Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат


Күшті электролиттер. Иондар активтілігі



бет16/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
есеп және шығару жолдары

Күшті электролиттер. Иондар активтілігі
Сулы ертінділерінде толық диссоциацияға түсетін электролиттер күшті электролиттер деп аталады, оларға көптеген тұздар, сілтілік және сілтілік жер металдар гидрооксидтер, кейбір қышқылдар HCl,HBr, HІ, HСlO4, HNO3, H24.
Күшті электролиттерде иондар концентрациясы көп болғандықтан, ионаралық тартылыс күші өте аз концентрацияда да байқалады. Нәтижесінде иондар еркін қозғала алмайды да толық диссоциацияға сәйкес қассиетті көрсете алмайды. Сондықтан ионның ертіндідегі жағдайын көрсету үшін, иондар концентрациясымен қатар, активтілікті, яғни шартты концентрацияны қолданады.
Ион активтілігі а (моль/л) ертіндінің молярлық концентрациясымен См байланысы келесі өрнекпен беріледі:
а = f · Cм,
а – ион активтілігі
f - активтілік коэффициенті
Активтілік коэффициенті ертінді құрамы мен концентрацияға, ионның заряды мен табиғатына тығыз байланысты.
Бірақ сұйытылған ертінділерде ион табиғаты оның активтілік коэффициентіне әлсіз әсер етеді.
Иондық күш - 
ал, активтілік коэффициенті сұйытылған ертінділерде келесі формуламен есептеледі:
1-мысал. Құрамында 0,01 моль/л және 0,01 моль/л MgCl2 бар ерітіндідегі иондық күшін және активтілігін есепте.
Шешуі.
f = - 0,30
f = - 0,74
ал, активтіліктері а= f · С бойынша табылады:
11-12 сабақтар
Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш
Судың электролит ерітінділердің айырмасы, ол электр тогын өткізбейді. Дегенмен таза су аз мөлшерде өзін құрайтын иондарға диссоциацаяланадың:
Н2О Н+ + ОН- (1)
Бұл диссоциация процесіне әрекеттесуші массалар заңын қолдануға болады;
(2)
мұндағы К-судың диссоцациация тұрақтысы, оның 220 С – дағы мәні 1,8 · 10-16 шамасына тең, яғни
К = 1,8 · 10-16
Судың аз мөлшері ғана иондарға ыдырайтындықтан, теңдеудегі (2) судың концентрациясын тұрақты шама деп есептеуге болады, ол 1 л массасын судың молярлық массасына бөлгенге тең:
[H2O] = 1000/18 = 55,56 моль
Енді жоғарыдағы теңдеуді (2) былай жазуға болады:
[H+] [OH-] = K*[H2O] = KW (3)
KW –судың иондық көбейтіндісі деп аталатын тұрақты шама. Судың диссоциация тұрақтысы (К) мен оның концентрациясын Н2О мәні теңдеуге (3) қою арқылы судың иондық көбейтіндісінің сандық мәнін табамыз:
KW = [H+] [OH-] = 1,8 *10-16 * 55,56 = 10-14 яғни
KW = [H+] [OH-] =10-14
Судың иондық көбейтіндісінің мәні тұрақты температурада ғана тұрақты болады, ал температура өзгерсе оның мәніде өзгереді.
Ертіндінің қышқылдығын немесе сілтілігін анықтау үшін сутегі иондардың концентрациясы қолданылады. Бұл жағдайда нейтрал орта үшін [H+]=10-7, сілтілік орта [H+]10-7, қышқыл ортада [H+]-7 болады.
Осындай дәреже көрсеткіші теріс болып келетін сандарды қолданып есептер шығару қолайсыз болғандықтан, сутегі иондарының концентрациясын сутектік көрсеткіш (рН) арқылы белгілеу қабылданған.
Сутектік көрсеткіш деп сутек иондары концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмін айтады:
рН = - lg[H+]
Мысалы, ерітіндідегі сутегі иондарының концентрациясы [H+]=10-6 болса, сутектік көрсеткіш 6-ға тең болады:
рН = - lg10-6 = 6
Сутектік көрсеткіштің мәніне сәйкес бұл ерітінді әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Сонымен бейтарап ортада рН=7, қышқылдық ортада рН 7 болады.
Ертіндісінің ортасын индикаторлар деп аталатын заттардың көмегімен анықтайды. Индикаторлар ерітіндіге тамызғанда немесе батырғанда сутегі немесе гидроксид иондарының әсерімен түсетін өзгерістін органикалық заттар. Мысалы, лакмус рН 5-тен төмен қарай қызыл түске, рН 8-ден жоғары қарай көк түске боялады, ал рН 5-8 аралығында оның түсі қызылдан көкке қарай өзгереді. Фенолфталеин түсін тек сілтілік ортада (рН=8,2-10), ал метилоранж түсін тек қышқылдық ортада (рН=3,1· 4,4) өзгертеді. Сілтілік ортада фенолфталеин қызыл күлгін түске, қышқылдық ортада метилоранж қызыл түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет