Оқу мақсаты 11.5.1.14 Глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру
11.5.1.16 Глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру
11.5.1.19 Крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру
11.5.1.21 Ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату
11.5.1.27 «Құлып және кілт» моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті
катализ процесін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастырады
Глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастырады Крахмал және целлюлоза құрылысын, қасиеттерін салыстырады
Ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажыратады
«Құлып және кілт» моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
1.(a) Моносахаридтердің құрылысын Фишердің сызықты (проекциялық) формуласы түрінде және циклді формада көрсетуге болады. Таутомерия дегеніміз моносахаридтердің циклді формасымен ашық сызықты формасының арасында, ерітіндіде жүзеге асатын динамикалық тепе-теңдікті атайды. Кестеде көмірсулардың таутомериясы берілген. Көп нүктенің орнына моносахаридтің аталуы мен молекула формасын жазыңыз.
(b) Төменде кестеде көмірсудың формуласы мен көмірсу атаулары арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:
-
Көмірсудың формуласы
|
Көмірсудың атауы және формасы
|
|
A. Фруктоза
|
1)
|
В. Целлобиоза α -D-глюкопиранозил (1→4) α -D-глюкопираноза
|
|
|
Глюкозаның маңызды химиялық қасиеттерінің бірі — әр түрлі микроорганизмдерәсерінен ашуы. Ашу реакцияларының бірнеше түрлері бар.
Глюкозадан ашытқы ферменті әсерінен спирттік ашу кезінде этанол түзіледі. Бұл процестің химизмі өте күрделі.
Глюкозаның спирттік ашу реакциясының теңдеуін құрыңыз:
Сүт қышқылды ашу барысында глюкозадан сүт қышқылы түзіледі. Бұл процесс сүт қышқылды бактерия ферменттерінің әсерінен жүреді. Глюкозаның сүт қышқылды ашу реакциясының теңдеуін құрыңыз:
Май қышқылды ашу процесінің биохимиялық табиғатын алғаш рет 1861 жылы Луи Пастер зерттеген. Л. Пастер бұл процесті қоздыратын ауалы жерде тіршілік ете алмайтын ерекше микробтар екендігін ашты. Глюкозаның май қышқылды ашу реакциясының теңдеуін құрыңыз:
Көмірсулар – табиғи органикалық қосылыстар класы. Полисахаридтер ішіндегі кең тарағандарының бірі – крахмал және целлюлоза.
Целлюлоза мен крахмалдың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасында көрсетіңіз:
Төменде берілген сөйлемді тиісті сөздердің көмегімен толықтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |