Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат


-мысал. СО2 бір молекуласының массасын граммен өрнектеу. Шешуі



бет7/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
есеп және шығару жолдары

1-мысалСО2 бір молекуласының массасын граммен өрнектеу.
Шешуі. СО2 молекулалық массасы 44,0 тењ. Демек, СО2 мольдiк массасы 44,0 г/моль. 1 моль СО2 6,02 ∙ 1023 молекуладан құралады. Бұдан бір молекуланың массасын табамыз:
m = 44,0 / (6,02 ∙ 1023) = 7,31 / 1023 г.
Авагадро заңы: бірдей жағдайда (бірдей температура мен қысымда) әр түрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады.
Басқаша айтқанда, кез келген газдың 1 молі бірдей молекула санынан тұрады. Демек, бірдей жағдайда кез келген газдыњ 1 молі қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алады. 22,4 л газдардың қалыпты жағдайдағы (0º қысым 101,325 кПа) мольдік көлем деп аталады.
2-мысал. 100ºС температурадан жоғары жабық ыдыстың ішінде сутек пен оттектің эквиваленттік қоспа мөлшерлері бар. Егер қоспа жарылып, содан кейін ыдыстың ішіндегі құрамдарды бастапқы температураға әкелсе, ыдыстың ішіндегі қысым қалай өзгереді?
Шешуі. Сутегі мен оттегін әрекеттестіргенде єр екі Н2 молекуласынан және бір О2 молекуласынан 2 молекула Н2О пайда болады. Реакция нәтижесінде молекуланың жалпы саны 1,5 есе кемиді. Реакция тұрақты көлемде жүреді, ал реакция аяқталғаннан соң ыдыстың ішіндегі заттарды бастапқы температураға алып келеді. Молекула саны 1,5 есе кемиді, сондықтан қысымның да сонша есе азаюына әкеліп соғады.
3-мысал.  5,25 г азот 26ºС мен 98,9 кПа (742 мм. сын. бағ) қысымда қанша көлем алады?
Шешуі. Азоттың мольдік көлемімен мольдік массасын (28,0 г/моль) біле тұра, 5,25 г азоттың қалыпты жағдайда алатын көлемін анықтаймыз:
28,0 г Ν2 — 22,4 л
5,25 г Ν2 — V0
бұдан
V= 5,25 г ∙ 22,4 л / 28,0 г = 4,20 л.
Анықталған көлемді есептің шарты бойынша табамыз:
V = P0V0T / (РТ0) = 101,3 ∙ 4,20 ∙ 299 / (98,9 ∙ 273) = 4,71 л.
4-мысал. Көлемдік құрамы (қ.ж.) 21% болатын 1 л ауада неше моль О2 бар?
Шешуі. 1 л ауада О2 қалыпты жағдайда 0,21 л көлем алады. О2 мольдік көлемін біле тұра, 0,21 л О2 оның моль санын анықтаймыз.
22,4 л. 1 моль О2 — 22,4 л
0,21 л. х моль О2 — 0,21л
х = 0,21 / 22,4 = 0,093 моль О2
Бекіту сұрақтары:

  • Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?

  • Газдардың мольдік көлемі қалай өрнектеледі?

  • Салыстырмалы тығыздық деген не?

  • Ауаның молярлық массасы нешеге тең?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет