3.7 Кіріктірілген оқыту технологиясы
Оқытудың кіріктірілген технологиясының мәні, мақсаттары және ғылыми-методологиялық негіздері.
Кіріктірілген оқыту технологиясын химия курсында қолдану.
Тұлғаның өмір сүру әрекетінің негізгі шарты – оның санасында дүниенің біртұтас бейнесі және ондағы адамның өз орны болуы; адамның заттармен, құбылыспен, табиғатпен заңды байланысын орнату болып табылады. Тұлғаны дамыту және қалыптастыру, дүние, табиғат, қоршаған орта және адам, олардың өзара байланысы жөніндегі біртұтас көзқарас қалыптастыру; оқушылардың әр түрлі әрекеттері үшін барынша жағдай туғызу–бұл білімді интеграциялаудың негізгі мақсаты. Бұл жерде әңгіме, білімнің жиынтығы және эрудицияның кеңдігі жөнінде емес, еркін бағдар және ХХІ ғасыр адамының даралық мәдениеті, өзіндік позициясын таңдап алуын қамтамасыз ететін жеке тұлғалық, құзыреттілік сапасы жөнінде болып отыр. Сондықтан орта білім мазмұнының бүгінгі күн талабына сәйкес болуы аса маңызды мәселе [1].
Баланың өзіндік «дүние бейнесі» ерте пайда болады және толық еместігіне қарамастан оның маңызды жетістігі – тұтастығы. Бала мектепке келгеннен кейін осы тұтастық пәндер арасындағы шекараның салдарынан бұзылады да, нәтижесінде оның алған білімі өзара нашар байланысады. Кейбір мұғалімдер өз сабақтарында пәнаралық байланысты қолданғанымен ол мәселені тұтас шеше алмайды.
Білім – біртұтас дүние және ол оқушы үшін де сол күйінде қалуы керек. Пәндер арасындағы кедергілерді жою үшін білімді басты объектілердің немесе тақырыптардың айналасына біріктіру керек. Бұл пәнді әр қырынан қарастыруға, оның барлық өзара байланысын ашуға мүмкіндік береді. Анализ, синтез, салыстыру, біріктіруді қолдануға болады. Бұл дүниетанымды, адамтану, экологиялық, коммуникативтік білімдер мен іскерліктерді қалыптастыру үшін маңызды.
Химияны кіріктірілген (интегративті) оқыту деп бұрын бөлінген бір және әртүрлі компоненттерді (мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары, технологиялары, шарттары) біртұтас білім беруге біріктіруді айтады [2]. Кіріктірілген технология бойынша оқытудың категориалды аппараттарына төмендегі негізгі түсініктер жатады: интегративті тәсіл, интеграция және дифференциялау, интеграциялық процестер және олардың заңдылықтары, пәнаралық және пәнішілік интеграция, интеграцияның деңгейі мен түрлері, интеграцияның әдістері мен механизмдері, біртұтастық.
«Интеграция» ұғымы латынның integer–бүтін, тұтас деген мағынаны білдіреді, яғни бұрын бөлініп кеткен көптеген компоненттердің бірігуі. Бұл процесс өзіне қарама-қарсы дифференциациямен диалектикалық бірлікте болады. Олай дегеніміз кіріктірілген және дифференцирленген процестер бір-бірімен бірікпейді және бірінің соңынан бірі ермейді, олар бірінің ішінен бірі немесе бірі арқылы екіншісі шығады. Егер кіріктірілген компоненттер біртекті болса, онда пәнішілік кірігу, ал әртекті болса пәнаралық кірігу болады.
Интеграциялық процестер – бұрын бөлініп кеткен көптеген компоненттердің бірігуі, ол заңды процесс. Айта кету керек «интеграциялық», «интегративті», «интегралды», «интегрирленген» терминдері процесс, күй, қасиет және нәтиже деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан кіріктірілген технологияның категориалдық аппаратын қолданғанда осыған көңіл бөлген жөн [3].
Кіріктірілген процесті сызбанұсқа ретінде былай көрсетеді: (7-сурет):
Бөлініп кеткен компоненттер
Объективті Кірігу
алғы шарт механизмі
С
К
ПАБ
ПАБ – пәнаралық байланыс,
К – конгломерация,
С – синтез.
7-сурет. Кіріктірілген процестің құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |