Құзыреттілік - оқушылардың іс-әрекеттің жан-жақты тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Мемлекеттік білім беру стандарты - білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге септігін тигізетін мақсаттар мен міндеттердің жиынтығын, базалық білім мазмұнын, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқыту процесін ұйымдастырудың және білім беру салалары мен жекелеген оқу пәндері бойынша білім сапасын бағалаудың негізгі қағидаттарын, білім, білік, дағдылар мен қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім нәтижелерін, білім сапасын мемлекеттік бақылау ережелері мен рәсімдерін анықтайтын нормативтік құжат.
Модуль - білім мазмұны және оны игеру технологиясы біріккен біртұтас функционалдық түйін.
Педагогикалық технология - оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы немесе мұғалімнің нақты іс-әрекетіне байланысты және алдына қойған мақсаттарына жетуге бағытталған белгілі ретпен орындалатын іс-шаралар. Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т. Лихачев), оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П. Беспалько).
Педагогикалық процесс - оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмірге дайындауға бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.
Педагогикалық жүйе - жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |