ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
де тіпті қиыннан қиыстырып біз де
(Жұмалиевте, Ысмайыловта, мен
де) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ
амал не, бұл жаңалықты тапқан Ақаң
екенін кезінде ашып айта алмай
Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр
болдық» деген пікірі дәлелдей түседі.
Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов
«Әдебиет танытқыштағы» ұлттық
әдеби-теориялық ой-пікірге сүйене
отырып, онда қарастырыла қоймаған
теориялық ұғым-түсініктерді қамтып,
дамытып әкетті. Сол арқылы қызыл
империяның теориялық бағыттағы
зерттеу еңбектерді пайдалануға тый-
ым салуынан туған іркілістің ор-
нын толтырып, соны ізденістерге
жол салды. Теориялық ой-пікірдің
белгілі бір дәрежеде жалпылық си-
паты мен ортақтығын есте ұстай
отырып айтар болсақ, бұл еңбектер
«Әдебиет танытқыштағы» теориялық
мәндегі ұлттық ұғым-түсініктердің
желісін үзбей бізге жетуіне, ғылыми
қолданыстан шығып қалмауына,
жаңа қадамдардың жалғаса беруіне
алтын көпір болды. Ұлттық әдеби-
теориялық ой-пікірде әдеби ағым
мен көркемдік әдіс, стиль, тақырып,
идея, әдебиеттің тегі мен түрі ұғым-
түсініктерді бүкіл әлемдік теориялық
ой-көзқараспен байланыстыра қа-
рап, нақты мысалдармен дәлелдей-
ді. А. Байтұрсынов еңбегінде негізі
қаланған қазақ өлеңінің құры-
лысы Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов
еңбектерінде ғылыми жалғасын та-
уып тереңдете зерттелді. Олар өлең
сөздің теориясына тән жаңа атау-
лар енгізді және оны теориялық ой-
пікірде орнықтырды.
Қорыта келгенде, ұлттық әде-
биеттану ғылымының туу кезеңінде
әдеби-теориялық ой-пікір саяси-идео-
логиялық қыспаққа ұшырай отыр-
ғанмен де өзіне жол тауып, ұлттық
әдебиеттанудың туу процесін тездете
түсті. Сол арқылы ендігі қалыптасу
кезеңіндегі соны ізденістеріне жол
ашты, әдеби-теориялық талдау жа-
саудағы білім негіздерін кемел ден-
діре түсті. Маркстік-лениндік әдіс-
наманы басшылыққа алу айқын
се зіле бастағанымен, әлі де болса
бұрынғы ұлттық сипаттағы үрдісі нен
де қол үзе қоймады. Ол әдебиет тура-
лы ғылым енді ғана туған кезеңі үшін
аз табыс емес еді.
Қорытындылай айтар болсақ, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымы өзінің та-
лай қиын-қыстаулы жолдан өткен туу
дәуірін аяқтап, социализмнің орнау-
ына байланысты толық үстемдікке ие
болған маркстік-лениндік әдіснама
қағидаларының талаптарын меңгере
отырып, қалыптасу кезеңіне қадам
басты.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
265
Достарыңызбен бөлісу: |