ды атап өтеді [84, 217]. Оған Н. Жан-
дилдин сияқтылар «Ұлт мәдениетін
өркендетудің кейбір мәселелері ту-
ралы» («Қазақстан коммунисі», 1957,
№7) деген нигилистік көзқарасқа
негізделген мақалаларымен бағыт-
бағдар беріп отырды. Халықтар
достығы идеясын, ссоциалистік өмір
шындығын жырлауда социалистік
реализм әдісінің талаптарынан та-
была бермейтін шығармалардан
ұлтшылдық пиғылды іздеп табуды
мақсат еткен мақалалардан тұрпайы
социологизмнің салқынын аңғару
қиын емес. Солақай сыншылдықты
арқау еткен С. Бейсенбаев дегеннің
В. Бюраковпен бірігіп «Известияда»
жариялаған «У писателей Казах-
стана» (1957, 22 наурыз) мақаласы,
оның «Қазақ әдебиетінде» өз атымен
шыққан. «Халық өмірі сәулеттірек
суреттелсін» (1957, 29 наурыз) атты
нұсқасы осының айғағы. Таптық
қоғамның қайшылықтарын ғана
жыр лауды талап еткен, шығармадан
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
333
Достарыңызбен бөлісу: |