Бағдарламалық материалдардың түрлері
Бағдарламалап оқыту технологиясын ұтымды іске асыру мақсатында қосымша бағдарламалық материалдар дайындалады. Олардың мақсаты оқу процесін тиімді басқару. Оған жататындар:
бағдарламаланған оқу құралы;
бағдарламаланған есептер мен жаттығулар жинағы;
бағдарламаланған практикумдар;
жұмыс дәптері;
тест жинақтары.
Химия сабағында бағдарламалап оқытуды қолдану
Бағдарламалап оқыту басқа оқыту технологиялармен қатар, оларды толықтыра отырып қолданылады. Бағдарламалап оқытудың кейбір элементтері өзіндік жұмыста, тест түріндегі тапсырмаларда, жаттығуларда бар. Олар әр түрлі көлемде және оқытудың әр алуан кезеңдерінде іске асады. Жалпы ұлттық тестілеуге көшкен кезде бұл технология тестілік бақылауда кең ауқымда қолданыс табуда.
Тест диагностикалық, білім, білік және дағдының қалыптасуын бақылауда оқытудың әр түрлі кезеңдерінде қолданылады. Қазіргі кезде қазақ тілінде көптеген тест тапсырмалары мен жаттығулары жарық көрді.
Бағдарламаланған оқу құралымен жұмыс уақыты 20-25 минут, ал бағдарламаланған бақылау болса 5-10 минут уақыт алады. Мұнда тапсырмалар оқушылардың өз қолында қалады, сондықтан бақылау нәтижесін өздері тез тексеріп, талдау жасауға мүмкіндік алады. Осындай бақылауды әр пәннен өткізуге болады. Соның нәтижесінде оқушылардың сабаққа дайындығын, өзіндік жұмысты орындау деңгейін айқындауға мүмкіндік туады.
Сонымен бағдарламалап оқытуды білімдендірудің басқа түрлері мен формалары және әдістерімен үйлестіре жүргізу – оқушылардың өзіндік және бақылау жұмыстарын жүргізуде өте тиімді әдіс.
Бағдарламалап оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
оқу процесін қатаң түрде бақылауға мүмкіндік бар;
бағдарламалап оқытуда оқушы білімді өздік жұмыс нәтижесінде алады;
сабақ жіберген оқушы олқылықтарын тез толықтыруына болады;
білімділікті тез қалыптастыруға мүмкіндік бар;
бақылаудың объективтілігін арттырады;
Кемшіліктері:
дамыта оқыту функциясын баяулатады;
мұғалімнің атқаратын іс-әрекеті нашарлайды.
Ақпараттық технологияның қарқынды түрде дамуы оқытудың компьютерлік технологиясын енгізуге мәжбүр етті. Бұл технология бағдарламалап оқытудың қазіргі таңдағы түрі. Компьютерлік бағдарламалап оқыту әр түрлі функция атқарады: мұғалімнің жұмыс істеу құралы, оқыту объектісі, ойын құралы, коммуникация және интернет құралдары.
Ақпараттандыру және компьютерді білім беруде кең қолдану оқу ақпаратын баяндау логикасын ғана емес, мәтін мен графикалық ақпаратты дыбыспен, бейне және кинофрагменттермен, мультипликация және анимациямен үйлестіруге мүмкіндік береді. Осындай қалыпта жұмыс атқара алатын компьютерлік техниканы «көп вариантты орта», мультимедия деп атайды.
Химияны оқыту барысында мультимедиялық құралдар химиялық процестер мен нысандарды оқушылардың қабылдауына тиімді, мысалы, химиялық реакциялар механизмінің динамикасын, химиялық өндірістегі технологиялық процестерді және т.б.
Компьютерлік жүйені оқу процесінде қолдану – жаңа бағыт. Ол интерактивті оқыту деп аталады. Егер жүйе оқытушы мен оқушы іс-әрекетіне «үн қатса», яғни онымен диалог орнаса білім беру деңгейі едәуір артады.
Компьютерлік оқыту технологиясын қолданудың болашағы зор.
Әдебиеттер
1.Зайцев О.С.Методика обучения химии. −М .,1999.
2.Кузнецова Н.С.Педагогические технологии в предметном обучении. −СПб., 1995.
3.Пак М.С.Алгоритмика при изучении химии. −М. , 2000.
4.Потапов В.М.Чертков И.Н. Проверь свои знания по органической химии. −М. ,1979.
5.Сорокин В.В. ,Злотников Э.Г. Как ты знаешь химию? −СПб., 1996
6.Сорокин В.В. Основы программированного обучения учебного материала по химии. −М. ,1980.
7.Чернобельская Г.М.,Чертков И.Н. Химия. −М.,1991.
Достарыңызбен бөлісу: |