ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
басталған әлеуметтік сарын Махам-
бет поэзиясында күрескерлік мән-
ге ауысты, одан кейін Шортанбай,
Мұраттарда діншілдік, зарлана кү-
ңі ренумен
толығып,
Ыбырайда
ағар тушылық оқу-өнерге шақыру
сипа тын қабылдағанын Абайға де-
йінгі қазақ поэзиясының өсу жолы
ретінде көрсетеді. Жиырмасын шы
жылдардағы әр түрлі мақалаларда
айтылып қана жүрген осы ақындар
шығармашылығына оқулық көле-
мінде алғашқы талдау жасауы, қолда
бар деректердің сол кездегі ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір тұрғысынан
жүйеленуі, қорытылуы қазақ әдебиеті
тарихын ғылымдық негізде зерт-
теуге алғашқы соқпақты салғанын
көрсетеді.
М. Әуезов оны осы еңбектің со-
ңында «Бүгінгі мақсат – қазақ ел
әдебиеті жұрнақтарын сыртқы түр
мен мағынасына қарап әр түрінің
орнын көрсету. Бұл кітаптың түп
мақсаты сол болған соң, бір дәуірде
бір түрлі өлең айтқан ақынның бә-
рін сынаудың орнына солардың
ішінен мысал боларлық бірнешеуін
алып, осылардың мысалын тексе-
румен әдебиет тарихының желісін
тартып алмақшымыз. Әр жерде ша-
шылып қалған ескіге қарап, әдебиет
тарихының ұзын жолынан қалған
сүрлеуді тауып алуды талап етіп отыр-
мыз», – дей келіп, «Қазақ әдебиетінің
тарихы зар заман дәуірінен соң
Абайға келіп тіреледі. Енді Абайға
көшеміз», – деп қорытады. Әрине,
қазақ әдебиеттану ғылымының өріс-
теп дамыған қазіргі кезеңнің та-
лап-тілегімен қарайтын болсақ, оқу-
лықтағы «бірыңғай ағым» теориясы
мен «тұрпайы социологизм» теория-
ларына сай көзқарастағы пікірлерін
сол дәуірдегі тек бізде ғана емес,
бүкіл кеңес әдебиеттану ғылымында
орын алған осы концепциялардың
ықпалы деп түсінген дұрыс. Сол
кездегі «ұлтшыл-алашордашыларға»
қарсы күрестің бір шеті М. Әуезовке
де тиіп, шығармалары сыңаржақ
солақай сыншылдыққа ұшырап жат-
қанын ескерсек, оқулықтың бүкіл ти-
ражының баспадан шықпай жатып
жиналып алынып, таралмай қалуына
таңдануға болмайды. Идеялық ны-
санасы қате деп танылып, мектеп-
тер мен жоғары оқу орындарында
практикалық арнасын таба алмауына
заман, дәуір ағымы кінәлі еді. Оқулық
кеңес дәуіріндегі ой-көзқарасқа сай:
«М. Әуезовтің 1927 жылы шыққан
«Әдебиет тарихы» атты кітабы
маркстік методология тұрғысынан
қарағанда «бірыңғай ағым» теориясы-
на ойысатын елеулі қате-кемшіліктері
бар еңбек болатын. Алайда бұл еңбек
қазақ әдебиеті тарихын зерттеу тала-
бымен құнды», – деп бағаланды [17,
110]. Халық ауыз әдебиетінің кейбір
үлгілерін, Бұқар, Шортанбай, Мұрат,
Ыбырай Алтынсарин өлеңдерін тал-
дау барысында ұшқары айтылған ой-
пікірлер М. Әуезовтің кейінгі жыл-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
182
Достарыңызбен бөлісу: |