Электр жарақатындағы алғашқы көмек.
Мақсаты: табиғи және техникалық электр тоғымен жарақаттанғандағы шұғыл көмек.
Көрсетілім: науқасқа найзағай немесе электр тогының әсер етуі.
Қоры: ағаш таяқ, резеңке қолғап.
Әрекет алгоритімі:
Электр тогының әсерін тоқтатыңыз:
науқастың жағдайын бағалаңыз.
А-В-С ережесі ойынша реанимациялық әрекет жасаңыз.
күйік орнына құрғақа септикалық таңғыш қойыңыз.
науқасты реанимация бөліміне жеткізіңіз.
Іштің өткір жарақатындағы шұғыл көмек.
Мақсаты: Ауырсынуды ескерту, хирургия бөліміне жеткізу.
Көрсетілім: іш жарақатының болуы.
Қоры: 2мл 2% промедол ерітіндісі, 500мл полиглюкин, стерильді резеңке қолғап, 70% этанол , дәке.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты қараңыз, тынышталдырыңыз.
2.Зардап шегушіні жатқызыңыз.
3.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
4.Қолынызды спиртпен өңдеп резеңке қолғап киіңіз.
5.Бұлшық етке 2мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізіңіз.
6.Жара шеттерін 70% этанолмен өңдеңіз.
7.Бублик тәріздес стерильді үйіндімен жабыңыз.
8.Фурациллинге малынған стерильді салфетка қойыңыз.
9.Дәке таңғышын қойыңыз.
10.Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл 2% промедол енгізу.
11.Шалқасынан жатқызып хирургия бөліміне тасымалдаңыз.
Іштің жабық жарақаты кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: Ауырсынуды ескерту, хирургия бөліміне жеткізу.
Көрсетілім: іш жарақатының болуы.
Қоры: салфетка, мұздымұйық, полиглюкин.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты қараңыз, тынышталдырыңыз.
2.Зардап шегушіні жатқызыңыз.
3.Бүгілген тізеге үйінді қойып, науқасты шалқасынан жатқызыңыз.
4.Ішке салфетка үстіне мұзды мұйық қойыңыз.
5.Көк тамырға 500мл полиглюкин енгізіңіз.
6.Қан қысымымен тамыр соғысын қадағалаңыз.
7.Хирургия бөліміне тасымалдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |