ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
қарасақ, тұрпайы социологизм ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің ұлт-
тық мүддеге сай бағыт-бағдар ал-
ған ізденістерінің айқын көрінген
кездерінде ғана бой көрсетіп отырған
екен. Алғашқыда Алаш арыстары-
ның зерттеу еңбектеріне қарсы
ҚазАПП-тың
солақай
демого-
гиясы дәреже сінде көрінсе, екінші
рет 1930-жылдар дың екінші жар-
тысында Абайды халық ақыны деп
танудан басталған жаңа қадамдар
тұсында ұлтшылдықты әшкере-
леу, «халық жауларын» табуға бай-
ланысты науқанмен тіл табысып
кетті. Ал үшінші рет, ерекше және
жан-жақты өріс алған тұсы – қазақ
әдебиеттануының қырқыншы жол-
дардағы барлық табысын түгел
жоққа шығаруға дейін жеткен
50-жылдардың басындағы кезеңі.
Және ол ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің жаңа, тың бағыттағы қа-
дамдарын міндетті түрде бірыңғай
ағым теориясымен байланыстырып
отырған. Осы тұрғысынан келген-
де, қазақ әдебиеттануында бірыңғай
ағым теориясы ерекше орын алды
дегенге күмәндана қарамасқа бол-
майды. Оны мүлде болмады деп
үзілді-кесілді жоққа шығарудан
аулақпыз. Кейбір белгілерінің, яғни
ақын-жазушылардың бәрін классик
деп бағалаудың болғаны шындық.
Бірақ, ол соңғы кезге дейінгі ғылыми
еңбектерде ерекше назар түсірі-
ліп айтылған «біздің әдебиеттану
жұмысымызға бірталай зиянын ти-
гізіп келген – «бірыңғай ағым» тео-
риясы... 30-жылдардың ақыры мен
40-жылдардың бас кезінде жазылған
біздің әдебиеттану еңбектеріміздің
бірқатарында Бұқар мен Махамбет
те, Шортанбай мен Алтынсарин де,
Абай мен Мұрат та, Сұлтанмахмұт
пен Шәңгерей де, Дөнентаев пен
О. Қарашев та – барлығы да ағар-
тушы, демократ, сыншыл реалист,
тіпті халық ақыны етуге дейін асы-
ра дәріптеу орын алды. Ал фольклор
мұралары да ешбір жіксіз, мінсіз
бірыңғай мақтаумен болды, батыр-
лар жыры мен тарихи жырлардың
арасында шек жойылды. Жеке ақын,
жазушылардың творчествосындағы
идеялық қайшылықтар ашылма-
ды», деген секілді тұжырымды пікір
айтуға негіз бола алмайтын еді [1, 38].
Өйткені, жоғарыда сынала айтылған
ақындар ағартушы-демократ болма-
ғанмен, сыншыл реалист, халық
ақыны болғаны жалған емес, бүгінгі
таңда ол дәлелденіп те жатыр.
1947 жылғы және 50-жылдардың
басындағы қаулы-қарарларда «тұр-
пайы социологизмге» негізделе ай-
тылған осы айыптаулар зерттеу ең-
бектерде өзгеріссіз қайталанып, «ол
қателіктерді партия әділ көрсетіп
бергені» ғылыми дәлелдене баста-
ды. Әуелде 1958 жылғы «Қазақ со-
вет әдебиеті тарихының очеркінде»
айтылса, осы жылғы әдеби мұра-
ны зерттеу туралы конференцияда
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
335
Достарыңызбен бөлісу: |