Хирургия стандарт. Асептика және антисептика



бет19/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

«Таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробты ластануын азайту, жарақатты микроб түсуден сақтау.
Көрсетілім: Жарақат жағдайында.
Қоры: 1. 3% сутегі асқын тотығы.
2. 0,5% нашатырь спирт ерітіндісі, 1% йодонат ерітіндісі, 70% спирт, 10% натрий хлор ерітіндісі.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңдеңіз.
2.Стерильді қолғап киіңіз.
3.Ескі таңғышты пинцетпен шешіңіз, жара аймағында бір басынан екінші басына қарай.
4.Кепкен таңғышты 3% сутегі асқын тотығымен жібітіңіз.
5.Жарамен айналасындағы тіндерді қараңыз.
6.Жара айналасындағы теріні әуелі құрғақ мақта шаригімен, кейін 0,5% нашатырь спирт ерітіндісіне малынған мақта шаригімен жара шетінен переферияға қарай тазалаңыз.
7.Жара айналасындағы теріні антисептиктердің бірімен өңдеңіз: 1% йодонат ерітіндісімен, кейін спиртпен.
8.Жараны 3% сутегі асқын тотығымен жуыныз, егер жарада ірің болса мақта қысқышпен.
9.Жараны кептіріп, жарада 10% натрий хлор ерітіндісіне малынған турунда немесе тампон қалдырыныз.
10.Стерильді салфетка немесе мақта қолданып жаңа таңғыш қойыныз.
11.Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітіңіз.
12.Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз.
Таза отадан кейінгі жараға таңғыш қою техникасы.
Мақсаты: Жараны тексеру, антисептикалық таңғыш қою.
Көрсетілім: отадан кейінгі жара.
Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, КБУ.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолыңызды гигиеналық дәрежеде өңдеңіз.
2.Стерильді қолғап киіңіз.
3.Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешіңіз.
4.Тігіс айналасына пальпация жасаңыз.
5.Йодонатқа малынған салфетканы пинцетпен алып тігісті өңдеңіз.
6.Пинцетпен жараға стерильді салфетка қойыңыз.
7.Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітіңіз.
8.Қолданылған құралды, қолғапты, таңғыштык буға тастаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет