Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп-айырысу.
Төлем талап тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және тиеу құжаттарының негізінде келісім-шарт бойынша жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді. Төлем талап тапсырмаларын төлем жасаушы банкке жазып, жабдықтаушының банкіне тізімдемемен бірге төрт дана етіп береді. Жабдықтаушының банкі барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, талап-тапсырманы сатып алушының банкіне жібереді, екінші данасы жабдықтаушыға қайтарылады. Сатып алушының банкі талап-тапсырманы алған соң, оны тіркейді, барлық даналарға алынған күнді қойып шығады (жоғарыда оң жақта) және оны төлем жасаушыға келісімін алу үшін береді.
Төлем талап тапсырмасын толық немесе ішінара төлеуге келіскенде төлем жасаушы барлық даналарға шотқа билік жүргізуге уәкілеттілігі бар адамдардың қолын қойғызумен және мөр басумен рәсімдеп, оны қызмет көрсетуші банкке өткізеді, олардың:
біріншісі – төлем төлеушінің шотынан қаражатты есептеп шығару үшін негіз болады жғне операция жүргізілгеннен кейін банк құжаттарына тігіледі;
екіншісі – жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке жіберіледі;
үшіншісі – тиеу құжаттарымен бірге тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге және есепке қабылдануына болатындығын растайтын қолхат ретінде төлем жасаушыға қайтарылады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысанадығы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы бланктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын ғрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойлып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
төлем тапсырмасының нөмірі;
төлем тапсырмасының жазылған күні;
жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);
жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
бенефициардың коды (БК немесе КБЕ) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОД) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады:
біріншісі- резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
бенефициар – аудару жасалғанкезде ақша қаражатын алушы;
банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен жайы көрсетіледі;
бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген идентификацияланған банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үшін символдан (белгілерден) тұрады;
бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
валюталанған күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез-келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен, ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімінен кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында талаптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына, х-жалақы төлеуге арналған, банк мекемелеріне аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс ұйымдары ұйымдарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп-айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлнеді. Бірінші – депозиттермен қамтылған, ал екінші – қамтылған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкті белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқықығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан “бүлінген” деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай көріністер анықталса:
егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
чектің мерзімі өтіп кетсе;
төлем құжаттарында жасанды жазулардыңбелгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);
чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен ем болмауы керек);
чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жызылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуі тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі – банкте қалса;
екіншісі – көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі – Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі – чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу.
Көлік ұйымдарының тапсырыс берушілермен (жүк жөнелтушілермен немесе жүк алушылармен) жүк тасмалдағаны үшін, сондай-ақ көліктік-экспедициялық қызмет көрсетулері үшін орталықтандырылған есеп айырысулары жиынтық талаптар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Айыппұлдар жөніндегі сома жиынтық талапқа енгізілмеуге тиіс. Көлік қызметіне тапсырыс жасаушыларға қызмет көрсетуші банк мекемесі тиісті шоттан қаражаттың депоненттелгенін, көлік ұйымдарының қызметіне ақы төлеу тапсырыс берушінің тиісті шотынан бұл шотта уақытша қаражат болмаған кезде банктің кепілділігінің жүзеге асырылғандығын куәландыратын кепілділікті анықтама береді. Анықтаманың күшінде болу мерзімі тараптардың келісім-шартымен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |