Педагогикалық технологиялардың ғылыми философиялық негізі
Әлемдік білім беру кеңістігіндегі педагогикалық технологиялардың ғылыми философиялық негізін мыналар құрайды:
Гуманизм (ізгіліктік) – әлеуметтік құбылыстарды бағалау өлшемі, адамның жағдайы, қоғам қағидасы – теңдік, әділеттілік.
Теософия – діни бағыттағы мектептердің негізі. Ол ұлттық педагогикада терең тамыр жайған, жастарды жақсылық пен жамандықтың ара - жігін ашуға тәрбиелейді.
Антрософия – адамның рухани құндылығын зерттеуші бағыт.
Экзистенциализм – адам өзін-өзі жасаушы деген ойды басшылыққа алу.
Прагматизм – тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік сапалары, оның табиғи жаратылысы. Оның көрінуі тек даралық ерекшеліктеріне байланысты. Олар адамгершілік сапаларды қалыптастыру емес, табиғи берілген қабілетті дамытуды өзін-өзі реттеу жағдайының алғы шарты деп есептейді.
Сциентизм – адамзат қоғамының мәдениет жүйесінде ғылым мен техника рөлін ерекше бағалау.
2.4. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Қазіргі таңда педагогикалық технологияларды жіктеудің бірнеше түрлері бар. Бірақ оқыту технологиясының нақты жіктемесі жоқ, өйткені мұнда дидактикалық құбылыстың күрделілігі мен көпаспектілігі басым.
Педагогикалық технологияларды жіктеудегі әр түрлі көзқарастарды қарастырайық.
А.Я.Савельев білім беру технологиясының келесі жіктемесін ұсынады:
қызметтің бағыты бойынша (оқушылар, студенттер, оқытушылар және т.б);
оқыту мақсаты бойынша;
пәннің түрлері бойынша (гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық пәндер, т.б);
қолданылатын техникалық құралдар бойынша (аудиокөру, компьютерлік, видеокомпьютерлік және т.б);
оқу процесін ұйымдастыру бойынша (жекеше, ұжымдық, аралас);
әдістемелік тапсырмалар бойынша (бір пәннің технологиясы, құралдары, әдісі).
Бұл топтамада оқытудың технологиясы мазмұндалады.
Н.В.Бордовская, А.А.Реан жіктемесі:
құрылымдық-логикалық оқыту технологиясы;
ойын технологиясы;
компьютерлік технология;
диалогтық технология;
тренингтік технология.
Педагогика ғылымы мен практикасында белгілі технологияларды жалпы түрде Г.К.Селевко топтастырды (1-сурет). Осы жіктелу педагогикалық технология туралы түсінігіміздің айқындала және кеңейе түсуіне мүмкіндік берді.
Осы жіктеумен қатар Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзгеше жіктеуін де ұсынады:
1.Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде құру технологиясы:
ынтымақтастық педагогикасы;
ізгілік – тұлғалы оқыту технологиясы (Ш.А.Амонашвили).
адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильин).
2.Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы:
Достарыңызбен бөлісу: |