Химияны оќытудыњ жања технологиялары



бет19/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Концептуалдық негізі
Топтап оқыту технологиясында іс-әрекет ұжымда өтетін болғандықтан оқушының дамуына елеулі ықпал етеді. Топтағы іс-әрекет оқушылардың бір-біріне қол ұшын беруге, жалпы мақсатты сезінуге, атқаратын міндеттерді ұтымды бөлуге және бақылауға мүмкіндік береді. Топтағы қарастырылған шешім бүкіл сыныпта талқыланады, шешімдер басқа топтарда алынған нәтижелермен салыстырылады. Оқытудың бұл формасы оқушылардың дербестік ерекшеліктерін ескереді және ұжымдық танымдық әрекеттің пайда болғанын көрсетеді. Демек, бұл технологияның концептуалдық негіздерін былай деп тұжырымдауға болады:

  • топтағы оқушылар өзара білімдерін байытады;

  • оқу-танымдық процесті белсендіру үшін бірге атқаратын іс-әрекетті ұйымдастырады;

  • іс-әрекет тәсілін таңдайды;

  • өзара тәуелділік қатынаста болады.

Топтап оқыту технологиясын қолданып сабақ өткізу үш кезеңнен тұрады: топтық тапсырманы орындауға дайындық, топтық жұмыс, қорытынды бөлігі. Әр кезеңнің өзінің құрылымдық элементтері бар. Осы технологияның жалпы құрылымын былай көрсетуге болады:
1. Топтық тапсырманы орындауға дайындық:

  • танымдық мақсат қою;

  • жұмыс орындау тәртібі туралы нұсқау;

  • дидактикалық материалды әр топқа бөліп беру.

2. Топтағы жұмыс:



  • тапсырмамен танысу, топ жұмысын жоспарлау;

  • топ мүшелеріне жеке-жеке тапсырма беру;

  • тапсырманың дербес орындалуы;

  • дербес орындалған тапсырмаларды топта талқылау;

  • топқа тапсырылған тапсырманы жалпы талқылау және қажет болса толықтыру, анықтау, талдап қорыту;

  • топтық тапсырманың орындалуын қорыту.

3.Қорытынды бөлігі:

  • топта орындалған жұмыстың нәтижесін айту;

  • танымдық мақсаттарды талдау, рефлексия;

  • топтың жұмысы туралы жалпы қорытындылау;

  • бір-бірімен іс-әрекет тәсілдерімен алмасу, нәтижесінде қойылған проблемеманы шешу;

  • оқушылар бірігіп іс-әрекет атқарғанда өзара түсіністіктің болуы;

  • рефлексия, әр оқушы өзінің әрекетіне баға беріп, қате болса жалпы әрекетке түзетулер енгізу.

Мұғалім мынадай ұйымдастыру мәселелерін шешеді:

  • топтың құрамын анықтау, 2 оқушы кейде 3-4 оқушы болуы мүмкін;

  • топты нақты тапсырмамен қамтамасыз ету. Оның мақсаты – топ жұмысын басқару, себебі мұғалім әр топпен тұрақты жұмыс істеуі мүмкін емес;

  • топтың жұмыс істеу уақыты белгіленеді (қалып қою немесе алға кетуі де мүмкін, сондықтан қосымша вариант ойластырылады);

  • жұмыс істеу реті жасалынады оқушыларға ол таратылады;

  • зертханалық жұмыстар үшін арнайы стол және жабдықтар дайындалады;

  • теңдеу және есепке алу жүйелері жасалынады;

  • тапсырмалар дайындалады.

Топтап оқыту технологиясы химия курсында жиі қолданылады. Алдыңғы қатарлы педагог-методистер бұл технологияны жан-жақты пайдаланып, оқу процесінің барлық құрылымында жүзеге асыруда.Сонымен қатар, оқытудың дидактикалық мақсатына сәйкес әр түрлі әдістер де қолданылуда, мысалы:

  1. Жаңа мартериалды түсіндіруде:

  • тақырыпты өзара беру технологиясы;

  • Ривин әдісі;

  • Ривиннің кері әдісі;

  1. Білімді пысықтауда және жетілдіруде:

  1. Негізгі ұғымдар, заңдар және анықтамаларды түсіндіруде:

  • Мурманск әдісі;

  1. Есеп шығаруға дағдыландыру мақсатында:

  • Ривин-Баженов әдісі.

Бұл технологияны қолдану арқылы дидактикалық ойынды да пайдалану ұтымды.
Осы технологияны қолдануда көптеген жетістіктерге жеткен Н.В.Воскобойникованың еңбектерін талқылайық.
Мурманск әдісін мұғалім негізгі ұғымдар мен заңдарды қарастырғанда және білім беруді жетілдіру мен пысықтауда қолдануға болады. Ол үшін «Мұғалім парағы» және оқушыларға арналған карточкалар дайындалады. «Электролиттік диссоциация» тақырыбы бойынша дайындалған мұғалім парағы 2-кестеде келтірілген. Мұғалім парағы негізгі бір оқулықпен құрастырылады. Ал бұл «Мұғалім парағы» мектептерде көп жылдар бойы қолданылған Г.Е.Рудзитис пен Ф.Г.Фельдманның 9-сыныпқа арналған «Химия» оқулығына сәйкес дайындаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет