Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы



бет3/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

1.2 Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Педагогикалық теория мен практикада ең күрделі және негізгі проблемалардың бірі жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы және әлеуметтенуі.
«Жеке тұлға» ұғымының әр түрлі түсініктемелері бар. Жеке тұлға дегеніміз−әлеуметтік қатынастар мен саналы ісәрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Тұлғаның ең басты белгісіәлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруға қабілеті. Жеке тұлға психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақылой дамуы, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер) ие.
Жеке тұлғаның ең негізгі белгілері: оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы және әлеуметтенуі деген ұғымдардың маңызы ерекше.
Жеке тұлғаның дамуытабиғаттың, қоғамның және адамзаттың жан-жақты жалпы қасиеттері. Тұлғаның дамуы оның организміндегі қасиеттері мен санасындағы сандық өзгерістер процесімен анықталады. Адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның организмінде, психикасында, интеллектуалдық және рухани қажеттіліктерінде болып жатқан сандық және сапалық өзгерістер процесі.
Адам өз өмірінде биологиялық және әлеуметтік дамудан өтеді.
Биологиялық даму морфологиялық (бойы, салмағы, көлемі), биохимиялық (қан, сүйек, бұлшықет құрамы), физиологиялық (тамақ сіңіру, қан айналымы) өзгерістермен байланысты.
Әлеуметтік даму психикалық (ақыл-есінің, ойлау, жігерлілік, мінезінің жетілуі), рухани (өнегеліктің пайда болуы, ақыл-ойының өзгеруі), интеллектуалдық (білімнің тереңдеуі мен кеңеюі) өзгерістермен сипатталады.
Адамның дамуы (биологиялық, әлеуметтік) , өте күрделі, ұзақ, қарама-қайшы процесс. Сондықтан даму – адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы , танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық - саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістерінің өзара тығыз байланысты процесі дейміз.
Қалыптасу дегеніміз − бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру,толықтық және нақты бір түр беру. Демек, жеке тұлғаның қалыптасуы деп оның дамуының нәтижесі ретінде кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін айтады.
Соңғы кезде жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуымен қатар әлеуметтену ұғымы кең өріс жайды. Әлеуметтену деп жеке тұлғаның қоғаммен байланыс орнатып, адамдармен қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортаға интеграциялануын айтады. Тұлғаның әлеуметтік жағынан дамуына адамгершілік, рухани имандылықты саралай білу де жатады. Әлеуметтену адам
ғұмырының барлық мерзіміне созылады және адамның қоршаған ортамен байланысында кездейсоқ немесе мақсатты түрде жүреді. Әлеуметтенуде тәрбиенің рөлі ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет