Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі.
1010 (452) – “Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай. Кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырған.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта түскен кезде 1010 (452)- “шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі”;
1050 (431) – “Ел ішіндегі валютаның шоттағы қолма-қол ақша” шоты валюта шотынан валюта түскен кезде;
1210 (301) – “Алынуға тиісті қарыздар” кассаға алынған валюта түсімінің сомасы;
1250 (333) – “Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта сомаларына;
Валюта кассасына валюта берген кезде – 1010 (452) кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі.
1250 (333) - “Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
1050 (431) – “Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты валюта шотына өткізілген валюта сомасына;
7430 (844) – “Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар” шоты-тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына;
Субъектінің операциялық, кассасындағы нақты ақша есебі. Тауар кеңселері, айлақтардағы және пайдалану учаскелеріндегі, аялдама күзеттеріндегі, өзен өткелдеріндегі, кемелер кассаларындағы, кемежайлар, айлақтар, бекеттер, теңдеме жүк кассаларындағы, байланыс бөлемшелері және т.с.с. кассаларындағы ақша қаражаттарының нақты бары мен қозғалысының есебі 1010 (451) – “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша” шотының “Операциялық кассадағы нақты ақша” аралық шотыда жүргізіледі. Операциялық кассадағы операциялар 1010 (451) немесе 1020 (452) – шоттарындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі. Ақша операциялық кассаға түскен кезде 1010 (451) немесе 1020 (452) –шоттарының, “Операциялық кассадағы нақты ақша” аралық шоты дебеттеледі және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
6010 (701) – “Дайын өнімдер (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен кіріс”, 704 – “Көлік ұйымдарының жүктер мен жолдаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс” шоттары және басқа да шоттар – кассаға алынған түсімнің сомасына;
1210 (301) – “алынуға тиісті қарыздар” шоты- сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түсім қаражатын өткізгенде – 1010 (451) немесе 1020 (452) – шоттар, дебеттеледі, ал 1010 (451), 1020 (452) шоттардың “Операциялық кассадағы нақта ақша” аралық шоты кредиттеледі.
Операциялық касса бойынша жеке касса кітабы жүргізіледі, жеке машинограмма немесе басқа есеп регистрі ашылуы мүмкін.
Нақты ақшадан басқа кассада акциялар, мемлекеттік займдар, қатаң түрдегі есеп-беру бланкілері сақталуы мүмкін. Қатаң түрдегі бланкілерге: асханада тағам, диеталық тағам, емдеу-алдын алу тағамын алуға берілетін абонементтер, қызметкерлерге тегін беруге арналған талондар және т.б. жатады.
Қатаң түрдегі есеп-беру бланкілерінің жетіспеуінен субектіге келген зиян олардың номиналды құнын негізге ала отырып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |