Химияны оќытудыњ жања технологиялары



бет21/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Ривин-Баженов әдісі. Бұл әдіс есептер шығаруда және жаттығулар орындауда қолданылады. Әрбір карточкаларда екі тапсырма келтіріледі. Әрбір оқушы өз карточкасын алады және екі тапсырманы да орындайды. Сонан соң А және В оқушылары жұп құрып, А оқушы В оқушыға өзінің бірінші тапсырмасын түсіндіреді және есептің шығару жолын таза параққа жазады. Сонан соң В оқушы өзінің бірінші тапсырмасын түсіндіреді. Оқушылар бір-бірінің жауабын бағалайды. Әрбір оқушы бірнеше рет түсіндіреді және екінші оқушының жауабын тыңдайды, өйткені, өз карточкаларын орындап болған соң басқа жұп құрады. Нәтижесінде әрбір қатысушы бірнеше мәрте оқытушы мен оқушының рөлін атқарады.
Сонымен, Ривин-Баженов әдісін қолдануда оқушылар есептер мен жаттығулар шығаруда сөзсіз ірі нәтижелерге жетеді.
Әдебиеттер

1.Дьяченко В.К. Новая дидактика. М., 2001.


2.Воскобойникова Н.П. Мурманская методика.// Химия в школе,
1993, №1, с.41-47; Методика Ривина-Баженова //.Сонда, №2. с.49-54; Взаимопередача тем // Сонда, №3, с.32-42; Методика Ривина // Сонда, №4, с.56-62; Обратная методика Ривина // Сонда, №5, с.55-57.

3.5 Деңгейлеп оқыту технологиясы



  • Оқытуды дифференциялау жеке тұлғаға бағдарлап оқытуды іске асыру тәсілі.

  • Ішкі және сыртқы дифференциация.

  • Деңгейлеп оқыту технологиясының ғылыми-теориялық негіздері.

  • Химияны сыныпішілік деңгейлеп оқыту.

  • Химия сабақтарына арналған деңгейлік тапсырмалар жасау.

Жеке тұлғаға бағдарлап оқытуда дифференциялау проблемасы маңызды.Мұнда оқытуды әр оқушыға арнап жеке жоспар түрінде жүргізу емес, атап айтқанда, дифференциялауды принцип ретінде қарастыру.
Дидактикада дифференциялап оқыту деп оқушының жекелей айырмашылығын ескеріп оқыту процесін айтады. Демек, жеке тұлғаға бағдарлап оқыту дегеніміз дифференциялап оқыту екенін көрсетеді.
Педагогикалық еңбектерде дифференциация екіге бөлінеді: «сыртқы» және «ішкі». Оқу процесін ұйымдастырудағы ішкі дифференциация деп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін өз сыныбындағы оқу әрекетінде ескеруді айтады.Мұнда дифференциялап оқыту дербес оқытуға ұқсас келеді.
Сыртқы дифференциация әр түрлі деңгейде оқыту мақсатында оқушыларды арнайы оқу тобына біріктіреді.Оқушыларды әр пәнге қабілетіне қарай бөледі, мысалы, математика, биология немесе химия және т.б. Сонымен қатар, суретке, шахматқа, спортқа және музыкаға қабілетіне қарай оқушыларды жеке бағдарлама бойынша оқытады. Қазіргі таңдағы 9-сыныптан кейінгі бейіндік оқытуды да сыртқы дифференциацияның бір түрі деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет