Сыныпішілік деңгейлеп оқыту технологиясы
Автор өз жүйесінің айрықша екі тұсын: деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту және дамытушы сабақтар циклі бар «қиыстырылған оқыту жүйесі» деп атаған.
Оқу процесін ұйымдастыру негізгі бес типті сабақтардан құралған.
Бірінші–тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекция деп атайды). Бұл сабақтардың басты мақсаты–тақырып бойынша қаралатын құбылыстарды түсіндіретін негізгі заңдар мен теорияларды талдау.
Екінші–семинар сабақтарында оқушылар өзіндік жұмыс жасау процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы (әрбір тақырып бойынша мұндай сабақтардың бірнеше рет 3-тен 5-ке дейін өткізілуі).
Үшінші–қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп те аталады).Тақырыптық сынақтардан әрбір оқушы өтуі міндетті.
Төртінші–материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (оларды тақырыпты, тапсырмаларды қорғау сабақтары деп атайды).
Бесінші–сарамандық сабақтар. Осы негізгі сабақтардан басқа сабақтар да қолданылады: пікірталас, конференция және т.б.
Мұғалім оқыту жүйесін құру барысында бес принципті іске асыруы керек:
түсіндірілетін материалдар ірі бөлімдерден тұруы керек;
оқыту деңгейі күрделі болуы қажет;
тапсырмалар деңгейін оқушылар өздері таңдайды;
тексеру бірнеше рет қайталанады;
танымдық процестің басымдылығы.
Оқушылардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілетіндегі айырмашылықтар мен басқа себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан да мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп–саралап оқытуды ұйымдастырады.
Онда әр түрлі дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады.
Деңгейлеу бағдарламасы маңызды екі аспектіні, екі тұсты қарастырады:
а) белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді (репродуктивті деңгейден шығармашылыққа дейін);
б) балалардың белгілі деңгейде өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).
«А», «В», «С» бағдарламаларының арасында қатаң сабақтастық бар.Олардың баяндау логикасында үздіксіздікті, жартылай болса да негізгі ұғымның бүтін суретін көрсететін әр тақырыптың міндетті минимумы беріледі.
«С» бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып, оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінде өзіндік ерекшеліктер бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу біліктілігін, есте сақтау тәсілдерін білуді тағы сол сияқтыларды талап етеді. Сондықтан «С» бағдарламасының мазмұнына қалай оқыту керек, неге назар аудару керек, бұдан қандай қорытынды жасау керектігі туралы нұсқаулар енгізіледі.
Күрделенген тапсырмаларды (бұл бағдарламадан кейінгі бағдарлама десе де болады) орындауға кіріспес бұрын «С» бағдарламадағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті.
«В» бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Сондықтан бұл бағдарламаларға нақты тапсырмалармен қатар бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша әліметтер кіргізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды кеңінен түсінуге көмектеседі.
«А» бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді.
Оқушыға мектепте алған білім негізінде шешуге болатын мәселе түйініне жетуде материалмен оның логикалық негізін тереңдете түсетін дамытушылық мәліметтер беріп, оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады.
Сондай-ақ, бұл деңгей балаға өзін қосымша жұмыс арқылы көрсетуге де мүмкіндік береді. Материалды қайталауда әр деңгейдегі тапсырмаларды еркін таңдау әдістемесі кеңінен қолданылады.
Өзіндік жұмыс, есептер шығару, зертханалық және сарамандық жұмыс тапсырмалары үшін дайындалатын дидактикалық материалдардың деңгейлік нұсқасын бөлуге болады.
Бірінші «С» нұсқасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес.
Екінші «В» нұсқасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.
Үшіншісі «А» қосымша әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.
Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылай ортақ базалық минимумды қамтамасыз етумен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына да кеңістік ашылады.
Білімді бақылау кезінде деңгейленуі тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке жеке алынады. Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылардың біліміндегі алшақтықты анықтауға мүмкіндік береді.
Ол үшін келесі сабақ түрлері қолданылады:
топтармен жұмыс;
ой толғау;
сұхбаттасу;
модульдік оқыту;
семинарлық–сынақ жүйесі;
сыныптан тыс қосымша жеке сабақтар;
жеке көмек;
кеңес.
Химия пәнін оқытуға кіріспес бұрын мұғалім сабақ беретін сыныбы туралы білімі мен біліктілікті қамтамасыз ету талаптарын жақсы білгені абзал. Өйткені соның негізінде әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындалады.
Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларға мысалдар келтірейік.
10-сынып, «Металдар қосылыстары », «Тұздар гидролизі» тақырыптарына арналған тапсырмалар:
С нұсқасы
1.Төменде көрсетілген өзгерістерге сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз:
Сa " CaO " Ca(OH)2
2.Гидролизге ұшырайтын екі тұздың формуласын жазып, аттарын атаңыз.
3.Төменде көрсетілген заттардың формулаларынан тек негіздерді теріп жазып, аттарын атаңыз: CaCl2, KOH, MgO, Ca(OH)2, HCl, Ba(OH)2, H2SO4, NaOH.
4.3,1 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде түзілген натрий гидроксидінің массасы қанша?
В нұсқасы
1.Бейтараптану реакциясы нәтижесінде қандай заттар түзіледі? Осы типтегі реакцияларға екі мысал келтіріңіз.
2.Төменде келтірілген тұздардың қайсысы суда ерігенде гидролизге ұшырайды: натрий карбонаты, калий хлориді, мыс (II) нитраты? Тұздар гидролизіне сәйкес теңдеулерді жазыңыз.
3.Шыны сауытқа салынған, формулалары AgO, NaCl, H2O, HNO3, KNO3 заттар берілген. Осы заттарды пайдаланып негіздік оксидтерге тән қандай реакцияларды жүргізуге болады? Мүмкін болар реакция теңдеулерін жазыңыз.
4.6% қоспасы бар 400 г кальций карбонаты ыдырағанда түзілген кальций оксидінің массасы қанша?
А нұсқасы
1.Сізге берілген оксид негіздік екенін тәжірибе жүзінде қалай анықтайсыз, егер ол :
а)суда ерігіш; б) суда ерімейтін болса? Жауабыңызды нақты мысал келтіре отырып түсіндіріңіз және сәйкес реакциялардың теңдеуін жазыңыз.
2.Төменде келтірілген түрлендіруді жүргізуге қажетті реакция теңдеулерін жазыңыз,
A затын атаңыз.
Cu(OH)2 " CuO A " Cu (OH)2 " CuCl2
3.Калий сульфиді мен алюминий хлоридінің сулы ерітінділерін бір-бірімен араластырғанда қандай өнімдер түзіледі? Түсініктеме беріңіз және реакция теңдеулерін жазыңыз.
4.Хром үш оксид түзеді: CrO, Cr2O3, CrO3. Осылардың қайсысы қышқылдық, негіздік және амфотерлік оксидтер. Оксидтің амфотерлігін қалай дәлелдеуге болады? Осы оксидтерге сәйкес гидроксидтердің формулаларын жазыңдар.
5.Берілген азот қышқылын толық бейтараптау үшін оқушы 1,1г кальций гидроксидін жұмсады. Осы мақсат үшін кальций гидроксидін алмастыруға 10%–дық натрий гидроксидінің қандай массасы қажет?
11-сынып, «Аромат көмірсутектер» тақырыбына арналған тапсырмалар:
С нұсқасы
1.Табиғи газ құрамына кіретін көмірсутектердің формулаларын жазып, аттарын атаңыз.
2.Мына өзгертулерді іске асыруға қажетті реакция теңдеулерін жазыңыз:
CH4 " C2H2 "С2Н6
3.Мұнайды өңдегенде алынатын маңызды өнімдерді сипаттаңыз.
4. 39 г бензол сутекпен әрекеттескенде түзілетін циклогексанның (С6Н12) массасы қанша?
В нұсқасы
1. Крекинг – процесстің мұнайды фракциялап айдаудан қандай айырмашылығы бар?
2. Табиғи газ компоненттерін өнеркәсіптік мақсатта қолдану үшін қажетті реакция теңдеулерін жазыңыз.
3. Мына теңдеулерді іске асыруға қажетті теңдеулерді жазыңыз:
С2Н4"С2Н2"С6Н6"С6Н12
Сызбанұсқада келтірілген барлық заттардың аттарын атаңыз.
4. 31,2 г бензол және 32 л (қ.ж.) хлор әрекеттескенде түзілетін гексахлорциклогексанның массасын анықтаңыз.
А нұсқасы
1.Бензолдың қаныққан көмірсутектермен салыстырғанда химиялық қасиеттерінде қандай сәйкестік бар? Жауаптарыңызды реакция теңдеулері және олардың жүру шарттарын келтіріп дәлелдеңіз.
2.Кокс газының құрамына кіретін заттардың формуласын жазыңыз және қандай органикалық немесе бейорганикалық заттар алу үшін кокс газы қолданылады?
3.2–метилгександы крекинглеу реакция теңдеуін жазыңыз және мұнда С2–С3 көміртек көміртек байланысы үзілді деп есептеңіз.
4.Төменде келтірілген өзгерістерді іске асыруға қажетті реакция теңдеулерін жазыңыз:
CaС2"С2Н2"С2Н4"С2Н6
Сызбанұсқада келтірілген барлық заттардың аттарын атаңыз.
50 мл табиғи газдан (қ.ж.) 40,4 л хлорметан (СH3Cl) алынды. Егер хлорметанның массалық үлес шығымы 44% болса, табиғи газдағы метанның көлемдік үлесін (%) есептеңіз.
Әдебиеттер
1.Унт И.Э. Индивидуализация и дифференциация обучения. –М. ,1990.
2.Гузик Н.П. Учить учиться. –М. ,1981.
3. Гузик Н.П. Обучение органической химии. –М.,1988.
4.Суворцева Р.П. Разноуровневая дифференциация при обучении химии // Химия в школе. 2000, №8.
Достарыңызбен бөлісу: |