Холинергиялық заттардың жіктелуі. М және н – холиномиметиктер немесе ахэ заттар: м-холиномиметиктер



бет22/25
Дата11.09.2022
өлшемі59.24 Kb.
#460535
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
СЕССИЯ ФАРМА-шпор

жанама әсерлер: ауыздың құрғауы, қақырықтың тұтқырлығының жоғарылауы.
Қарсы көрсеткіштер: глаукома және жүктілік.
Атропин бронхоспазм кезінде тағайындалады, оның патогенезінде антихолинэстеразамен және М-холиномиметикалық заттармен улану, тітіркендіргіш буларды ингаляциялау жетекші рөл атқарады.
Вирустарға қарсы препараттардың жіктелуі:
1. Тұмауды емдеу үшін қолданылатын: ремантадин, зинамивир, оксолин
2. Герпес вирусы және цитомегаловирустарға қарсы: ацикловир, идоксуридин, ганцикловир
3. АИТ-вирусына қарсы: зидовудин, диданозин, зальцитабин
4. Кең спектрлі антивирустық препараттар: интерферон және интерфероногендер.
Вирустарға қарсы дәрілердің макроорганизмде вирустық инфекцияның дамуына кедергі жасайды. Вирустар-қабаты, ферментті жүйесі жоқ жасушаішілік паразит. Дәрілік заттар ретінде қолданылатын вирустарға қарсы заттар:
Синтетикалық заттар
- Нуклеозидтердің аналогтары – зудовудин, ацикловир, видарабин, ганцикловир, трифлуридин, идоксуридин ж.т.б.
- Пептидтер туындысы – саквинавир.
- Адамантан туындысы – мидантан, ремантадин.
- Индолкарбон туындысы – арбидол.
- Фосфонқұмырсқа қышқылының туындысы – фоскарнет.
- Тиосемикарбазон туындысы – метисазон.
Нуклеозидтердің синтетикалық туындысы болып табылатын, әсері таңдамалы герпеске қарсы заттарды алу үлкен жетістіктердің бірі. Берілген топтың белсенділігі жоғары препараттарының қатарына ацикловир жатады. Химиялық құрылымы бойынша бұл пуриндік нуклеозидтің аналогы. Инфицирленген жасушада ацикловир вирустық киназалар әсерінен вирусқа қарсы әсер көрсететін үшфосфатқа айналады. Вирусқа қарсы әсері вирустың ДНҚ - полимеразасын тежеуімен байланысты. Сонымен қатар ацикловир үшфосфат ДНҚ тізбегіне еніп, оның өсуін тоқтатады. Нәтижесінде вирустық геномның репликациясы тежеледі, вирусқа қарсы әсер дамиды. Асқазан - ішек жолдарынан ацикловирдің сіңуі толық емес. Жоғарғы концентрациясы 1-2 сағ кейін анықталады. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы жақсы өтеді.
Негізінен жай ұшықта көздің, жыныс жолдарының және басқа ағзалардың герпестік зақымдауында, кейде белдеме теміреткі кезінде, сондай - ақ цитомегаловирустық инфекцияда тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет