Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


«Білекке Крамер шинасын қоютехникасы»



бет18/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

«Білекке Крамер шинасын қоютехникасы».
Мақсаты: транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: Білек сүйектерінің сынығы.
Қоры: Крамер баспалдақты шинасы, дәке, мақта, жа зат, щприц, жансыздандырушы дәрі, 2мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тынышталдырыңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
3.Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.
4.Жансыздандыру жасаңыз 2 мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.
5.Жарақат орнын қараңыз
6.Сынық не шығу бар-жоғын анықтаныз.
7.Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.
8.Қолды бүгіп кеудеге қарай әкелініз.
9.Ұз 80 см ені 8см баспалдақты Крамер шинасын таңыныз.
10.Шинаны сау түпкілікке қойып, саусақ басынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгілеңіз.
11.Айқындалған буынды тік бұрышта бүгіңіз.
12.Шинаны сау түпкілікке қойып, білекпен теңдеңіз.
13.Шинаны түпкіліктің артқы, сыртқы бетінен теңдеңіз қол саусақтарынан иықтың жоғарғы үшінші бөлігіне дейін.
14.Шинаны түпкіліктердің шоқ саусақтарынан иық буынына дейін бекітіңіз.
15.Түпкіліктің жақсы бекітілуі үшін бекітпе бау қойыныз.
16.Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаныз.
«Сирақ сүйегіне Крамер шинасын қою техникасы».
Мақсаты: 3 шина көмегімен транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: сирақ сүйектерінің сынығы, тізе буынының шығуы.
Қоры: 3 баспалдақты Крамер шинасы, мақта, 2 дәке, шприц, қайшы, 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол, стерильді қолғап, КБУ.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты көлденең жатқызап, тынышталдырыныз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
3.Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.
4.Жансыздандыру жасаңыз: 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол.
5.Жарақат орнын қараңыз.
6.Сынық не шығу бар-жоғынң.
7.Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.
8.Баспалдақты Крамер шинасын алыңыз: бірінші ұз 120см,ені 11см; екеуі ұз 80см, ені 8см.
9.Шина түбін науқастың сау түпкілігіне қойыңыз, саусақтан өкшеге дейін.
10.Өкше аймағында тік бұрышта бүгіңіз.
11.Дайындалған шинаға аяқты қойыныз:
12.1- шина өкшеден өтіп, сирақ пен жамбастың үшінші бөлігіне дейін.
13.2- шина сирақтың сырт жағынан өтіп, өкшенің сырт шетінен жамбастың ортаңғы үшінші бөлігіне дейін.
14.3-шина сирақтың ішкі бөлігінен өтіп, өкше мен жамбастың орта үшінші бөлігінің сыртқы шетінен.
15.Шинаны түпкілікке бекітіңіз.
16.Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз.
Ескерту:
Шина қойғанда 2 буынды бектіңіз; сынықтан жоғары және төмен буындар.
Сирақтың жоғарғы үшінші бөлігінің сынығында, тізе буын зақымдануында шинаның жоғарғы түбі жамбас буынына жетуі керек.
3 шина жоқ болған жағдайда, шеткі беттеріне 2 шина немесе түпкіліктің артқы бөлігіне 1 шина қойылады.
Өкше сынығы кезінде шинаны саусақ ұшынан сирақ ортасына дейін қояды.
Шинаны 2 жағынан мақтамен орап, дәкелеп қойыңыз.
«Медициналық пневматикалық шина қою».
Мақсаты: түпкіліктер сынығында транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: жоғарғы және төмеңгі түпкіліктер сынығы.
Қоры: Шиналар бар пакет.
Ескерту: Құр сым мөлдір пластмассалық үлдірден жасалған. Ол 3 түрде шығарылады: 1 –шынтақпен білекке; 2 –табан мен сираққа; 3 –тізе буыны мен жамбасқа.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тынышталдырыңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
3.Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.
4.Жансыздандыру жасаңыз 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол.
5.Жарақат орнын қараңыз.
6.Сынық не шығу бар-жоғын анықтаңыз.
7.Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.
8.Шинаны пакеттен шығарыңыз.
9.Сүйретпелі-түйреуішті ашыңыз.
10.Шинаны алып баяу зақымданған түпкілікке жақындатыңыз.
11.Сүйретпелі-түйреуішті жабыңыз.
12.Ауа өткізгіш құрылғының клапанын ашып, түтігін сағат тіліне қарама қарсы бұрыңыз.
13.Шинаны насоспен қатты қалыпқа дейін үрлеңіз.
14.Клапанды түтікті сағат тіліне қарай бұрып жабыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет