Тарихи принципті қолдану
Мұғалім химиялық эксперименттерді жүйелеу барысында Д.И.Менделеевтің периодтық заңын ашуына себеп болғанын оқушылармен бірге шешеді.
Сонымен қатар органикалық химияны оқытуда электрондық теорияның қалыптасу тарихын еске түсіре отырып баяндаса түсінікті болады.
Әдебиеттер
1.Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе. −М.,1977.
2.Лернер И.Я. Проблемное обучение. −М., 1974.
3.Кузнецова Н.Е., Шаталов М.А.,Эстрин Э.Г. Проблемное обучение химии. −Киров,1998.
4.Ильницкая И.А. Проблемные ситуации и пути их создания на уроках. −М.,1985.
3.3 Дербес оқыту технологиясы
Дербес оқыту технологиясына сипаттама.
В.Ф.Шаталовтың оқыту технологиясының принциптері, концептуалдық негіздері.
Тірек конспектісін құру ұстанымдары.
Тірек конспектісін химия курсында қолдану мүмкіндіктері.
Қазіргі педагогикада жеке тұлғаға бағдарлап оқыту идеясы белсенді түрде іске асуда. Оқыту процесінде оқушының дербес ерекшелігін еске алу туралы талаптар ежелден белгілі. Бірақ дәстүрлі сабақта оқушылардың дербестілігін және танымдық белсенділігін дамыту үшін қажетті жағдайлардың жеткіліксіз құрастырылуы дербес оқуға мүмкіндік бермейді.Осыдан оқушыларда енжарлық пайда болып, оқуға деген мотиві нашарлайды, мамандық таңдауда кездейсоқтық байқалады. Сондықтан қазіргі заманғы педагогика ғылымында педагогикалық процесті технологияландыру ұстаз бен шәкірттің жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту процесінде түбегейлі қолдау қажет.
«Оқытуды дербестендіру» деген не? «Дербестендіру», «дербес (жекеше) тәсіл» және «дифференциация» ұғымдары синоним түрінде қолданылады.
Оқытуды дербестендіру дегеніміз оқушының дербес (жеке) ерекшеліктерін оқыту процесінің барлық формалары мен әдістерінде ескеру.
Оқытуды дифференциациялау деп оқушыларды белгілі бір ерекшеліктеріне (қабілеттілігіне, мүмкіндігіне, қызығушылығына және т.б.) сай топтау. Мұнда оқыту әр түрлі оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде жүреді.
Дербес тәсіл–бұл оқыту принципі, ал оқытуды дербестендіру осы принципті өзіндік формасы мен әдістері арқылы іске асыру. Оқыту бірдей бағдарламамен жүреді,бірақ әр оқушыға дербестендіру формасы мен әдістері қолданылады.
Сондықтан оқытуды дербестендіру деп әр оқушының дербес (жеке) ерекшеліктеріне сай оқу процесін ұйымдастыруды айтады. Бұл тәсіл оқушының потенциалды мүмкіндіктерін толық іске асыруға ықпал етеді.
Нақты мектеп жүйесінде дербестендіру салыстырмалы түрде өтеді. Өйткені сыныптағы оқушылардың санының көп болуы, олардың оқуға қабілеттілігінің бірегейлілігі бұл технологияны толық өткізуге мүмкіндік бермейді.
Дербес оқытуға тірек конспектісі арқылы оқыту технологиясы да жатады. Осы технологияны тереңірек қарастырайық.
Технологияның авторы В.Ф.Шаталов. Осы мәселеге толық тоқталып, В.Ф.Шаталовтың еңбектеріне шолу жасайық.
