Өндірістік орталардың жағдайларын бақылау
Өндірістік орта – адамның еңбек ету әрекеті жасалатын орта
Жұмыс орны дегеніміз – жұмыс істейтіндердің тұрақты немесе уақытша болтын еденнің немесе ауданшаның деңгейінен 2м биіктікке дейін болатын кеңістік аумағы.
Өндірістік ортада жұмыс істейтін орындағы ауаларға химиялық қосылыстардың түсуі жұмысшылардың өткір, созылмалы улануларға ұшырауына сонымен қатар денсаулықтарында әр түрлі өзгерістердің пайда болуына әкеліп соқтырады . Сондықтан зиянды заттардың жағымсыз әсерлерін шектеу үшін әр түрлі орталарда олардың мөлшерлерін гигиеналық тұрғыдан нормалайды.
Порогтық шоғырлану - иіс сезімін тудыратын шоғырлану, мг/м3
Ауаны санитарлық тұрғыдан нормалау үшін мынандай көрсеткіштерді қолданады.
Жұмыс орнындағы зиянды заттың рұқсат етілген шоғырлану шегі, дегеніміз – күнделікті сегіз сағаттық жұмыс кезінде (демалыс күндерінен басқа) апталық жұмыс кезінде, 41 сағаттан көп емес, бүкіл жұмыс стажында және былайғы өмірлерінде адамдардың және олардың ұрпақтарының ден саулығына зиянын тигізбейтін қазіргі заманғы әдістермен анықталған шоғырлану шегі, мг/м3
Орташа тәуліктік рұқсат етілген шоғырлану шегі дегеніміз – атмосфералық ауадағы ұзақ жылдар бойы дем алғанда, адамдардың ден саулығына зиянын тигізбейтін шоғырлану, мг/м3
Атмосферадағы бір реттік рұқсат етілген шоғырлану шегі дегеніміз – 30минут уақыт ішінде дем алғанда адамдардың ден саулығына рефлекторлық реакцияларды тудырмайтын шоғырлану шегі, мг/м3
Өндірістік орталардағы жұмыс орындарында зиянды заттарды толық болмауын қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан жұмыс орнындағы зиянды заттардың мөлшерін гигиеналық тұрғыдан регламентациялаудың маңызы зор(ГОСТ 12.1.005- 88). Қазіргі кезде регламентация үш этппен жүргізіледі.
1)жуықталған қауіпсіз әсер ету деңгейі немесе уақытша шоғырлану шегін негіздеу, есептеу жолымен анықталады (ОБУВ, ВДК)
2) жұмыс орнындағы рұқсат етілген шоғырлану шегін негіздеу, нақтылау зиянды заттардың химиялық-физикалық қасиеттері, агрегаттық күйлері, улылығы және адам организіміне әсер ету сипаты ескеріледі.
3)Түзету енгізу, жұмысшылардың жұмыс істеу жағдайларына және денсаулықтарына талдау жасалынып ескеріледі
Уақытша шоғырлану шегі (ОБУВ, ВДК) бекітілгеннен кейін екі жылдан кейін қайтадан қаралады.
Өндірістік және қоршаған ортаның химиялық және биологиялық ластануларының мониторингі
Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау, бағалау және болжам жасау жүйелерін мониторинг деп атайды. Мониторингтің мақсаты – антропогенді ластануды анықтау.
Мониторинг антропогегді әсерлердің көздеріне , факторларына – химиялық, физикалық (сәуле шығару, жылумен ластану) ең алдымен олардың биологиялық жүйелерге әсерлерін бақылап отырады.
Мониторинг жүйесі локальды – белгілі бір аудандарды және ауқымды – биосфераның жай-күйін қамтиды.
Дәріс 4 ХИМИЯЛЫҚ УЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Химиялық заттар (органикалық, бейорганикалық, элементорганикалық) практика жүзінде пайдаланылуына байланысты жіктеледі:
өнеркәсіптерде пайдалынылытын өндірістік улар: органикалық еріткіштер-дихлорэтан, отын – пропан, бутан, бояғыштар – анилин ;
дәрі –дәрмектер;
тұрмыстық химикаттар, санитарлық және гигиеналық құралдар, косметика т.б.
улыхимикаттар ауыл шаруашылығында қолданылатын: пестицидтер, гексахлоран, интектицидтер – карбофос ;
биологиялық өсімдік және жануар улары- саңырауқұлақ, жылан, ара, шаян;
уландырғыш заттар: зарин, иприт, фосген т.б.
Зиянды заттардың улылық әсері улылық көрсеткіштермен сипатталады және соған сәйкес жіктеледі:
Аса қауіпті улылық, жоғары улылық, қалыпты улылық, аздаған улылық.
Заттардың улылық әсері олардың ағзаға түскен мөлшеріне, физикалық қасиеттеріне, түсу ұзақтығына, биологиялық ортамен (қан, фермент) әсерлесуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |