І – тарау. Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру


Касса операцияларының есебі



бет5/16
Дата05.04.2023
өлшемі493 Kb.
#471743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
kur -aqsha-qarazhattyrynn-esebi-men-auditin-zhurgizudi-zhetildiru-zholdaryink-zhshs-materialdary-negizinde

1.2 Касса операцияларының есебі

Әрбір ұйымдардың шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек.


Кассир материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілік туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақымен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады. “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі бекіткен кассалық операциялар жүргізу тәртібі №24 “ХАС” сәйкес жүргізіледі. Шаруашылық субъектінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін шаруашылық субъектінің касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Толтырылған чекке шаруашылық субъектінің бас бухгалтері мен басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады. Сонымен банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні шаруашылық субъектінің кассасына кіріске алынуға тиіс. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң, оны кассалық кітапқа жазу керек. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) “Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша” деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындардың кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің түбіртегі беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қыбылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне шаруашылықтың аты, ақша төлеуші адамның немесе субъектінің аты-жөні қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақша төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен басқа да құжаттармен ресімделген. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасы: теңгені жазумен – сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық ордері қосымша беттерде көрсетіледі.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе “Депозитке салынады” деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі, тізімдемеде нақты төлеген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, степендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі.
Касса ордерлері ақшаны қабылдау мен беру олардың рәсімделген күніне ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын, олардың дұрыс рәсімделуін, ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен күнін, айы мен жылын көрсете отырып “Алынды” немесе “төленді” деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (№КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігіледі және оған сүргі салынуға тиіс, ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабында әрбір парағы тек екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады, екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыршалы емес бөлігінің бет жағынан (“басталған күніне дейінгі қалдығы” деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақты қойылатын сызық бөлігіме қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады. Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. “Соның ішінде жалақы ” деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі. Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөнінде құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассирдің, бас бухгалтердің қолы қойылуы керек.
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 (451) – “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоты дебеттеліп мына төмендегі шоттары кредиттелінеді:
1040 (441) – “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша”шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
1250 (333) – “Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары” қызметкерлердің есебінде сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
6010 (701) – “Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс”, 6030 (702) – “сатып алынған тауарларды сатудан түскен табыс”,
1010 (451) – шоты кредиттелінеді және мына төмендегі шоттары дебеттеледі;
3350 (681) – “қызметкерлер, жұмысшылармен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” шоты, шаруашылық субъектісінің қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
1250 (333) – “Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты шаруашылық субъекті қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
1040 (441) – “Есеп айырысу шотындағы нақты ақша” шоты – шаруашылық субъектісінің есеп айырысу шотында өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсіміің сомасына.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет