Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.
Өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген есеп-айрысулар деп борышкерлер мен несие берушілердің бір-біріне қойылған талаптары мен міндеттемелері тең сомада өтелетін және осы талаптар мен міндеттемелердің арасындағы айырмаға ғана төлем жасалатын нақты ақшасыз есеп-айырысулар жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп-айырысуларды банктер субъектілердің өтініші бойынша нақты тиелінген немесе босатылған тауарлы-материалдық құндылықтар және негізгі қызметі бойынша көрсетілген қызметтер үшін жүргізеді.
Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда, ұсынылғаннан кейін белгілі бір уақытта, вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе бір уақытқа белгіленген аударма вексельді ұстаушы вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп-айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанымен бірдей болып есептелінеді.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күніндегі бағам бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын жергілікті валютада төлеу мерзімі келген күнгі бағаммен төлеуді талап етеді.
Вексель ұстаушылар индосанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады.
акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
егер де төлем жасаушы вексельді акцептегіні немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп алынған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз болмаған жағдайда;
вексель беруші ацепте жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға регрестік талабы (иск) вексель бойынша мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту факті куәландыратын актімен расталады.
Акцептемеу қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатылады. Бірақ бұл қарсылық алдын-ала тіркеуден өте керек, онсыз оның күші болмайды.
Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойындағыдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да, немесе төлем жасаушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола тұрса да, немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.
Төлем жасаушы оның вексельді акцептелуіне немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда, вексель ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот шешімін ұсынуы керек.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушінің акцептемеу немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінің ішінде “шығынсыз айналым” деп хабарланған жағдайда, онда оның қабыл алынуы мүмкін. Әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі екі жұмыс күнінің ішінде алдыңғы хабарламаны жібергендердің аттары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссатына одан әрі вексель берушіге алынған сәттен бастап жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық белдірген жағдайда нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.
Вексель беруші индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол қойылған “шығынсыз айналым”, “қарсылықсыз” деген немесе басқадай мағыналас сөздар арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босатады. Бірақ вексель беруші енгізген ескертуге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірсе, онда қарсылық бойынша қажет шығындар өз қолдарын қойған барлық адамдардан талап етеді. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индосаттаушылардың барлығы немесе онда аваль қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндетті болып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға құқылы.
Вексель ұстаушы өзі талап қойған адамнан мыналарды: аударма вексельдің акцептелмеген немесе төленбеген сомасын, пайызымен қоса, егер олар белгіленген болса, вексель сомасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын ала алады, қарсылық білдіру бойынша шығындарын хабарлама жіберген кезінен бастап талап ете алады. Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасының 0,01 пайызы мөлшерінде коммисиондық шығындарын да енгізе алады. Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель сомасынан есептік пайызы бойынша ұсталады. Бұл есептік пайызы вексель ұстаушы тұратын жердегі талап қойылған күнгі, ресми есептік мөлшермесі бойынша есептеледі.
Аударма вексельге ақы төленген тұлға оның алдында жауап беретін тұлғалардан мыналарды:
өзі төлеген барлық сомасын;
аталған сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің пайыздары;
өзі төлеген шығыстарды талап ете алады;
Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғалар жай және аударма вексельді өзара есеп-айырысуда пайдалануға құқылы, бұл ретте ол тиісті шартта көзделген және “Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы” заңға қайшы келмесе болғаны.
Байланыс мекемелері инкассаға қабылдаған вексельдерді жөнелту тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып, шығарылған нормативтік құқықтық актілермен және байланыс, мекемесімен және есеп кеңесінің арасындағы шартпен белгіленеді.
Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру “Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы” заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Аударма вексель мен аударма вексельдің индоссамент үлгісі төменде көрсетілген:
Кесте 1
Вексель
|
___________________________________теңгеге
сомасы цифрмен
вексельмен жасалған күні, орны
төлем жасаушының толық аты мен мекен-жайы
_________________________________________
ұйымнан (азаматтан) осы вексель үшін мына мөлшерінде ақша төлеуді сұраймын_____
__________________________________________________________________________________
сомасы жазбаша түрде тікелей ұйымға (азаматқа)__________________________________________________________________________________________________________________
(алушының толық аты мен мекен-жайы) немесе оның бұйрығы бойынша кез-келген басқа ұйымға (азаматқа)_____________________
_________________________________________
бұл вексель мынадай мерзімде төленуге тиіс___
_________________________________________
төлем жасау орны вексель берушінің аты-жөні, мекен-жайы
_________________________________________
Ұйым атына вексельге қол қойған адамның лауазымының атауы
|
Аударма вексель (тратта)
Аваль үшін вексельдік кепіл
Кім үшін берілді:
Авальшының қолы__________
Күні______________________
Акцепті (төлем жасауға) қабылдау үшін қабылдаған сомасы______________________________________________
Акцептанттың қолы_________
Күні______________________
|
Вексель берушінің қолы____________________________
Ұйымның мөрі___________________________________
|
Аударма вексельдің индоссаменті
Вексель бойынша талап берілді.
____________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлға, мекен-жайы корреспондеттік және есеп айырысу шоты)
М.О.Индоссанттың қолы_______________________________________________
заңды немесе жеке тұлға, мекен-жайы корр.және есеп айырысу шоты
Вексель бойынша талап берілді.
____________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлға, мекен-жайы корреспондеттік және есеп айырысу шоты)
М.О.Индоссаменттің қолы__________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның аты)
|
Вексельдің бланкін сатып алған кезде олар өзінің нақты өзіндік құны бойынша 7210 (821) шоттың дебетінде және 3310 (671) шоттың немесе 3390 (687) шоттың кредитіне көрсетіледі. Ал жедел есеп кезінде шартты бағасы бойынша – 006-шы “Қатаң есеп беру бланкілері” деген баланстан тыс шоттарды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |