Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


АЖ-дің өзге де топтастырылуы



бет14/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

3.7 АЖ-дің өзге де топтастырылуы




Автоматтандыру дәрежесі бойынша топтастыру.
Ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне байланысты фирманың басқару жүйесінде ақпараттық жүйелер қол, автоматикалық және автоматтандырылған (сур. 13) деп анықталады.


Қолмен АЖ ақпаратты өндірудің қазіргі кездегі техникалық құралдардың жоқтығымен және барлық операцияны адамның орындауымен сипатталады. Мысалы, компьютері жоқ фирмадағы менеджердің қызметі туралы қол АЖ-мен жұмыс істеп жатқанын айтуға болады.

Автоматикалық АЖ адам қатысуысыз ақпаратты өндіру бойынша барлық операцияларды орындайды.

Автоматтандырылған АЖ ақпаратты өндеу процесінде адамның да, техникалық құрылғылардың да қатысуын болжайды, бірақ негізгі рөлі компьютерге беріледі.


Сурет 13. Әртүрлі белгілер бойынша ақпараттық жүйелерді топтастыру
ААЖ-де басқару процесін ұйымдастыруында кең қолданысын ескере отырып, әр түрлі нұсқалары бар және ақпаратты қолдану сипаты бойынша мен қолдану саласы бойынша топтастырылуы мүмкін.

Мысалы. Төлем ақыны есептеу кезінде ақпараттық жүйеде бухгалтердің рөлі алғашқы мәліметтерді беруден тұрады. Ақпараттық жүйе оларды алдын ала белгілі алгоритм бойынша өңдейді және нәтижелік ақпараттық ведомость түрінде басып шығарады.

Ақпаратты қолдану сипаты бойынша топтастыру

Ақпараттық-іздеуші жүйелері (сур.13) мәліметтерді күрделі өзгертулерсіз пайдаланушының сұранысы бойынша ақпаратты енгізеді, жүйелендіреді, сақтайды, береді. Мысалы, кітапханадағы, билет сатудың темір жол және авиа кассаларының ақпараттық-іздеу жүйелері.

Ақпараттық-шешуші жүйелер нақты алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Олардың ішінен екі класты бөлуге болады: басқаратын және кеңес беретін.

Басқаратын АЖ оның негізінде адам шешім қабылдайтын ақпаратты өндіреді. Мұндай жүйелер үшін есеп-қисап түріндегі есептер және үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу тән. Мысал ретінде өнімді шығарудың жедел жоспарлау жүйесін, бухгалтерлік есептеу жүйесін қарастыруға болады.

Кеңес беретін АЖ адамның назарына алынатын және тез арада нақты әрекеттер сериясына ауыспайтын ақпараттарды өндіреді. Бұл жүйелер зерденің өте жоғарғы дәрежесіне ие, өйткені оларға мәліметтерді емес, білімдерді өңдеу керек.
Мысалы. Аурудың диагнозын қою және емдеу процедурасын анықтайтын медициналық АЖ бар. Мұндай жүйемен жұмыс істегенде дәрігер алынған ақпаратты ескеруі мүмкін, бірақ ұсынылған шешіммен салыстырғанда басқасын ұсынуы мүмкін.


Қолдану саласы бойынша топтастыру.

Ұйымдастырушылық басқарудағы АЖ (13 суретті қара) басқарушылық қызметкерлер құрамының функциясын автоматтандыру үшін керек. Бұл класқа өнеркәсіптік фирмалар сияқты басқарудың ақпараттық жүйелері, сондай-ақ өнеркәсіптік емес объектілері де жатады: қонақ үйлер, банкілер, сауда фирмалары және т.б.
Мұндай жүйелердің негізгі функциялары мыналар: жедел бақылау және реттеу, жедел есеп және талдау, болашағы бар және жедел жоспарлау, бухгалтерлік есеп, өтімді басқару және басқа да экономикалық пен ұйымдастырушылық міндеттер.


Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың АЖ өндірістік қызметкерлер құрамының функциясын автоматтандыру үшін керек. Олар толассыз сызықты ұйымдастыру, микросхемаларды дайындау, металлургиялық және машина жасайтын өнеркәсіпте технологиялық процесті қолдау үшін кең қолданылады.

Автоматтандырылған жобалаудың АЖ (АЖАЖ) жаңа техника мен технологияны құру кезінде инженер-жобалаушылардың, конструкторлардың, архитекторлардың, дизайнерлердің функцияларын автоматтандыру үшін керек. Мұндай жүйелердің негізгі функциялары: инженерлік есептеулер, графикалық құжаттаманы құру (сызба, схема, жоспарларды), жобалық құжаттаманы құру, жобаланатын объектілерді модельдеу.

Интеграцияланған (корпоративті) АЖ фирманың барлық функцияларын автоматтандыру үшін қолданылады және жобалаудан бастап өнімнің өтіміне дейінгі барлық жұмыс циклын қамтиды. Мұндай түрдегі жүйелерді құру өте қиындырақ, өйткені ол негізгі мақсат жағынан жүйелік тәсілді талап етеді, мысалы пайданы алу, өтім нарығын жаулап алу және т.б. Мұндай тәсіл фирма құрлымының өзінде маңызды өзгерістерге әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет