Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Педагогикалық технологиялар



бет9/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Педагогикалық технологиялар


1. Қолдану деңгейіне қарай:

жалпы педагогикалық

жеке пәндік, салалық

локальдіқ, модульдік, тар әдістемелік

2. Философиялық негізіне қарай:



материализм

диалектика

сциентизм(ылым)

гуманизм

антропософия

прагматизм

идеализм

метафизика

табиғилық

антигуманизм

теософия

экзистенциализм



3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай :



биотектік

әлеуметтік

психотектік

идеалистік

4. Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай:

ассоциациялы-
рефлекторлық

дамытушы

интериори-
заторлық

бихевиорис-
тік

Гештальт
технология

сугевистік

нейро-
лингвистік

5. Тұлғалық құрылымға бағдарлануына қарай:



ақпараттық-
ББД

операциялық-
АӘА-қалыптасуы

өзін-өзі дамыту – ТОТ-қалыптасуы

ЭАС- қалыптасуы

ПӘС-қалыптасуы

эвристика
лық

6. Мазмұндық және құрылымдық сипатына қарай:



материализм

білімдік

азаматтық

жалпы білімдік

гуманистік

технологияға енетін
моно-, политехн.

идеализм

тәрбиелік

діни

кәсіптік

технократиялық



7. Ұйымдастыру формасына қарай:



балама

клубтық

топтық

ұжымдық оқыту амалы

саралап оқыту

Кластық-сабақтық

Академиялық

Жеке даралық



8. Ақыл-ой қызметін басқару типіне қарай:

классикалық,
дәрістік

ОТҚ көмегімен оқыту

кеңесші жүйесі

кітап бойынша оқыту

шағын топтар жүйесі

компьютер
лік оқыту

репетитор
жүйесі

бағдарлама
лық оқыту




қазіргі дәстүрлі оқыту

саралау

дәстүрлі классикалық

бағдарламалап оқыту



9. Балаға деген қатынас амалына қарай:

бедел-дік

дидакто-, әлеумет-,
антропо-центристік

тұлғаға бағдарланған

гуманды-
тұлғалық

ынтымақтық
педагогикасы

еркін
тәрбие

эзотерика
лық



10. Басымдық танытатын әдісіне қарай:

догматикалық,
репродуктивті

түсіндірмелі-
иллюстративті

дамыта
оқыту

проблемалық,
ізденушілік

шығармашылық






бағдарламалап оқыту

диалогтық

ойындық

өздігінен дамыта оқыту

ақпараттық технология



11.Қолданыстағы дәстүрлі жүйені жаңарту (модернизациялау)
бағытына қарай:



ізгілік пен
жариялылық
негізіндегі
қарым-қатынас

бала әреке-
тінің белсен-
ділігі мен
интенсифи-
кация негізіндегі

бақылау мен
ұйымдастыру
тиімділігі
негізінде

материалды дидактикалық және әдістемелік реконстркция-лау негізінде

табиғи

ба-лама

авторлық мектептердің тұтас технологиясы



12.Оқушылардың категориясы бойынша:



көпшілікке
арналған
технология

алдыңғы
қатардағы
білім беру

компен-сациялық

виктимо-логиялық

қиын балалармен
жұмыс істеу
технологиясы

дарынды балалармен жұмыс істеу технологиясы

1-сурет.Педагогикалық технологиялардың жіктелуі





  • ойын-сабақ технологиясы;

  • проблемалық оқыту;

  • модульдік оқыту;

  • В.Ф.Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы;

  • Е.И.Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.

3.Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы

  • бағдарламалап (программалап) оқыту;

  • дифференциалдап оқыту (В.В.Фирсов,Н.П.Гузик);

  • даралап оқыту (А.С.Границкая, Инге Унт, В.Д.Шадриков);

  • тірек нұсқаларын пайдалана ,түсіндіре отырып,басқарудағы перспективтік алдын–ала оза оқыту (С.Н.Лысенкова);

  • ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері (И.Д.Первин,В.К.Дьяченко);

  • компьютерлік технология.

4.Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы:

  • ірілендірілген дидактикалық бірліктер (П.М.Эрдниев);

  • «Мәдениет диалогы» (В.С.Библер,С.Ю.Курганов);

  • «Экология және диалектика» жүйесі (Л.В.Тарасов);

  • ақыл-ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы (М.Б.Волович).

5.Табиғат тәнділік, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы:

  • Л.Н.Толстой бойынша оқыту;

  • сауаттылыққа тәрбиелеу (А.Кушнир);

  • М.Монтессори технологиясы.

6.Альтернативті оқыту технологиясы:

  • Вальдорф педагогикасы (Р.Штейнер);

  • еркін еңбек технологиясы (С.Френс)

  • ықтималдық оқыту технологиясы (А.М.Лобка).

7.Кешенді политехнологиялар:

  • «Өзін-өзі анықтау мектебі» (А.Н.Тубельский);

  • «Барлықтар үшін мектеп» (Е.Н.Ямбург);

  • «Школа–парк» (М.Балабин)

Педагогикалық технологиялардың даму көзі мен құрамдас бөліктері мыналар:



  • әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;

  • педагогика,психология және қоғамдық ғылымдар;

  • ескі мен жаңа отандық, шетелдік тәжірибелер;

  • этнопедагогика.

Қазіргі таңда 500-ге жуық педагогикалық технологиялар бар.Алайда, осы технологиялардың барлығын химия пәнін оқытуда қолдануға бола ма? Әрине,жоқ. Біз химия курсында қолданыс тапқан,әдістемелік жағынан зерттелген 10 технологияны жан-жақты қарастырамыз.Ол технологиялар 2-суретте көрсетілген:


2-сурет. Химия курсында қолданылатын педагогикалық технологиялар


Қазіргі уақытта педагогика ғылымында технологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайындау сапасын жоғарылату мақсатында педагогикалық технологияларды пайдалану талпыныстары көптеген педагогтар мен тәжірибелі мұғалімдердің оқыту және тәрбиелеуді жүйелі, тиімді, процессуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады.
Әдебиеттер



  1. Чошанов М.А. Дидактическое конструирование гибкой технологии обучения. Педагогика,1997. № 2, с 17-20.

  2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. − М .,1989.

  3. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике. − Рига ,1995.

  4. Монахов В.М.Технологические основы проектирования и конструи-рования учебного процесса . − Волгоград.1995.

  5. Лихачев Б.Т.Педагогика. −М . ,1992 .

  6. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии − М., 1998.

  7. Савельев А.Я.Технология обучения и их роль в реформе высшего образования .Высшее образование в России.1994 , №2, с 29-37.

  8. Бордовская Н.В, Реан А.А. Педагогика. − М., 2002.



3.Химияны оқытуда қазіргі технологияларды қолдану


3.1.Бағдарламалап оқыту технологиясы



  • Бағдарламалап оқытудың мағынасы.

  • Бағдарламалап оқытудың теориялық негіздері және принциптері.

  • Бағдарламалық материалдың түрлері.

  • Бағдарламалап оқытудың кезеңдері.

  • Химия сабағында бағдарламалап оқытуды қолдану.

Бағдарламалап оқыту деп оқушылардың оқу материалын бағдарламаға сүйеніп өз бетінше меңгеруін айтады. Бағдарламаланған оқу материалы ―оқу ақпаратын тиісті бөліктерге бөліп, белгілі-бір логикалық бірізділікпен беру.
Бағдарламалап оқыту XX ғасырдың 50-жылдары АҚШ-та педагогика, психилогия және кибернетика тоғысында іске аса бастады. Бағдарламалап оқытудың негізін қалаушы психолог Б.Ф.Скинер болып саналады және ол оқытудың осы технологиясының алдына екі маңызды талап қойды:

  • білімді бақылауды қойып, өзін-өзі бақылауға үйрету;

  • педагогикалық жүйені өзін-өзі оқытуға көшіру.

Бағдарламалап оқытудың теориялық негіздеріне жататындар:

  • кибернетикалық және технологиялық көзқарастар;

  • дербестік көзқарас;

  • психологиялық ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу теориясы.

Бағдарламалап оқытудың принциптері:

  • оқушы меңгеретін материалын ұқыпты, дұрыс таңдау;

  • оқу материалын аяқтауға тиісті бөлік ретінде бөлу;

  • оқушының оқу әрекетін әр кезеңде бақылау әдісімен тексеру және кері байланысты қалыптастыру;

  • бағдарламалық материалмен жұмыс істеуде оқушыларды дербестікке баулу;

  • оқытудың дербес түрін іске асыру;

  • оқытуда арнайы техникалық құралдарды пайдалану.

Оқу жүйесінде қолданылатын бағдарламалап оқыту мұғалімнің кейбір функцияларын орындайды, сабақ материалын түсіндіру тәсілін өзгертеді.
Оқыту бағдарламасының атқаратын функциялары:

  • ақпарат көзі болып табылады;

  • оқу процесін ұйымдастырады;

  • оқу материалын меңгеру деңгейін анықтайды;

  • пәннің тақырыбын реттейді;

  • түсіндіру;

  • қателерін ескертеді;

  • кері байланыс орнатады.

Бағдарламалап оқытуда үш түрлі бағдарлама бар:

  • сызықтық;

  • тармақталған;

  • қиыстырылған (аралас,бейімделген).

Сызықтық бағдарлама деп логикалық өзара байланысқан ақпараттың меңгеруге жататын тиісті бөлігінің бірізділігін айтады. Сызықтық бағдарламаны қолданғанда барлық оқушылар бір қадамнан кейін келесі қадамға өтіп, барлық кезеңдерін игереді. Мұндай тапсырмаларды орындағанда тек қарқынында ғана өзгешелік болуы мүмкін (3-сурет).

3-сурет . Сызықтық және тармақталған бағдарламалар.


Бұл суретте 1-ден 7-ге дейінгі бірізділік сызықты бағдарламаны көрсетеді,мұнда тармақ болмауы керек. Сызықтық бағдарлама Ю.Д.Третьяков пен О.С. Зайцевтің бағдарламалық оқу құралында қолданылған.


Тармақталған бағдарлама сызықты бағдарламаға негізделген.Бұл оқудың дербестігін қамтамасыз етеді. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, онда оның дұрыстығына шешім алған соң, бағдарламаның екінші қадамына өтуге нұсқау алады. Тапсырманы қысқа жолмен жүріп өтеді. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдамаса, оның жіберген қатесі көрсетіледі және ол алдыңғы қадамдардың біреуіне қайта оралуға нұсқау алады немесе қайсыбір көмекші бағдарламаға жауап берсе, оқушы алға тез жылжып, оқу материалын игергенін көрсетеді. Қатені көп жіберетін оқушының жылжуы баяу, бірақ біліміндегі олқылықтарын қосымша түсініктемелер арқылы оқып, толықтырады.
3-суретке қайта оралайық. 4-бөліктен 2-ге шыққан бағдар қайта оралуды және бағдарлама бөлігін қайта оқуды талап етеді, ал 4-тен 7-ге бағытталған бағдар оқушының білімінің жоғары екенін білдіреді және аралық бөліктерді оқымай, бірден 7-ге көшуге рұқсат береді. 1-ден 8-ге бағдарланған бағдар бірінші бөлікке берілген жауап дұрыс болмағандықтан, қосымша материал оқудың керектігін көрсетеді. Басқа жанама бағдар да (2-9-10) осында жағдайларды білдіреді.
Сонымен тармақталған бағдарламаның ерекшеліктері:

  • оқу материалының ірі бөліктерге бөлінуі;

  • барлық бөліктерді түгел орындау қате еместігі;

  • алдыңғы бағдарламаға қайту мүмкіндігі;

  • бағдарламаны орындау мүмкіндігіне сәйкес оқушының дербес білім алуы.

Тармақталған бағдарлама бойынша оқу арқылы білімді қысқа мерзімде меңгеруге болады.
Көп жағдайда қиыстырылған бағдарламамен оқытылады, ол сызықтық және тармақталған бағдарламалардың үйлесімі болып табылады. Мұндай бағдарлама В.В.Сорокин мен Э.Г.Злотниковтың «Химияны сен қалай білесің?» Г.М.Чернобельская мен И.Н Чертковттың «Химия» оқу құралында келтірілген.
Мұғалімнің оқу материалын дайындаудағы іс әрекеті:

  • оқу ақпаратын таңдау. Меңгеруге қажет материалдан ең маңызды ақпаратын құрылымдау, мұнда мектеп оқушыларына түсінікті және таныс емес терминдер болмауы керек;

  • оқу материалын баяндауда логикалық бірізділігін анықтау;

  • оқу материалын мағынасы жағынан аяқталған тиісті бөліктерге бөлу. Олар ақпараттың күрделілігіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа ұстанымдарға байланысты әр түрлі болады;

  • әрбір тиісті бөліктерді меңгергенін оқушылардың өзін-өзі тексеруі үшін сұрақтар, график түріндегі тапсырмалар,есептер , жаттығулар дайындау;

  • кері байланысты қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет