Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері



бет15/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары

    1. Жүйе дегеніміз не ?


    2. Жүйенің элементіне, күйіне, байланысына, өзгеріс барысына аңықтама беріңіз.


    3. Ішкі жүйе дегеніміз не?


    4. Жүйеге мысал келтіріңіз, ондағы элементтер мен ішкі жүйені белгілеңіз және оның құрлымын сипаттаңыз.


    5. Жүйелік ыңғай дегеніміз не?


    6. Жүйе үшін сыртқы орта дегеніміз не? Жүйенің қоршаған сыртқы ортамен байланысын көрсетіңіз.


    7. Ақпараттық жүйе дегеніміз не? Автоматтандырылған ақпараттық жүйе дегеніміз не?


    8. Ақпараттық жүйелердің даму кезеңдерін сипатта.


    9. Ақпараттық жүйелердегі процестер.


    10. Қамтамасыз ететін ішкі жүйелердің қандай типтерін білесіз? Олардың әрбіреуіне анықтама беріп, мысал келтіріңіз.


    11. АЖ есептердің құрылымдық белгілері қалай топтастырылады?


    12. Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің түрлерін ата.


    13. АЖ қызмет ету белгілері және басқару деңгейлері бойынша қалай топтастырылады?


    14. Ақпараттық жүйелердің түрлерін атаңыз.


    15. Ақпараттық жүйелердің қандай өзге де топтастырылуын білесіз?


4 Ақпараттық технологиялар

4.1 Ақпараттық технология. Ақпараттық технология ұғымы




Технология – өндіріс процестерінде шикізаттарды өңдеу тәсілдері мен өнімдерді дайындау жолдарының өзара байланысты жүйесі. Процесс дегеніміз қойылған мақсатқа жетуге бағытталған нақты әрекеттер жиыны. Процесс адам таңдап алған стратегиямен аңықталуы керек және әр түрлі әдістер мен құралдар жинтығы арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Материалдық өндіріс технологиясы (МӨТ) дегеніміз шикізат пен материалдың түрін, қасиетін, жағдайын өзгерту, дайындау, өңдеу әдістері мен құралдардың жиынтығымен анықталатын процесс.
Технология материалдық өнімді алу үшін материяның алғашқы күйі мен сапасын өзгертеді (сур.14).


Сурет 14. Ақпараттық технология материалдық ресурстарды өндіру технологиясының аналогы ретінде
Ақпаратты мұнай, газ және т.б. материалдық ресурстар түрлерімен салыстырғанда, қоғамның бағалы ресурстарының бірі болып табылады. Сондықтан, материалдық өндіру процесіне қарағанда, оның өндіру процессін технология ретінде қабылдауға болады. Онда келесі анықтама әділ.

Ақпараттық технология (АТ) – ақпараттық ресурстарды қолдану процесін жеңілдетуге, олардың қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға бағытталған, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату жұмыстарын атқаратын технологиялық тізбекке біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің және программалық – техникалық құралдардың жиынтығы.

МӨТ-ның мақсаты — адам немесе жүйенің қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді шығару.

АТ-ның мақсаты – адамға талдау жасау және оның негізінде қандай да бір әрекеттің орындалуына шешімді қабылдау үшін ақпаратты өндіру.

Бірдей материалдық ресурсқа әр түрлі технологияны қолданғанда, әр түрлі бұйым мен өнімдерді алуға болатыны белгілі.



Мысалы. Математикадан бақылау жұмысын орындау кезінде әрбір студент алғашқы ақпаратты өңдеу үшін өз технологиясын қолданады (есептің алғашқы мәліметтері). Ақпараттық өнім (есептің шешу нәтижесі) студент таңдап алған шешу технологиясына байланысты болады. Әдетте, қолмен жасау ақпараттық технологиясы пайдаланылады. Егер де, мұндай есептерді шеше алатын компьютерлік ақпараттық технологиясын қолдансақ, онда ақпараттық өнімнің сапасы басқаша болады.
2 кестеде технологияның екі түрін салыстырудың негізгі компоненттері көрсетілген.
Кесте 2. Технологияның негізгі компонеттерінің салыстыруы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет