ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Сонымен қатар, оқу құралында
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске
байланысты туған жырлардың та-
рихи мән-маңызы зерттеу нысана-
сына айналуы да тың ізденістер-
дің белгісі болып табылады. Автор
XVІІ ғасырдағы Барақ сұлтанның
Әбілқайыр ханға қарсы күресінен
бастап, Сырым, Исатай-Махамбет,
Кенесары-Наурызбай, одан соң Бе-
кет, Есет, Ерназар, Жанқожалардың
қозғалысы туралы таныстыра келіп,
16-жылғы көтеріліс отаршыл дық-
қа, хан-феодалдарға қарсылығының
заңды жалғасы деп табады. Күдері
ақынның «Аманкелдінің Торғайды
алуы», Иса Дәукебаевтың «Бекболат
батыр», Біржан Берденовтің «1916
жылы» атты шығармалары тарихи
және әдеби-теориялық тұрғыда тал-
дануы – ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің әр салаға қол созғанының
айғағы. Қазақ әдебиеті тарихының
әлі де болса даулы күйде тұрған
бұл дәуірін зерттеудегі осындай
ізденістерін Е. Ысмайылов Қ. Жұ-
малиевпен бірігіп шығарған 1942
жыл ғы «Қазақ әдебиеті», 1946 жылғы
«Қазақ әдебиеті. ХІХ ғасырдың
ақыры мен ХХ ғасырдың басындағы
қазақтың жаңа жазба әдебиеті»
атты оқу құралдарында тереңдетіп,
толықтырып отырды.
Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің 1940 жылдан бастап 1947
жылғы 21 ақпанындағы Қазақстан
КП Орталық Комитетінің «Қазақ ССР
Ғылым академиясы Тіл және әдебиет
институтының жұмысындағы өрес-
кел саяси қателіктер туралы» талқан-
дағыш қаулысына дейінгі азғана
уақыт аралығында зерттеу ныса-
насына алған енді бір кезеңі кеңес
дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихы
болды. Қазан төңкерісінен кейін қа-
натын қомдап, қазір әлемге таны-
лып отырған қазақ әдебиетінің туу,
қалыптасу, өсу мәселелері алғаш рет
ғылыми тұрғыда тексеріле бастады.
Бұл дәуірдің ішкі кезеңдері де талай
уақытпен межеленіп, әр қилы атау
алғаны да әмбеге аян. «Пролетар
әдебиеті», «Төңкерісшіл әдебиет»,
«Кеңес совет әдебиеті» деген жал-
пы атаулардың аясында талай дау-
дамайға түскен кездер де болды. Өсу,
даму процесіндегі әдебиетті дәуір-
леу мәселесі уақыт тезіне салынып
отыратындығын ескерткен уақытта,
алғашқы кезеңдегі ой-пікірлердің
былайша көрінгенін еске сала кет-
кен жөн. Б. Кенжебаев 1941 жылғы
мақаласында: «Қазақ халқының со-
вет әдебиеті өзінің дамуында төрт
дәуір өткізді.
1. Қазақ даласында совет өкіме-
тін орнату, нығайту дәуірі (1917-1925
жыл дар арасы);
2. Қазақ ауылындағы жер бөлісі,
ірі байларды, феодалдарды конфис-
келеу науқандарының тұсы (1925-
1929 жылдар арасы);
3. Колхоздасу, индустриялау дәуірі
(1929-1936 жылдар арасы);
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
276
Достарыңызбен бөлісу: |