Диабетке қарсы препараттардың жіктелуі. Инсулин препараттарының әсер ету механизмі, қолданылуы, жанамаәсерлері.
Қантты диабет кезінде қандағы қанттың деңгейі жоғарылап , тін жасушаларында глюкоза тапшылығы байқалады .
Қантты диабетті емдеудің негізгі принциптері :
диета
инсулинге тәуелді наукастарға - инсулин препараттары
инсулинге тәуелді емес науқастарға - қантты азайтатын синтетикалық
Инсулин препараттарының шығу тегіне байланысты жіктелуі:
а ) табиғи ( қара малдың ұйқыбезінен өндірілетін ) биосинтездік препараттары : инсулин - ленте GPP , ультраленте мс , актрагид , инсулрап СІП , монотард МС , семиленте т.б.
б ) гендік инженериядағы арқылы шығарылған адамның инсулині құрылысына толық сәйкес келетін препараттар ; актрагид HM , хомофан , нзофан Нм , хумулин , ультратард HM , монокард HM және т.б.
Инсулин препараттарының тазалығына және тазалау әдісіне байланысты жіктелуі :
а ) кристалданған ( толық тазартылмаған , бірақ хроматографияланбаған инсулин препараттары , біздің елімізде бұрын шығарылған , бірақ қазіргі уақытта шығарылмайды .
б ) кристалданған және гель аркылы сүзілген ( молекулалық елеуіш ) инсулин ( актрапид , инсулирал және т.б. )
в ) кристалданған және « молекулалық елеуіш » арқылы тазаланған - монокомпонентті инсулиндер ( актрапид мс , семиленте мс , монотард мс)
Инсулин препараттарының әсерінің басталу жылдамдығы мен ұзақтығына байланысты жіктелуі:
• жылдам , әрі қысқа әсер ететін ; астралнд , актралид МС , актрапид НМ , инсулрал , хомора 40 , инсуман рапид және т.б. ( әсердің басталуы 15-30 минуттан соң , әсер ету ұзақтығы 6-8 сағат )
• орташа әсер ететін , семиленте МС , хумулни н , хумулин ленте , хомофан — ленте , ленте мс , моногард МС ( әсер етуі 1-2 сағат , ұзақтығы 12-16 сағат ) . орташа және қысқа әсер ететін инсулиндер : ( әсер етуі 30 минуттан бастап ; ұзақтығы 10 - на 24 сағатқа дейін ) актрафн нм , хумудин М - 1 ; М 2 ; М - 3 ; М - 4 ; ( әсер ету ұзақтығы 12 - 16 сағат ) – инсуман комб ( 10 - 16 сағат ішінде эсер береді )
• ұзак әсер ететін препараттар : ультраленте , ультраленте мс , ультраленте Нм ( 28 сағатқа дейін ) ; инсулинмуперленте СТІЛ ( 28 сағатқа дейін ) ; хумулин ультраленте , ультратард Нм ( 2А — 28 сағатқа дейін ) . Жылдам және қысқа әсер ететін инсулин препараттарының кантты жылдам азайтатын әсері бар . Әсері 15-20 минут ішінде дамиды . Қантты жалпы азайтатын әсері 6-8 сағат ішінде ересектерде , ал балаларда 8-10сағатқа дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |