Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Ойын технологиясын жіктеу



бет45/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Ойын технологиясын жіктеу. Жіктеудің бірнеше түрі бар. Біз дидактикалық ойындарды жіктеуді қарастырайық (10-сурет):

Дидактикалық ойындар





Шығармашылық



Тренингтік



театрланған (режиссер-лық)



ақпарат-тық

имита-циялық

білімді бекіту

бақылау


жарыс
түрінде

кәсіби
бағдарлық





жобалау



іскерлік

рөлдік

10-сурет. Дидактикалық ойындардың жіктелуі





Ойын технологиясын ұйымдастыру

Кез-келген ойынның нәтижелігі оның ұйымдастырылуына байланысты. Ойын арқылы оқыту технологиясы бір-бірімен байланысқан үш кезеңнен тұрады: дайындық, ойынды жүргізу, қорытынды кезеңдер.


Бірінші кезең. Ойынға дайындық. Ойынға дайындалу логикасы ойын компоненттеріне байланысты: мотивациялық, бағдарлық, мақсаттық, мазмұнды-операциялық, құндылықты-жігерлі, бағалау. Олар дайындықтың жүйелілігін анықтайды.
Оқушылардың ойынға дайындығы 3-4 апта бұрын басталады. Осы кезеңде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырады: тақырыбын, жоспарын, қажетті әдебиеттерді, ойын шартын, қарастыратын проблемалар шеңберін айтады, рөлдерді бөледі, кеңес беруді ұйымдастырады.
Рөлді ойындар, жарыс ойындар, қозғалуды қажет ететін ойындарды ұйымдастырғанда оқушыларды көбірек тарту қажет. Кей жағдайларда топтар құру керек.
Ойынға дайындықтың бірден бір элементі кеңес болып табылады. Кеңес беру оқушылардың ойынға дұрыс психологиялық қарым-қатынасын қалыптастыруына, өзінің мүмкіндіктеріне сенімділікпен қарауына көмектеседі.
Әдетте мұғалімнің кеңес беруі екі бөліктен тұрады: ойынның мазмұны бойынша әңгіме, ойын ерекшеліктері мен методикасына байланысты нұсқау беру.
Екінші кезең. Ойынды өткізу. Ойынды жүргізудің қажетті элементі эмоцияналдық екпін және ойынға қызығушылықтың болуы. Осыған орай ойын өтетін бөлмені мұқият безендіру (және әр түрлі оқытудың техникалық құралдарын пайдалану) ерекше жағдай тударады.
Ойын барысында проблемалық жағдаят шешімін табу керек. Мұнда пікірталас және диалог сияқты тәсілдерді жиі пайдаланған абзал.
Ойынның жалпы элементі мұғалімнің бастама сөзі болып табылады. Мұғалімнің сөзі оқушыны белсенділікке және шығармашылық түрдегі танымдық әрекеттерге бағыттайды. Мұғалім өз сөзінде ойынның мақсатын, ережелерін тағы қайталайды, эмоцияналды іс-әрекетке бағыттайды. Оқушылардың белсенділігі мұғалім мен оқушылардың бірлесіп еткен әрекетіне тығыз байланысты.
Үшінші кезең. Ойын қорытындысын шығару. Мұнда оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейіне, өзіндік шығармашылық ойлауына, сенімнің қалыптасуына басты назар аудару керек. Мұғалім ойынның нәтижесінде жеткен жетістіктермен қатар байқалған кемшіліктерді де атап өткен жөн. Сонымен қатар, ойынға баға беріп, марапаттау да оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыруға дем береді.
Ойын арқылы оқыту технологиясын «Шойын өндіру» тақырыбына қолдану мүмкіндігін көрсетейік.


«Шойын өндіру»

Сабақ өту мерзімі «Шойын және болат өндіру» тақырыбынан кейін оқушылардың дайындығына байланысты белгіленуі тиіс. Мұғалім кеңесші рөлінде болады. Оқушылар рөлдерді өздері болашақ мамандығына байланысты таңдайды. Сонымен қатар гуманитарлық кәсіби компонент кіргізіледі .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет