Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері


Өнімдерді өндіру үшін технология компоненттері



бет16/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

Өнімдерді өндіру үшін технология компоненттері


материалдық


ақпараттық

Шикізат пен материалдарды дайындау


Мәліметтерді немесе алғашқы ақпаратты жинау


Кесте 2. Жалғасы


Материалдық өнімді өндіру


Өндірілген өнімді тұтынушыларға сату

Мәліметтерді өңдеу және нәтижелік ақпараты алу


Нәтижелік ақпарат негізінде шешімді қабылдау үшін пайдаланушыға беру





Жаңа ақпараттық технология.
Ақпараттық технология қоғамның ақпараттық ресурстарын қолдану процесінің маңызды бөлігі. Қазіргі уақытта ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден өтті. Оның ауысуы ғылыми –техникалық прогрестің дамуымен, ақпаратты өндірудің жаңа техникалық құралдарының пайда болуымен анықталды. Қазіргі қоғамда ақпаратты өңдеу технологиясының негізгі техникалық құралдары - дербес компьютерлер. Ол технологиялық процестерді құру және қолдану концепциясына, сонымен қатар нәтижелік ақпараттық сапасына да әсер етті. Ақпараттық салаға дербес компьютерді енгізу және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану, жаңа ақпараттық технология дамуының жаңа кезеңін анықтады және нәтижесінде "жаңа", "компьютерлік" немесе "қазіргі кездегі" синонимдердің бірін қосу арқылы атаулары өзгерді.
Жаңа ақпараттық технология түсінігіне ақпаратты әр түрлі құралдармен жіберуді қамтамасыз ететін, әсіресе телефон, телеграф, факс және т.б. коммуникациондық технологиялар енгізілген.
3 кестеде жаңа ақпараттық технологияның негізгі сипаттамалары көрсетілген.
Кесте 3. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі сипаттамалары

Әдіснама


Негізгі белгі


Нәтиже

Принципті тұрғыда ақпаратты өңдеудің жаңа құралдары
Тұтас технологиялық жүйелер

Ақпараттың мақсатты құрылуы, жіберілуі, сақталуы және бейнелеуі


Басқару технологиясының “Ішіне жасау”


Мамандар мен менеджерлердің функцияларының бірігуі
Әлеуметтік ортаның заңдылықтарын есепке алу

Коммуникацияның жаңа технологиясы


Ақпаратты өңдеудің жаңа технологиясы
Басқару шешімдерді қабылдаудың жаңа технологиясы



Жаңа ақпараттық технология – дербес компьютерлер мен телекоммуникациялық құралдарын қолданатын, пайдаланушының «достық» интерфейсімен жұмыс жасау ақпараттық технологиясы.
"Компьютерлік" сөзін тіркеу оны жүзеге асырудың негізгі техникалық құралдары компьютер болып саналатының көрсетеді.
Жаңа ақпараттық технологияның үш негізгі принципі бар:
  • компьютермен жұмыс істеудің интерактивті режимі;


  • басқа бағдарламалық өнімдермен өзара байланысы;


  • мәліметтер, сондай – ақ есеп қойылымының өзгеру процесінің икемділігі.


Шамасы, компьютерлік ақпараттық технология термині емес, жаңа термині дәліректеу болады. Өйткені, оның құрлымында компьютерді қолдануға негізделген технологияны ғана емес, басқа да техникалық құралдарда, әсіресе теллекоммуникацияны қамтамасыз ететін құралдарда негізделген технологияларды бейнелейді.


Ақпараттық технологияның құрал-сайманы.
Материалдық өндірістің технологиялық процесі әр түрлі техникалық құралдар көмегімен жүзеге асады. Оған мыналар жатады: жабдықтар, станоктар, құрал-саймандар және т.с.с.
Ұқсастығына қарай ақпараттық технологияларда да осындай ұқсас құралдар болу керек. Ақпаратты өндірудің мұндай техникалық құралдары осы процестің аппараттық, бағдарламалық және математикалық жасақтамалары болады. Олардың көмегімен алғашқы ақпаратты жаңа сапалы ақпаратқа қайта өндіру жүргізіледі. Бұл құралдардың ортасынан бағдарламалық өнімді жеке белгілеп алып, оны ақпараттық технологияның бағдарламалық құрал-сайманы деп атаймыз.


Ақпараттық жүйенің құрал-сайманы – нақты компьютер түріне арналған бір немесе бірнеше өзара байланысқан бағдарламалық өнімдер, оның жұмыс технологиясы пайдаланушының қойған мақсатына жетуге мүмкіндік береді.
Дербес компьютерлер үшін құрал-сайман негізінде келесі бағдарламалық өнімдер түрлерін қолдануға болады: мәтіндік процессорды (редактор), электрондық кестені, мәліметтер базасын басқару жүйесін, электрондық жазба кітапшасын, электрондық күнтізбені, функционалдық міндеттегі ақпараттық жүйелерді (қаржылық, бухгалтерлік, маркетинг үшін және басқалар), сарапшы жүйелерді және т.б.


Ақпараттық технология мен ақпараттық жүйенің қатынасы.
АТ оған негізгі орта болатын АЖ-мен тығыз байланысты. Алғашқыда оқулықта енгізілген ақпараттық технология мен ақпараттық жүйе анықтамалары бір – біріне өзара ұқсас сияқты болып көрінеді. Бірақ ол олай емес.
АТ компьютерде сақталынып тұрған мәліметтермен орындалатын операциялардың, іс - әрекеттердің, әр түрлі қиын дәрежедегі кезеңдердің дәл регламенті белгіленген орындалу ережесінен тұратын процесс. АТ-ның негізгі мақсаты – алғашқы ақпаратты өндіру кезінде мақсатты әрекеттер нәтижесінде пайдаланушы үшін қажетті ақпаратты алу.
Ақпараттық жүйе компьютерлер, компьютерлік желілер, бағдарламалық өнімдер, мәліметтер базасы, адамдар, әр түрлі техникалық және программалық байланыс құрылғылары және т.б. элементтерден тұратын орта. АЖ-нің негізгі мақсаты – ақпаратты сақтау мен жіберуді ұйымдастыру. Ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеудің адам – компьютерлік жүйесі болып табылады.
Ақпараттық жүйенің функциясын іске асыру оған ақпараттық технологиялармен бағытталған білімсіз мүмкін емес. Ақпараттық технология ақпараттық жүйе саласынан тыс та болуы мүмкін.
Сөйтіп, ақпараттық технология ақпараттық қоғамда ақпаратты түрлендіру процестері туралы қазіргі кездегі ұғымды көрсететін ең кең түсінігі. Екі басқарушылық және компьютерлік ақпараттық технологияларды біріктіру ақпараттық жүйенің табысты жұмысының кепілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет