Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Ойын арқылы оқыту технологиясының концептуалды негіздері



бет44/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Ойын арқылы оқыту технологиясының концептуалды негіздері
Химияны оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс-әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.
Ойын іс-әрекетінің психологиялық механизміне тұлғаның өзін көрсетуі, өзін бақылауы және өзіне сенуі жатады. Ойынға қосылу адам жасына байланысты емес, әр жастағы ойынның өз ерекшеліктері бар.
Ойын ерекшеліктерін өзін көрсету, болашақ практикалық іс-әрекетке бейіндік бағдарлау, ойында жеңіске жетуге ұмтылу құрайды.
Іскерлік ойын кешендік проблемаларды шешуге қолданылады, оқушылардың шығармашылық қабілетін және оқу іскерлігін дамыту, оқу материалдарын түсініп, жан-жақты игеруге бағыттайды.
Ойын іс-әрекеті оқытудың әр түрлі функцияларын іске асырады. Олар– тәрбиелік, дидактикалық, дамытушылық, әдістемелік, психологиялық.
В.В.Николинаның жүргізген зерттеулері ойын арқылы оқыту технологиясының келесі компоненттерін анықтайды:

  • мотивациялық;

  • бағдарлық;

  • мақсаттық;

  • мазмұнды-операциялық;

  • құндылықты- жігерлі;

  • бағалау.

Мотивациялық компонент оқушылар әрекетінің мазмұнына байланысты. Оларда ойын мотивтері, қызығушылығы және қажеттілігі болуы тән. Мотивациялық компонент ойында оқушылардың белсенділігін қамтамасыз етуі, әрекеттердің басқа түрімен байланыстырады.
Бағдарлық компонент оқушылардың оқу танымдық әрекетінің мақсатын, өнегелік ұстанымдарын, құндылықтарын қабылдауы жатады.
Мазмұндық-операциялық компонент оқушылардың оқу материалының мазмұнын жетік меңгеруде өз білімдері мен іс-әрекеттеріне сүйенуін білдіреді.
Ойындық іс-әрекет саналы түрде бағытталған мақсатты сипаттайды. Іс-әрекет мақсатымен ғана анықталмайды, сондай-ақ нақты шарттар-бағдарлық жүйемен (іс-әрекеттің бағдарлық негізі) анықталады. Ақыл-ойдың сатылап қалыптасу теориясында (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина ) кез-келген ақыл-ой іс-әрекетінде адам белгілі бір бағдарлы жүйеге сүйенеді деп айтылған. Демек, іс-әрекеттің бағдарлы негізі істің сипатына байланысты алгоритм немесе эвристикалық сызбанұсқа түрінде берілуі мүмкін. Осындай сызбанұсқалар мен алгоритмдерді оқушылар оңай меңгереді және қолданады.
Құндылықты жігерлі компонент жоғары дәрежелі мақсатты танымдық белсенділікті қажет етеді. Ойынның бұл компоненті әлеуметтік-мәдениеттік тәжірибенің ерекше түрі ретінде тұлғалық бағдарды дамытады.
Ойынның бағалау компоненті ойын мақсаты мен нәтижесін салыстыруды қамтамасыз етеді. Бағалау компонентінің мазмұны танымдық әрекеттің қалыптасуы туралы жүйелі түрде ақпарат алу болып табылады. Бағалау компоненті ойынның өзіндік басқару барысын және өз әрекетінің рефлексиясын қамтамасыз етеді.
Барлық қарастырылған ойын компоненттері өзара өте тығыз байланыста болып келеді, оларды бір-бірінен айыруға болмайды және ойынның технологиялық құрылысын анықтайды.
Жоғарыда қарастырылған ойын компоненттері бірнеше құрылымдық элементтерден тұрады. Зерттеушілердің көпшілігі элементтердің мынадай құрылымын белгілейді: ойын мақсаты, ережелері, ойын жағдаяттары , көріністер (сюжет), ойын іс-әрекеті, нәтиже (6-кесте).

6-кесте. Ойын арқылы оқыту технологиясының компоненттері





Ойын технологиясының компоненті



Ойынның құрылымдық элементтері

Мотивациялық



Бағыт сілтейтін элемент, оқу жағдаяты

Бағдарлы-мақсатты



Ойын мақсаты

Мазмұнды-операциялық



Ойын ережесі, ойын әрекеті

Құндылықты-жігерлі






Бағалау



Ойын нәтижесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет