Белоктың майлануы–бұл қайтымды процесс белоктардың тұнбаға түсуі, бұған натрийдің тұздары әсер ете алады. Олардың көзін жойған кезде белок өзінің бастапқы қалпына келеді. Денатурация–орта жағдайларының әсерінен белоктың табиғи құрылымының бұзылуы. Бұл кезде әртүрлі физикалық және химиялық жағдайлардың–қыздырудың, сәулеленудің, механикалық әсер етудің салдарынан белоктың алдымен үшінші, содан соң екінші реттік құрылымдарын бекітіп тұратын әлсіз байланыстар үзіледі де, молекула жазылады. Денатураттау нәтижесінде белоктың қасиеттері өзгереді. Арнаулы қызмет атқаруы бұзылады. Бұған өзімізге белгілі жұмыртқа сұйықтығының қыздырудан соң тығыздалып, мөлдірлігін жоғалтуы мысал бола алады. Денатураттау көптеген белок үшін қайтымды әрекет. Орта жағдайы қалпына келген кезде жазылған полипептидтік тізбек оралма тәрізді ширатылып, одан әрі жанастырылып, шоғырланып, алғашқыдай үшінші реттік құрылымын қайта түзе алады.
Биология пәнінің мұғалімі топпен зертханалық жұмыс жүргізеді.
Төрт топқа бөлінген оқушылар асқазан сөлінің жұмыртқа белогына әсерін зерттейді; бірінші топ– 400С дейін қыздырады, екінші топ 00С –ге дейін суытады, ал үшінші топ қайнатады, төртінші топ–негіздік ортада әсерлерін көреді. Бесінші топ болса, асқазан сөлінің кәдімгі жағдайдағы қасиеттерін және оның крахмалға әсерін тексеріп көреді.
Тәжірибелік жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар өз бетінше қорытынды жасайды. Тақтаға гидролиз реакциясын жазады.
Биология пәнінің мұғалімі ең алғаш белок туралы ХІХ ғ. айтыла бастағанын түсіндіреді. 1888 ж. А.Я. Данилевский «Белоктардың молекулалық теориясын» ұсынды. ХХ ғ. басында Э. Фишер пептидтерді және пептид тәрізді заттарды синтездеді, ал 60-шы жылдары ең бірінші белок―инсулин синтезделген.
Оқушылар белоктық қорек туралы өз ойларын ортаға салады.
4–оқушы. Белокқа деген қажеттілік әр адамның жасына байланысты. Ең алдымен белок азық ретінде қажет. Ол–біздің ағзамыз үшін қуат көзі, ал денсаулық белоктың мөлшеріне тікелей байланысты. Белоктың тамақ құрамында жетіспеуі әртүрлі ауруға әкеліп соқтырады. Денсаулық үшін сапалы белок керек.
Құрамында аса құнды аминқышқылдары болатын белоктар сапалы белок деп аталады.
1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс: Кестені толтыру.
2-тапсырма. Жай белок.
Достарыңызбен бөлісу: |