Негізгі принциптері:
материалды жоғары деңгейде күрделі етіп беру, оқытуды ірі блок түрінде жүргізу, бірнеше мәрте қайталау, әр кезеңнен соң бақылау ұйымдастыру;
жеке – бағдарлаланған тәсіл;
гуманизм (барлық оқушылар қабілетті);
оқуда мәжбүр етілмейді;
білім беру мен тәрбиенің біртұтастығы;
оқыту барысында келіспеушіліктің болмауы;
Концептуалдық негіздері:
Теориялық материалдардың баяндалуы жылдам қарқынмен және ірі блок түрінде беріледі;
Оқу материалын түсіндіргенде тақтада тірек белгілерін (сызба нұсқа, сурет, символ, жеке сөздер және т.б.) пайдалану;
Типтік есептерді шығаруда шешімнің толық алгоритмін қолдану;
Тірек конспекті материалдарын жаппай тәсілмен жазбаша түрде қайталау;
Оқу материалының едәуір бөлігін шапшаң және шолу түрінде 5 минут шамасында қайталау;
Типтік есептерді оқушылармен бірге жаппай және жалпылама тәсілдермен шығару;
Тізбек түрінде тексеру, яғни бірінші шығарған оқушы тапсырмасын мұғалім, онан соңғыларын оқушылар тексереді;
Оқылатын тақырыпқа байланысты бірнеше есептерді бақылау жұмыстарында шығару;
Оқушылардың өзара көмектесуі;
Оқушылардың өз ойларын ашық айтуы (кез келген оқушы қарастырылған тақырып бойынша мәлімет, баяндама жасауы мүмкін);
Жұптық өзара бақылау ( өте жоғары баға алған оқушы осы сұрақ бойынша басқа оқушыларды сұрауына болады).
В.Ф. Шаталов технологиясының негізгі өзегі тірек белгілері (сигналдары) және оларды жинақтап тірек конспектісін құру.
Тірек дегеніміз әрекеттің негізгі бағдары, оқушының ішкі іс-әрекетін сырттай ұйымдастыру тәсілі.
Тірек белгісі – ассоциативті символ (белгі, сөз, сызбанұсқа, сурет және т.б.), бір мағынаны білдіреді.
Тірек конспектісі оқу материалының бүтін бөлігін көрнекі етіп, ұғым, фактілер, идеяларды бір-бірімен байланыстырып, шартты тірек белгілер жүйесі түрінде көрсету.
Тірек конспектісі абстракциялық материалдарды нақтылап, ендірілген белгілер арқылы оқушының жүйелі есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көмегін тигізеді. Сонымен қатар белгілердің түсін,формасын, шрифтерін және т.б. таңдау арқылы танымдық әрекеттерді тез қалыптастыруға болады. Жаңа материалды түсіндіруде мұғалімдер қолданған тірек белгілерді қайталап көргенде оны еске түсірудің белсенді формасы болып табылады.
Тірек белгілерін дайындау барысында қойылатын талаптарды сақтаған жөн.Төменгі суретте тірек конспектісіне қойылатын шарттар көрсетілген (5-сурет).
-
Белгілеу тәсілдері Безендіруге қойылатын талаптар
ақпарат
|
5-сурет. Тірек конспектісі
Тірек сызбанұсқалары оқушылардың білім деңгейін жаттанды түрде емес, тыңғылықты оқып-үйренуін, түсінуін жеңілдетеді, сонымен қатар олардың алған білімін оңай еске түсіруіне мүмкіндік туғызады. Тірек сызбанұсқалары оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіреді, ой-өрісін кеңейтеді.
Бекіту және қорытындылау тірек сызбанұсқаларын бір тақырыпқа да, үлкен тарауға да қолдануға болады. Бұл олардың негізгі ұтымдылығының бірі. Сонымен қатар тірек сызбанұсқалары тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді.
Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында мұғалім бірінші сабақтан бастап оқушыларға жүйелі түрде мына әрекеттерді үйрету керек:
тірек конспектілеріне шартты белгілер енгізуге;
қажетті белгілерді енгізуге;
тірек конспектісін көшіруге, оқуға, айтуға, сұрақ қоя білуге;
керекті жаттығуларды көшіріп, оны орындай білуге; берілген сұрақтарға жауап беруге, оқулықты, тірек конспектісін пайдалана білуге;
тірек конспектісіндегі белгілерге қарап өз ойын айта білуге;
тірек конспектісін жатқа жаза білу, оны тексере білу;
семинарлық сабақтарға, зертханалық жұмыстарға өз бетінше дайындалуға,орындауға,есептей білуге.
10 сыныпқа арналған Химия оқулығы (авторлары Нурахметов Н.Н. және т.б.) бойынша «Азот» тақырыбына тірек конспект жасауды толығырақ қарастырайық :
Достарыңызбен бөлісу: |