Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері


Химия өндірісінің компоненттері



бет3/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лекция ОХББ1

Химия өндірісінің компоненттері
Айнымалы компонеттер өндірісте тұрақты түрде тұтынылады немесе түзіледі:
шикізат;
қосымша материалдар;
өнімдер – негізгі және қосымша;
өндіріс қалдықтары;
энергия.
Тұрақты компонеттер өндіріске салынады ( құрал-жабдықтар, конструкциялар) немесе қатысады (персонал) өндірістің бүкіл жұмыс жасау мерзімінде: (срок существования)
аппаратуралар (машина, апарат, сиымдылықтар, құбырлар, арматура);
бақылау және басқару қондырғылары;
құрылыс конструкциялары (ғимараттар, құрылыстар);
қызмет жасаушы персонал (жұмысшы, аппаратшылар, инженерлер т.б.)


Химия өндірісінің құрамы
Өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін химия өдірісінің құрамы:
жеке химия өндірісі;
шикізат, өнім және басқа да материалдарды сақтағыштар;
шикізаттарды, өнімдерді , аралық заттарды, қалдықтарды тасымалдау;
өндіріс бөлімшелерінде қызмет жасайтын персонал;
басқару, қамтамасыз ету, және қауіпсіздік жүйесі.

Сақтағыштардың маңызы: өндіріс үздіксіз жұмыс істеп тұру үшін шикізаттарды тасымалдау, өнімдерді тиеу ауық-ауық жүргізіліп отырады.Өндіріс тоқтамай жұмыс істеу үшін белгілі бір қорлар болу керек.Кей жағдайларда сақтағыштар күрделі техникалық құрылыс болып табылады. Мысалы аммиак сұйық күйінде сақталады, 1-2 МПа қысымда. Сұйық аммиак буланғанда, сиымдылық жарылуы мүмкін.Сондықтан онда белгілі бір температураны ұстап тұру қажет және буланған аммиакты әкеті


п, қайтадан сақтағышқа қайтарып отыру керек.
Өндірісте заттар мен материалдарды тасымалдау қондырғылары – шикізатты сақтағыштан өндіріске және өнімдерді сақтағышқа тасымалдау, келген шикізатты түсіру, өнімді тиеу жекеленген құрылыстар болып табылады. Мұнда қауіпсіздік техникасына, механикаландыру, автоматтандыру процестеріне қойылатын талаптар өте жоғры.
Басқару жүйесін, персонал қауіпсіздігін әкімшілік нормативті техникалық және басқару құжаттары негізінде қамтамасыз етіп отырады

Биотехнология. Европалық биотехнологиялық федерация бойынша, биотехнология микроорганизмдердің пайдалы қасиеттерін, биохимияны, микробиологияны және химиялық технологияны біріктіріп, өндірісте қолдану . Экологиялық биотехнология – қоршаған ортаның проблемаларын шешу үшін биотехнологияны спецификалы қолдану, соның ішінде қалдықтарды өңдеу, ластанулармен күресу және биотехнологиялық әдістерді биологиялық емес әдістермен қосу.


Қзіргі кезде ауыл шаруашылық жер телімдерінің адамның іс-әрекетінің нәтижесінде әр түрлі ластануы маңызды проблемалр болып табылады. Қалдықтарды көму арқылы жою да қоршаған ортаны ластаудың потенциалды көздері болып табылады, өйткені қалдықтарды мұндай әдіспен көму кезінде біршама проблемалар мен қиындықтар туындайды. Дегенмен экологиялық биотехнология процестерді барлық жағынан сонымен қатар қалдықтарды көму кезінде биогаз алу мүмкіндігін де қарастыра алады. Болашақтағы технология гендік инженерия әдісімен алынған микроорганизмдердің штаммаларын кең түде қолдана алады.Биотехнологияның табыстарының бірі – микроорганизидердің көмегімен ароматты қосылыстарды биодеградацияға ұшырату. Технология бұдан басқа зиянкестермен биологиялық күрес жүргізуді және азоттың биологиялық фиксациясын қарастырады.
Микроорганизмдер – мөлшері адам көзінің мүмкін болатын көру қабілетінен аз немесе аздап қана асатын өте ұсақ тірі тіршілік иелері (0,2мм)
Өндірістік микробиология. Өндірістік микробиология - өте маңызды микробиологиялық процестер жөніндегі және оларды практикалық тұрғыдан қолдану арқылы индустриялық әдіспен микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің нәтижәсінде пайда болатын бағалы өнімдерді алу жөніндегі, халық шаруашылығының әр түлі салаларында, медицинада қолданылатын пайдалы заттарды (препараттарды) алу жөніндегі ғылым. Бұл ғылымның негізі микробиологиялық технология ( биотехнология) болып табылады. Өндірістік микробиология қазіргі заманғы микробиологияның негізгі бөлімдерінің бірі болып саналады.
Микробиология бөлімі микробиологиялық синтез нәтижесінде өндірілетін өнімдерді теориялық тұрғыдан қарастырады және соған қатсты практикалық тұрғыдан көптеген проблемаларды шешеді.
Өндірістік микробиологияға қатысты өндірістер: нан пісіру, шарап жасау, сүт өнімдерін өндіру. Микроорганизмдердің қатысуымен антибиотиктер , аминоқышқылдар, ферменттер, витаминдер, гормоналдық және биологиялық активті қосылыстарды синтездеп, өндіреді.
Биомасса энергиясы. Энергия алынатын биомасса түрлері: ағаш, ағаш қалдықтары, кепкен шөп, көң, ауыл шаруашылық қалдықтары, қатты тұрмыс қалдықтарының органикалық заттары.
Дүние жузінде бүкіл қолданылатын энергияның 15% биомассаның үлесіне тиеді. Соның ішінде:
Дамушы елдерде 48
өндірісі дамыған елдерде – орташа 2-3
АҚШ – 3,2
Дания – 6
Австрия – 12
Швеция – 18
Финляндия – 23
Катализ және катализдік технология көмегімен биомассаларды тиімді утилизациялау арқылы энергетикалық проблемаларды шешуге болады, болмаса экологиялық тұрғыдан таза түрде жағу немесе биомассаларды газдандыру немесе оларды бағалы энергия түріне айналдыру мысалы сұйық мотор отындарын алуға болады. Ылғалды биомассаларды жағу арқылы жылу алуға мүкіндік бар.

Дәріс 3 ХИМИЯ ӨНДІРІСІНІҢ ЖӘНЕ БАСҚА ДА САЛАЛАРДЫҢ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ӘСЕРЛЕСУІ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет