Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Белгілі теория негізінде болжам жасап, оны практика жүзінде тексеру



бет16/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Белгілі теория негізінде болжам жасап, оны практика жүзінде тексеру

1-кезең. Проблеманы қабылдауға дайындық.


«Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері» тақырыбын оқыту барысында тұз және сірке қышқылдарына лакмус әсерін мұғалім көрнекі түрде көрсетеді. Екі ерітіндіде де лакмус түсі көктен қызылға ауысады. Лакмустың түсінің өзгеруіне сәйкес бейорганикалық және органикалық қышқылдардың сулы ерітіндісінде сутегі ионы болатынына көз жеткізеді.
2-кезең. Проблемалық жағдаят туғызу және проблеманы тұжырымдау.
Қышқылдардың жалпы қасиеттеріне сүйене отырып, яғни индикаторға әсерінің бірдей болуына байланысты оқытушы оқушылармен бірге болжам жасайды, сірке қышқылы және барлық карбон қышқылдары да жалпы қасиетке ие. Олар бейорганикалық қышқылдар сияқты металдармен, негіздік оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттеседі.
3,4- кезең. Тұжырымдалған болжамға сәйкес реакция теңдеулерін жазады және эксперимент жүргізу арқылы дәлелдейді.


Бастапқы шарттар мен нәтиже берілгенде шешімнің тиімді жолын табу
Мұғалім эксперименттік жұмыстар ұсынады.
1) заттарды анықтау:

  • үш сынауықтағы Na2SO4 , Al2(SO4)3 , FeSO4 заттардың әрқайсысын анықта.

2) заттың құрамын дәлелдеу:

Эксперименттік есептер шығару оқушыларға өз бетімен жоспарлауға, өз бетімен тиімді жолын табуға, алынған нәтижені дәлелдеуге бағыттайды.
Берілген заттар бойынша шешімді өз бетінше табу
Бұл жағдай шығармашылықпен жалғасады. Мұнда бір сабаққа берілген уақыт жеткіліксіз болуы мүмкін. Оқушылардың ойлануына уақыт беру керек.
Сонымен қатар қосымша әдебиеттер, анықтамалар оқуы қажет. Мысалы, оқушы өзі тұратын аймақтың «Экологиялық проблеманы шешу жолдары» тақырыбы бойынша жұмыс дайындау барысында көптеген проблемалық жағдаяттарды шешуге тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет