Химияны оќытудыњ жања технологиялары



бет48/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Қорытынды
Қазіргі таңда әрбір білім алушыға жеке тұлға ретінде қарап,оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік іс-әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оның білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат - мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, қоғам талабана сай іске асыруға ықпал ету оқу-тәрбие процесінің негізгі арқауы болып табылады.
Білімдендіру процесін жаңа технологиялық деңгейге көтеру оқушылардың білім сапасын арттыруға және олардың өз бетінше жұмыс істеуіне едәуір көмектеседі.
Білімдендіруді технологияландыру ертеден белгілі болды, бірақ мақсатты түрде бұл процесс ХХ ғасырдың орта кезінен бастап дами түсті. Педагогика ғылымының оқыту технологиясына бет бұруының басты себебі дамыған елдердің білім беру нәтижесіне қанағаттанбауынан. Бұл проблеманы шешудің баламасы ретінде өндіріс қарастырылды, атап айтсақ технологиялық процестерді ұйымдастыру мен басқаруды анық жүргізу арқылы алдын-ала жоспарланған өнім алуға мүмкіндік бар. Алайда өндірісті ұйымдастыру моделін тікелей оқу процесіне енгізу айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені білімдендіру өте күрделі процесс. Бұл процесте білім беру философиясы, антропология, кибернетика, психология, оқыту, тәрбиелеу және жеке әдістер теориясы, әлеуметтік технология, педагогикалық технологияларды интеграциялау жаңа білім беру саясатын іске асыру мен дамытудың басты шарты болып саналады.
Бұл оқу құралында педагокикалық технологияларды химия курсына енгізу мәселелеріне тоқталдық. Алайда, білім беруде технологияландыру процесін белсенді түрде енгізуге көп еңбек сіңірген педагог-ғалымдардың (В.П. Беспалько, В.В. Гузеев, Е.С. Заир-Бек, Л.В.Загрекова, М.В. Кларин, Н.Е. Кузнецова, С.А. Маврин, В.М. Монахов, Н.Н. Суртаева, Г.К. Селевко, М.А. Чошанов және т.б) жұмыстарына қарамастан, көптеген принципті мәселелер әзірше зерттелмеген, педагогикалық технологиялардың бірыңғай жүйесі жоқ, педагогикалық технологиялардың жалпы теориясы жасалынбаған, технологияларды қолдануда қарама-қайшылықтар шешілмеген, педагогикалық технологиялардың тиімділік критерийлері дайындалмаған. Педагогикалық технологияларды жобалау әрекеті қиындық туғызады. Бұл жағдайда республикада білім беруді жаңартуда атқарылып жатқан жұмыстар, яғни бейіндік, дифференциалдап және интеграциялап, жеке тұлғаға бағдарлап оқыту сияқты педагогикалық технологиялар өзекті. Келешекте оқу сапасын арттырып, нәтижелі оқыту үшін оқу - тәрбие ісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалануымыз керек.
Білімдендіруді технологияландыру – білімді дамытудағы жаңа, ғылыми өрісі кең, комплексті бағыт. Бұл процесс адам әрекетінің шеберлігіне сүйенеді. Демек, оқу процесін технологиялардыру ұстаздардың дайындығына тікелей байланысты. Осыған орай болашақ педагог қазіргі педагогикалық технологиялар негізінде білім алып, олардың ерекшелігін, қолдану шекарасын, оқушылардың білім сапасына әсерін егжей–тегжейлі білгені абзал.
Оқу құралының авторы бұл кітап педагогикалық технологияларға байланысты барлық проблемаларды шешеді деген ойдан аулақ. Дегенмен, алдарыңыздағы оқу құралы оқырмандардың педагогикалық технологияларға деген қызығушылығын арттырады және қарастырылған материалды шәкірттерге білім беру барысында қолдануға үлкен септігін тигізеді деп сенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет